Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі


үнемдейтін құрылыс материалдарының



Pdf көрінісі
бет24/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   243
үнемдейтін құрылыс материалдарының өндірісі ашылды. Энергия үнемдеудің инженерлік 
жабдықтары жылу алмастырғыштар, жылу сорғылары (Ақмола облысы және ШҚО) ретінде 
өндіріледі. Сондай-ақ, бүкіл әлемде техникалық оқшаулау бойынша көшбасшылар төрттігінің 
өкілдерінің бірі болып саналатын көбіктенген полиэтилен шығарылады (ШҚО).
Бүгінгі күні энергия үнемдейтін «құрғақ тәсілмен» технологиясымен цемент өндіретін 4 
цемент зауыты пайдалануға берілді»:: «Мыңарал Тас компани» ЖШС, «Стандарт цемент» 
ЖШС, «ACIG» АҚ, «Қазақцемент» ЖШС. 
«Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдамада қойылған міндеттерді іске асыру 
үшін мынадай шаралар қабылданды:
1) «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» заң негізінде заңнамалық 
база қалыптастырылды»;
2) ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі Кодекстің 17-тарауында энергия үнемдеу 
және энергия тиімділігін арттыру бөлігінде заңнама талаптарын бұзғаны үшін айыппұл 
санкциялары белгіленген;
3) 16 өңірлік энергия үнемдеу жоспары, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» және оның еншілес 
компанияларының энергия үнемдеу бағдарламасы іске асырылады;
4) Заңның негізгі жүйелік тетіктерінің бірі – Мемлекеттік энергетикалық тізілім (МЭТ) 


44 
құрылды және жұмыс істейді;
5) қажетті кадрларды даярлау және ғылымды дамыту үшін осы бағытта 18 энергия 
үнемдеу оқу орталығы ашылды. 500-ден астам маман дайындалды;
6) елдегі энергия үнемдеудің барлық процестерін әзірлейтін және үйлестіретін жүйелік 
оператор ретінде Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты құрылды; 
7) энергия тиімділігі нарығында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру 
саласындағы қызметпен 159 энергия аудиторлық ұйым айналысады, 350-ден астам энергия 
аудиторы аттестатталды;
8) халықаралық ынтымақтастық шеңберінде Германия мен Жапонияның алдыңғы қатарлы 
тәжірибесі қабылданып, Неміс энергетикалық агенттігі және Жапонияның энергия тиімділігі 
орталығы (102 маман Жапонияда оқу курсынан өтті) арқылы қабылдануда, ДБ, ЕҚДБ, БҰҰДБ, 
АДБ-мен бірлескен жобалар іске асырылуда; 
9) ДАМУ Қоры және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму 
министрлігі БҰҰДБ қолдауымен қаржылық ынталандыру және қолдау шаралары арқылы 
энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жобаларын қолдаудың институционалдық 
негізін құрды; 
10) Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы 
(ХЖТИЖО) энергия тиімділігі мәселелерін қамтитын ең жақсы қолжетімді технологияларды 
(ЕҚТ) енгізумен айналысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет