45
ілгерілету» жобасын іске асыру аяқталды, оның шеңберінде Ақмола облысының 4 мектебін,
ШҚО 3 мектебін, Лисаков, Сәтпаев, Орал, Ақтау, Алматы, Нұр-Сұлтан қ. МЖД кіреберістерін
жарықтандыру жаңғыртылды (3200 дана шам ауыстырылды). Жоба аясында 5 пилоттық өңірде
(Ақсу қ., Павлодар қ., Ақсуат а., Арнасай а., Петропавловск қ.) көшені жарықтандыру жүйесін
жаңғырту жүргізілді, ол жерлерде автоматты басқару жүйесінің элементтері бар LED негізінде
энергиялық тиімді жарықтандыру жабдығы орнатылды. Еліміздің 9 медициналық мекемесінде
30 млн. теңгеден астам сомаға жарықтандыруды жаңғырту жүргізілді.
3. 2015 жылдан бастап БҰҰДБ Жаһандық Экологиялық Қордың қаржылық қолдауымен
ҚР Үкіметімен бірлесіп «Төмен көміртекті дамуға арналған тұрақты қалалар» жобасын
орындайды, оның шеңберінде іріктелген 15 пилоттық қалаға олардың қалалық шаруашылық
жүйелерінде (жылу тұтыну, жарықтандыру, сумен жабдықтау, кәріз, ғимараттар және т. б.)
төмен көміртекті (энергия тиімді) жобаларды дайындау және іске асыруда техникалық және
әдіснамалық қолдау көрсетіледі.
4. 2014 - 2017 жылдары климаттың өзгеруін тежеу жөніндегі Халықаралық даму жөніндегі
американдық агенттіктің (USAID) Қазақстандық бағдарламасымен энергетикалық менеджмент
және мониторинг жүйелерін (СЭММ) әзірлеу бойынша 24 пилоттық жоба іске асырылды.
Қазіргі уақытта USAID Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының 3
денсаулық сақтау объектілерінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы энергия
сервистік жобалардың іске қосылуына жәрдем көрсетуде.
5. 2017 жылы Үкімет пен БҰҰДБ-ның 3,5 млн, АҚШ долларына «Қазақстандағы электр
тұрмыстық аспаптары мен жабдықтарының энергия тиімділігінің стандарттары, сертификаттау
және таңбалау» жаңа жобасын іске асыру басталды. Бұл жобаның мақсаты энергия тиімді
аспаптар мен жабдықтарды қолдану үшін отандық нарықты трансформациялау, сондай-ақ
энергия тиімділігі бойынша ең төменгі және ең жоғары стандарттарды әзірлеу болып табылады.
2018
жылы
энергия
аудиторларына
арналған
электр
қозғалтқыштары
мен
трансформаторларының экспресс-энергия аудиттерін жүргізу бойынша әдіснамалық құрал
әзірленді, «Тұтынушылардың энергия тиімді жабдықтар мен аспаптардың артықшылықтары
туралы хабардар болуы» әлеуметтік зерттеуі жүргізілді. 50 жергілікті сынақ зертханаларының
ішінен қажетті аспаптармен жабдықтау/толық жарақтандыру бойынша одан әрі бірлескен
жұмыс бойынша 6 зертхана айқындалды.
Достарыңызбен бөлісу: