Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі



Pdf көрінісі
бет56/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   243
 
 
1.7.2-сурет. 
Климат өзгерістеріне қарсы шаралардың тиімділігі рейтингісінің 
қорытындысы
Күтпеген жерден Үндістан алдыңғы қатарлы елдердің алғашқы ондығында болып шықты, 
ол жаңартылатын энергия көздеріне елеулі қаражат салды және 2030 жылға қарай олардың 
есебінен энергия тұтынудың 40%-ын қамтамасыз етуге ниетті. Соңғы орынға АҚШ ие болды, 
өйткені Париж келісімінен шықпақшы. 
2020 жылдың басында 2050 жылға қарай нөлдік шығарындыларға қол жеткізу ниеті 
туралы БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясының 120 тарабы, 15 
субұлттық аймақ, 398 қала, 786 кәсіпорын және 16 инвестор жария етті. Дания, Франция, 
Жаңа Зеландия, Швеция және Ұлыбритания бұл міндеттемені заңнамада бекітті. Еуропалық 
одақ 2019 жылы "Жасыл мәміле" (eugreendeal) деп аталатын декарбондаудың бәрін қамтитын 
96
https://www.dw.com/ru/%D0%B3%D0%B5%D1%80%D0%BC%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D1%8F-
%D1%81%D0%B8%D0%BB%D1%8C%D0%BD%D0%BE-
%D0%BE%D1%82%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%B5%D1%82-%D0%B2-
%D0%BC%D0%B8%D1%80%D0%BE%D0%B2%D0%BE%D0%BC-
%D0%BA%D0%BB%D0%B8%D0%BC%D0%B0%D1%82%D0%B8%D1%87%D0%B5%D1%81%D0%BA%D0%
BE%D0%BC-%D1%80%D0%B5%D0%B9%D1%82%D0%B8%D0%BD%D0%B3%D0%B5/a-51631530
 


105 
жоспарын қабылдады. Бұл жоспардың бір бөлігі ЕО экономикасының барлық секторларында 
ПГ шығарындыларын реттеуді қатаңдату және неғұрлым көміртекті өнім импортын 
көміртекті реттеу жүйесін енгізу болып табылады. Осы мәмілеге сәйкес 2020 жылы ЕО-ның 
көміртекті-бейтарап континентінің қалыптасуын реттейтін Климаттық заң жобасы әзірленді.
Халықаралық 
сарапшылардың 
пікірінше,
97
Қазақстан 
парниктік 
газдар 
шығарындыларының жаһандық көзі ретінде өзінің экологиялық ізін төмендету үшін үлкен 
әлеуетке ие. Алайда, Қазақстанда климаттың өзгеруі проблемаларын шешуге тікелей 
бағытталған ұлттық саясаттың және тиісінше заңнамалық актілердің, осы мәселелер бойынша 
нақты стратегиялық құжаттың болмауы климаттың өзгеруі мәселелеріне жан-жақты тануға 
және оның энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және қала құрылысын жобалау 
сияқты түрлі салалар үшін кешенді маңыздылығын беруге мүмкіндік бермейді.
Осыған 
байланысты Қазақстан Үкіметіне төмендегілер ұсынылды:
(а) климаттың өзгеруі мәселелері жөніндегі стратегиялық құжатты әзірлеу және қабылдау; 
(b) облыстар мен қалаларды климаттың өзгеру аспектілерін өздерінің даму 
бағдарламаларына енгізуге ынталандыру; 
(c) бейімдеу жөніндегі жергілікті жоспарларды әзірлеуге және жүзеге асыруға 
жәрдемдесу; 
(d) климаттың өзгеру проблемалары салалық стратегиялық құжаттарға, жоспарлар мен 
бағдарламаларға, атап айтқанда, тұрғын үй құрылысы, көлік, ауыл шаруашылығы, қала 
құрылысын жобалау, денсаулық сақтау, энергетика және өнеркәсіп, оның ішінде тау-кен өндіру 
саласы салаларында айтарлықтай дәрежеде интеграциялануын қамтамасыз ету.
Сондай-ақ, халықаралық сарапшылар Қазақстандағы экономиканың көптеген секторлары 
үшін экологиялық, әлеуметтік және әртүрлі көздерден болатын басқа да әсерлерді, сондай-ақ 
климаттың өзгеру салдарын және нәтижесінде туындайтын климатқа әсерді жұмсарту және осы 
сектор үшін климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шараларды әзірлеу қажеттілігін 
ескеретін неғұрлым стратегиялық пайымның жалпы болмауымен сипатталатынын атап өтті.
Сондықтан Қазақстан Үкіметіне төмендегілер ұсынылады:
(a) климаттың өзгеру аспектілерін ескеретін орнықты даму саласындағы негізделген және 
үйлестірілген саясатты әзірлеу үшін көмекші құрал ретінде стратегиялық экологиялық 
бағалауды (СЭҚ) енгізу; 
(b) климаттың өзгеру аспектілері (зілзала қаупінің төмендеуімен байланысты әсерді 
жұмсарту және бейімдеу) СЭҚ-ның құрамдас бөлігі болуын қамтамасыз ету; 
(с) ұлттық және облыстық деңгейлерде тау-кен өндіру саласын және басқа да салаларды 
қоса алғанда, тұрғын үй шаруашылығы, көлік, ауыл шаруашылығы, жер пайдалану, қалалық 
даму, энергетика және өнеркәсіп саласындағы стратегиялық құжаттарға қатысты СЭҚ жүргізуді 
қамтамасыз ету.
Климатқа әсерді жұмсарту сценарийлері Қазақстан 2030 жылға қарай ПГ 
шығарындыларын 1990 жылмен салыстырғанда 15%-ға қысқартуды қамтамасыз ету бойынша 
өз мақсатына қолданыстағы және қосымша шаралар қабылданған жағдайда ғана қол жеткізе 
алатындығын көрсетеді. Бұл ретте Дүниежүзілік банк Қазақстанға ЖІӨ өсімінің 1%-ға өсуі
болжамының негізінде климатқа әсерді жұмсарту сценарийлерін өзектендіруді және жеке және 
нақты стратегиялар мен жоспарлар әзірлеуді ұсынады. Сондай-ақ, төмендегі шараларды
орындау қажет:
(а) қазіргі уақытта жеткілікті көңіл бөлінбейтін секторлардан (көлік, қала аумақтары, 
тұрғын үй, қалдықтарды басқару, коммерциялық қызмет) ПГ шығарындыларын азайтуға қосқан 
үлесін ескеру. 
(в) базалық желі / базалық бөлу әдісінен бас тарта отырып, Қазақстанда шығарындыларға 
квоталар саудасы жүйесін нығайту; 
(с) шығарындыларды қысқартудағы прогрестің мониторингі үшін кешенді жоспарлар, 
нақты іс-шаралар мен көрсеткіштер әзірлеуді қоса алғанда, Қазақстанға жатпайтын 
секторлардағы шығарындыларға қатысты шаралар қабылдау; 
97
Қазақстанның экологиялық қызметінің нәтижелілігіне үшінші шолу. БҰҰ ЕЭК. 2018 ж. 


106 
(d) неғұрлым орнықты технологияларға көшуді ынталандыру мақсатында тұрғын үй 
шаруашылығы және коммерциялық сектор сияқты секторлар үшін көміртегі салығын енгізу;
(e) энергия тұтынудың нөлдік деңгейі іс жүзінде бар ғимараттар үшін халықаралық 
стандарттарға сәйкес энергия тиімділігін арттыруға және жаңа және қолданыстағы ғимараттар 
үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды кеңейтуге бағытталған нормативтік 
құжаттарды қайта қарау; 
(f) көмірді пайдалануға ішінара балама ретінде фотоэлектрлік құрылғылар, геотермалдық 
жылу сорғылары және биогаз қондырғылары сияқты жаңартылатын энергия көздерін енгізуді 
ынталандыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет