Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі


«Жасыл экономика» мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық



Pdf көрінісі
бет80/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   243
1.11. «Жасыл экономика» мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық 
 
Халықаралық экологиялық мәдениет пен білім беруді қалыптастыруда Қазақстанда 
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу маңызды мәнге ие болды. Бұрындары осындай 
ауқымдағы халықаралық көрме Орталық Азия өңірінде және ТМД-да өткізілмеген. 


158 
ЭКСПО-2017 - Халықаралық көрме бюросының (ХКБ) қолдауымен 2017 жылғы 10 
маусым мен 10 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өткен Халықаралық 
мамандандырылған көрме. Осы уақыт ішінде көрмеге 4 млн-ға жуық адам келді. Мұнда 40 
мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғалары болды, ал өз өнімдерін ондаған компаниялар 
ұсынды. Жалпы алғанда көрмеге 115 ел мен 22 халықаралық ұйым қатысты.
120
Қазақстан таңдаған «Болашақ энергиясы» тақырыбы жаңартылатын энергия көздеріне 
біртіндеп көшу қажеттілігі туралы әлемдік трендке жауап береді. «Болашақ энергиясы» жобасы 
тұрақты даму идеологиясына негізделген, ол мәдени әртүрлілік пен қоршаған ортаның 
тазалығын сақтай отырып, экономикалық және әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыруға 
бағытталған процесс ретінде түсіндіріледі. «Болашақ энергиясы», сондай-ақ, жауапты және 
тиімді тәсілді болжайтын адамзаттың базалық құндылықтарының бірі ретінде энергияға 
қатысты ақпараттандыруды арттыруды көздейді.
ЭКСПО-2017 Болашақ энергиясын өндіру, бөлу және пайдалану жөніндегі тұрақты 
жоспарды құру мен іске асыруға әркімнің жеке жауапкершілігі мен жеке қатысуы туралы 
идеяға баса назар аударды. Экспо-2017 аясында Инженерлері мен ғалымдардың WSEC-2017 
«Болашақ энергиясы: инновациялық сценарийлер және оларды жүзеге асыру» дүниежүзілік 
конгресі және көптеген басқа да іс-шаралар өтті. 
«Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасын (ЖКСБ) одан әрі іске асыру мақсатында ҚР 
Премьер - Министрінің бірінші орынбасары А.Ұ.Мамин бекіткен 2018-2020 жылдар кезеңіне 
ЖКСБ одан әрі ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспары (Жол картасы) орындалады. 
2018 жылдың қорытындысы бойынша «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы бойынша 
Хартияға 16 ел (Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Грузия, Германия, Моңғолия, Беларусь, 
Черногория, Латвия Республикасы, Албания, Финляндия, Венгрия, Болгария, Швеция, Испания, 
Польша) және 16 үкіметтік емес ұйым кіреді. 
ЭМ ЖКСБ ілгерілету мақсатында 5 ірі халықаралық «Жасыл көпір» конференциясы 
өткізді. Атап айтқанда, 2017 жылғы 12 - 13 шілдеде ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі 
аумағында «Жасыл Көпір» серіктестік бағдарламасы» бесінші халықаралық форумы өтті. 
Форум аясында төмен көміртекті технологиялар мен Париж климаттық келісімін жүзеге 
асырудағы саясат және «жасыл» қаржыны жұмылдыру мәселелері талқыланды. Австриялық 
технологиялар институты мен KaukoInternational Group фин компаниясымен Жасыл 
технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Сондай-ақ ЖКСБ шеңберінде тұрақты даму саласындағы басымдықтарды бірлесіп 
орындау бойынша ЭМ мен АТМЭӘК арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол 
қойылды.
АХҚО алаңында жасыл қаржы жүйесін дамыту шеңберінде 2017 жылы жасыл 
қаржыландыру құралдары мен қағидаттарын енгізу және дамыту жөніндегі тұжырымдама, 
сондай-ақ АХҚО-ның жасыл қаржы саласындағы өңірлік көшбасшылығының стратегиясы 
қабылданды. Құрамына АХҚО Басқарушысы, ЕҚДБ өкілдері, Climate Bonds Initiate және 
Research Center for Green Finance Development of Tsinghua University кіретін жасыл қаржы 
жөніндегі АХҚО кеңесі құрылды.
Сондай-ақ, 2018 жылдың ақпан айында АХҚО биржасымен капитал нарықтарының 
халықаралық 
қауымдастығының 
(International 
Capital 
Market 
Association) 
жасыл 
облигацияларының қағидалары мен климаттық облигациялар бастамасы халықаралық 
ұйымының (Climate Bonds Initiative) ережелері негізінде әзірленген жасыл облигацияларды 
шығару және айналысқа шығару қағидалары қабылданды. 2019 жылдың сәуірінде АХҚО 
биржасы «Белдеу және жол» бағдарламасы аясында жасыл инвестициялау қағидаттарына қол 
қойды. 
2018 жылдың маусымында АХҚО жасыл қаржы орталығы құрылды, ол қазіргі уақытта 
Қазақстандағы алғашқы жасыл облигацияларды шығару тұрғысынан әлеуетті эмитенттермен 
келіссөздер жүргізуде. Сондай-ақ, Орталық нарық қатысушыларына арналған семинарлар мен 
тренингтер өткізеді. Айталық, 2019 жылғы 21 - 22 мамыр күндері қаржы нарығының 
120
 https://www.inform.kz/ru/itogi-ekspo-2017-predstavili-v-mezhdunarodnom-byuro-vystavok_a3072543
 


159 
қатысушылары үшін жасыл облигацияларды шығару бойынша Climate Bonds Initiate екі күндік 
тренинг өтті. Осы іс-шаралардың мақсаты-жасыл облигациялар нарығының белсенді 
қатысушылары болуға ниет білдірген немесе қызмет атқаратын мамандар қауымдастығын 
дайындау болып табылады.
Сонымен қатар, Орталық жасыл қаржыны дамыту үшін заңнамалық база құру бойынша 
жұмыс жүргізуде, атап айтқанда ҚР жаңа экологиялық кодексіне «жасыл жобалар», «жасыл 
таксономия», «жасыл қаржыландыру»анықтамаларын енгізу бойынша ұсыныстар енгізілді.
2019 жылдың 1 сәуірінде АХҚО алаңында Қытайдың жасыл қаржы жүйесін әзірлеуші, 
Халық Банкі Басқарушысының арнайы кеңесшісі, сондай-ақ Қытайдың жасыл қаржы жөніндегі 
комитетінің төрағасы болып табылатын жасыл қаржы жөніндегі ХФСА Кеңесінің мүшесі Д-ром 
Ма Джуннің қатысуымен Қазақстан Республикасы үшін жасыл қаржы таксономиясын әзірлеуге 
арналған семинар өтті. Оның қатысуымен Қытай мен Моңғолияға арналған жасыл 
таксономиялар жасалды. 
Жасыл таксономия жасыл қаржыландыруды дамыту үшін негіз болып табылады, ол 
экономикалық қызмет түрлері мен іріктеудің техникалық критерийлеріне сәйкес келетін 
жобаларды жіктеудің үйлестірілген жүйесі болып табылады. 
Жергілікті ерекшелікті ескере отырып, егжей–тегжейлі жіктеу қаржы жүйесінің барлық 
қатысушылары, атап айтқанда, жобалардың «жасыл» мазмұны мен дәрежесін айқындау кезінде 
инвесторлар мен кредиторлар үшін, сондай-ақ жасыл қаржы ағындарын мониторингілеу мен 
ынталандыру үшін қаржылық реттеуіш үшін ортақ және түсінікті тіл болуға тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет