Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі


ТДМ 4. Барлық барлық адамдар үшін өмір бойы толық және әділ сапалы білім беруді қамтамасыз ету



Pdf көрінісі
бет78/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   243
ТДМ 4. Барлық барлық адамдар үшін өмір бойы толық және әділ сапалы білім беруді қамтамасыз ету 
және оқу мүмкіндігін көтермелеу
 
4.7-міндет 2030 жылға 
қарай барлық оқушылар 
тұрақты 
дамуға 
жәрдемдесу үшін қажетті 
білім мен дағдыларды, 
оның ішінде тұрақты 
даму және тұрақты өмір 
салты, адам құқықтары, 
гендерлік 
теңдік, 
бейбітшілік пен зорлық-
зомбылық 
мәдениетін 
насихаттау, бейбітшілік 
азаматтығы және мәдени 
әртүрлілік құндылығын 
ұғыну және мәдениеттің 
тұрақты дамуға қосқан 
үлесі 
мәселелері 
бойынша оқыту арқылы 
меңгеруін 
қамтамасыз 
ету 
4.7.1 i) Дүниежүзілік 
заматтық 
рухында 
тәрбиелеу 
және 
ii) 
гендерлік теңдік пен 
адам құқығын қоса 
алғанда, 
тұрақты 
дамуды 
насихаттау, 
барлық деңгейлерде: a) 
білім 
беру 
саласындағы 
ұлттық 
саясатта, 
b) 
оқу 
бағдарламаларында, c) 
мұғалімдер 
даярлау 
бағдарламаларында 
және d) оқушыларды 
аттестаттау 
жүйесіндегі мәртебе 
Қоғамдық-
пайдалы 
қызметке 
тартылған 
ЖОО 
студенттері 
үшін 
Мониторинг қажет Халықаралық 
көрсеткіштерге 
сәйкес 
көрсеткіштер 
қажет 
 
Болашаққа арналған жоспарлар.
10 жылдан бері Қазақстан бастауыш біліммен қамтудың жоғары көрсеткіштері
ересектердің сауаттылығы, 5-сыныпқа дейін білім алған оқушылардың үлесі және гендерлік 
теңдіктің арқасында ЮНЕСКО-ның білім беруді дамыту индексі бойынша әлемнің үздік 8 
елінің қатарына кіреді. Алайда, талданған 78 ұлттық оқу бағдарламасының 47%-ында ғана 
«экологиялық білім беру» термині айтылады.
ЭЫДҰ сарапшылары Қазақстанның білім алуына жоғары білікті мамандарды даярлау 
жөніндегі жұмысты жетілдіру қажеттігін атап өтті. Олар ресми білім беру шегінен шығып, 
шағын және орта бизнестің дамуын ескере отырып, менеджмент деңгейін жоғарылатуды және 
кәсіби дағдыларды қалыптастыруды күшейтуді ұсынады. Жоғарыда аталғандардың барлығы 
тиісінше экологиялық білімге қатысты.
Қазіргі уақытта қол жетімді көздердің тізбесін реттеу және жекелеген көздерден ақпарат 
іздеу тәсілдерін, ақпаратты кейіннен өңдеу тәсілдерін, қол жетімділікті қамтамасыз ету 
тәсілдерін және ақпараттың қол жетімсіздігінің салдары болып табылатын проблемаларды 
айқындау туралы мәселе шешілмеген. Жеке көздердің сенімділігіне байланысты тәуекелдерді 
анықтау өте маңызды аспект болып табылады. Бұл ретте тиімді тетік – ведомствоаралық 
ақпараттық-талдау орталығын құру қажетті қадам болып табылады. 
Қол жетімді ақпаратты пайдалану мүмкіндігі болу үшін стратегиялық шешімдер қабылдау 
үшін ақпаратты жинайтын және өңдейтін арнайы жүйені әзірлеу қажет. Стратегиялық 
шешімдерді қабылдау үшін ақпараттық-қамтамасыз ету жүйесін құрудың маңызды сәті 
117
Қазақстанның экологиялық қызметінің нәтижелілігіне үшінші шолу. БҰҰ ЕЭК. 2018 ж. 


155 
стратегияны қалыптастыру және іске асыру үшін ақпарат алу контексінде қазіргі заманғы 
басқару есебінің құралдарын талдау болып табылады.
2011 жылы ҚР Ғылым және білім министрлігі мен Дүниежүзілік банк ашық конкурстық 
негізде іріктелген ғалымдардың ведомствоаралық топтары өткізетін ғылыми зерттеулердің 
тиімділігі мен коммерциялық маңыздылығын арттыруды көрсету үшін «Технологияларды 
коммерцияландыру» пилоттық жобасын іске қосты. 110 млн АҚШ доллары мөлшерінде 
бюджетпен жобаның келесі кезеңі (2014 – 2020 жж.) кіші ғылыми қызметкерлер топтары үшін 
гранттар беруге, мемлекеттік-жеке көпжақты консорциумдар құруға, технологияларды 
коммерцияландыру циклін шоғырландыруға, ұлттық инновациялық жүйені үйлестіруді 
күшейтуге және мониторинг, бағалау, ақпараттандыру деңгейін арттыру және әлеуетті 
дамыту саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін жобаны іске асыру жөніндегі топ құруға 
бағытталған. Су ресурстары, атап айтқанда, суды тазарту зерттеу салалары қатарына кіреді.
Биоалуантүрлілікті сақтаудың пәрменді тетіктерінің бірі ақпараттық және ғылыми 
қамтамасыз ету жүйесін дамыту, биологиялық ресурстарды сақтау және орнықты пайдалану 
саласында мемлекеттік органдар мен жұртшылық өкілдерін ағарту деңгейін арттыру, осы 
саладағы мәселелерді шешуге жұртшылықтың қатысуын қамтамасыз ету болып табылады. Осы 
өлшемдерге қол жеткізу үшін бірінші кезекте толық ауқымды ақпараттық компания қажет, 
оның мақсаты қарапайым адамнан бастап мемлекеттік органдардың өкілдеріне дейін 
экожүйелерді сақтау және биологиялық ресурстарды тұрақты пайдалану мәселелерін 
барлығымызға дейін жеткізу болуға тиіс. Ақпараттың өзектілігіне, оның шынайылығына 
маңызды рөл беріледі.
Қазіргі жағдай мыналармен сипатталады: халықтың әр түрлі топтарында әлеуметтік, 
діни, ұлттық ерекшеліктердің алуан түрлілігімен; табиғатқа тұтынушылық қарым-қатынастың 
басым болуымен, табиғи ресурстарды пайдалануға бағытталуымен, биологиялық 
сауаттылықтың төмен деңгейімен және биоалуандықты сақтаудың маңыздылығын түсінудің 
болмауымен; әлеуметтік және экономикалық реформалар жағдайында қоғамдық пікірдің тез 
өзгеруімен байланысты.
 
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары жаңа орта 
мерзімді стратегиялық құжат болып табылады, ол «Өңірлердің экономикалық дербестігін 
қамтамасыз ету» міндетін қамтиды, оның шешімі Айтидің 18 нысаналы міндетіне 
жәрдемдесетін болады.
118
Осы міндет шеңберінде 5.4 «Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын 
одан әрі нығайту» бастамасы көзделеді. Халық саны 2 мың адамнан асатын аудандық маңызы 
бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде және ауылдық округтерде дербес бюджет және жергілікті 
өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі енгізілетін болады. 2020 жылдан бастап бұл 
нормалар барлық елді мекендерде қолданылатын болады. Бұл халықты жергілікті маңызы бар 
мәселелерді шешуге тартуға мүмкіндік береді. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер 
және ауылдық округтер деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілді органын құру мәселесі 
пысықталатын болады, бұл жергілікті қоғамдастыққа бюджетті бекітуге қатысуға мүмкіндік 
береді. Сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару бюджеттерінің кіріс көздерін одан әрі ұлғайту 
мәселесі пысықталатын болады. Бюджеттік процесс бөлігінде мәслихаттардың құзыретін 
арттыру жөніндегі шаралар іске асырылатын болады.
6-реформа шеңберінде. Қоғамдық сананы жаңғырту 6.3 «Халық арасында «экологиялық» 
мәдениетті дамыту» бастамасы көзделеді. Табиғи ресурстарды жеке қолданған кезде де, 
өндірістік мақсатта тұтыну кезінде ұтымды пайдалануға бағытталған ақпараттық-насихаттау 
қызметі жүзеге асырылатын болады.
«Ұлттық бірегейлікті сақтау» басымдығы шеңберінде Ұлттық дәстүрлер мен әдет-
ғұрыптарды, тілді, музыка мен әдебиетті сақтаудың маңыздылығы көрсетіледі және 6.10 
«Қазақстанның сакралды географиясы» жобасын ұйымдастыру» бастамасы көзделеді, киелі 
орындар бойынша ішкі және сыртқы мәдени-туристік бағыттар іске қосылады, олардың елде 
және әлемде кеңінен танымал болуы қамтамасыз етіледі және 6.11 «Өлкетану жұмысын 
118
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы №636 Жарлығымен бекітілген 
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары 


156 
ұйымдастыру және әлеуметтік бастамаларды қолдау» бастамасы көзделеді. Осы бастама 
шеңберінде білім беру, экология және абаттандыру, өңірлік тарихты зерттеу, мәдени-тарихи 
ескерткіштер мен жергілікті маңызы бар мәдени объектілерді қалпына келтіру саласында 
өлкетану жұмыстары ұйымдастырылатын болады. Сондай-ақ, шағын отанын қолдау үшін 
бизнесмендер, шенеуніктер, зиялы қауым өкілдері мен жастар атынан ұсынылған әлеуметтік 
бастамаларға жәрдем көрсетіледі. 
2020 жылы Білім және ғылым министрлігі мен БҰҰ Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) 
Қазақстанда экологиялық білім беруді дамыту жобасын іске қосты. Жобаның мақсаты-тұрақты 
даму қағидаттарымен бекітілген азаматтардың белсенді өмірлік ұстанымын және қоғамның 
экологиялық мәдениетін қалыптастыру бойынша Үкімет қабылдайтын шараларды қолдау. 
Жобаның негізгі нәтижесі 6 мыңнан астам педагог даярлау және қоршаған ортаны қорғау, 
табиғатты пайдалану және экологиялық және экономикалық қауіпсіздік саласындағы оқу-
әдістемелік құралдарды әзірлеу болады
119

Жоба шеңберінде әр түрлі деңгейдегі 17 білім беру ұйымы жасыл және ресурс үнемдейтін 
технологиялармен жарақтандырылады; мектепке дейінгі білім беру ұйымдары үшін 
экологиялық мәдениет бойынша әдістемелік материалдар дайындалады; "дүниетану" пәні 
бойынша 1-4 сынып оқушылары тақырыптық үстел ойындары мен интерактивті 
бейнесабақтарды пайдалана алады. 
Бірлескен бастама барлық деңгейдегі мемлекеттік білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі 
болатын тұрақты даму үшін үздіксіз экологиялық білім берудің кешенді моделін құрудан 
басталады. 
Жоба заңнаманы жетілдіру және Қазақстанның білім беру жүйесіне экологиялық білім 
беруді енгізу үшін құқықтық шеңберлер құру арқылы мемлекеттің және жаһандық әлемнің 
толыққанды және тұрақты дамуы үшін табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану үшін қажетті 
қоғамда экологиялық жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған. Экологиялық білім беру 
климаттың өзгеруі, биоалуантүрлілікті сақтау, ұтымды тұтыну және өндіріс сияқты орнықты 
даму саласындағы жаһандық күн тәртібінің аса маңызды аспектілерін қамтитын болады. 
Жобаны іске асыруға (2020- 2024 ж.) ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар 
министрлігі, «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» 
КЕАҚ көмек көрсетеді. 
Қазақстан 
Президенті 
Қасым-Жомарт 
Тоқаев 
2020 
жылдың 
шілдесінде 
Қазақстандықтардың табиғаттағы демалыс орындарындағы мәдениетсіздігіне наразылық 
білдірді: "Азаматтардың табиғатта демалу орындарында мәдениетсіздік жалғасуда. Ерекше 
"қызғылт" түсті Көбейтұз көліне тигізген орны толмас зиян отандастарымыздың наразылығын 
туғызды. Бұл жағымсыз фактілер жас ұрпақты экологиялық ағарту мәселесін тағы да бас 
көрсетіп отыр. Білім, экология, ақпарат министрліктері бұл міндетті басым міндет ретінде 
қарастыруы тиіс", - деп жазды Тоқаев Twitter-де (дереккөз: www.kt.kz). Бұған дейін Мемлекет 
басшысы еліміздің мектептерінде балаларға экологиялық білім беру пәнін енгізуді ұсынды: 
"Бізге мектептерде балаларға экологиялық білім беру пәнін енгізу керек", - деді Тоқаев 2020 
жылғы 9 шілдедегі Үкіметтің кеңейтілген отырысында. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет