Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі


Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі туралы



Pdf көрінісі
бет81/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   243
1.12. Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі туралы 
тұжырымдамасының айқындаушы параметрлерін түзету жөніндегі ұсыныстар 
 
2012 жылдан бастап Қазақстанда стратегиялық құжаттар санының қысқару үрдісі 
байқалады, бұл қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы 
стратегиялық жоспарлауға теріс әсерін тигізді. 
"Жасыл экономикаға" көшу тұжырымдамасы табиғат қорғау саласы үшін "құтқару 
шлюпкасына" айналды. Сонымен қатар, Тұжырымдама көптеген экологиялық проблемаларды 
(мысалы, экологиялық реттеу, биоәртүрлілік, экожүйелер, ормандар) қамтымайды. Қазақстан 
заңнамасына он жыл бұрын енгізілген экологиялық заңнаманың кейбір озық тұжырымдамалары 
(мысалы, кешенді рұқсаттар, экологиялық аудит немесе экологиялық сақтандыру) әлі тиісті 
түрде жұмыс істемейді. Тұжырымдама қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша 
толыққанды стратегиялық құжат болуды мақсат етіп қойған жоқ және оны алмастыра алмайды. 
Бұдан басқа, тұжырымдаманы және оның іс-шаралар жоспарын іске асыру үшін мақсатты 
мемлекеттік қаржыландыру бөлінбейді.
Жасыл экономика экологиялық проблемаларды шешудің жетекші бағыттарының бірі 
болуы керек, бірақ ол - жеткіліксіз. Жасыл экономиканың қазіргі заманғы тәсілдері дәстүрлі 
экологиялық реттеумен салыстырғанда экономикалық шаралардың пәрменділігін көрсетеді. 
Оларды енгізудің әсері тек экология үшін ғана емес, экономика үшін де, әлеуметтік сала үшін 
де алынады. Өкінішке орай, «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасында мұндай 
экономикалық шаралар қарастырылмаған.
Нәтижесінде халықаралық жағдайды талдау Қазақстанның тек дамыған ғана емес, 
дамушы елдердің "жасыл экономикаға" көшу трендтерінен едәуір артта қалғанын көрсетеді. 
Бұл әсіресе жаңартылатын энергия көздерін дамытуға және энергия үнемдеуге қатысты, бұл 
парниктік газдар шығарындыларының айтарлықтай төмендеуіне әкеледі. Қазақстан 
органикалық ауыл шаруашылығының, акваөсіру мен суды үнемдеудің даму деңгейі, өндіріс 


160 
және тұтыну қалдықтарын қайта өңдеу, ЕҚТА желісін дамыту және орман өсіру бойынша 
едәуір артта қалып отыр. 
Дүниежүзілік Банктің пікірінше, Қазақстан "жасыл" экономикаға және орнықты өсуге 
көшу қажеттігін мойындайды, ЖЭК саласындағы жобаларды және энергия үнемдеуші 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет