Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі



Pdf көрінісі
бет86/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   243
"Жасыл қаржыландыру" өзгертілген Тұжырымдамада жариялануы қажет жаңа бағыт 
болып табылады.
Соңғы жылдары әлемде экологиялық ұтымды инвестицияларды ынталандыруы мүмкін 
банктік реттеуді, зейнетақымен реттеуді, сақтандыруды реттеуді және макропруденциалдық 
тәсілдерді қоса алғанда, қаржы саясаты саласында айтарлықтай ілгерілеуге қол жеткізілді.
124
Жаһандық қаржы жүйесін қайта құру арқылы орнықты дамуға қол жеткізу үшін қажетті қаржы 
ағындарын қайта бөлу жөніндегі ұлттық және халықаралық күш-жігер 2014 жылы Біріккен 
Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасымен (ЮНЕП) басталған тұрақты 
қаржы жүйесін әзірлеу жөніндегі зерттеулермен құжатталған және нығайтылған. Циклдік, 
экологиялық және төмен көміртекті өсуге инвестицияларды ынталандыру және жаһандық 
қаржыландыру мен инвестицияларды 2030 жылға арналған күн тәртібіне сәйкес келтіру үшін 
Үкімет пен реттеуші органдар қаржы нарықтары мен капитал нарықтарын реттейтін "ойын 
ережелеріне" баса назар аударуы тиіс.
2. Қазақстан Республикасының өңірлерінде іс-шараларды іске асыру және "жасыл 
экономикаға" көшу көрсеткіштеріне қол жеткізу 
2.1. Ақмола облысы 
Облыстың аумағы, халқы және ЖӨӨ. ЖӨӨ-дегі өнеркәсіп пен ауыл 
шаруашылығының үлесі. Экономиканы әртараптандыру 
Ақмола облысы ҚР аграрлық аймақтарының бірі болып табылады. ҚР ҰЭМ Статистика 
комитетінің деректері бойынша халық саны 2017 жылдың басында 734,4 мың адамнан 2019 
жылдың басында 738,6 мың адамға дейін өсті, бірақ 2020 жылдың басында 736,7 мың адамға 
дейін төмендеді. Облыс ауыл шаруашылығында, құрамында алтын бар кендерді, уран, машина 
жасау, химия өнеркәсібінде маманданған. 
2017 жылы облыстың ЖӨӨ 1552,7 млн. теңгені құрады, халықтың жан басына шаққанда 
2016 жылға қарай 15,5%- номиналды өсіммен 2107,8 мың теңгені құрады. 2018 жылы облыстың 
ЖӨӨ 1699,9 млрд.теңгеге дейін, жан басына шаққанда – 2301,0 мың теңгеге дейін, ал 2019 
жылы — 1933,6 млрд. теңгеге дейін, ал жан басына шаққанда — 2621,2 мың теңгеге дейін өсті. 
ЖӨӨ өсуі жылына 13-16% құрайды, бұл орташа республикалық деңгейден асады. 
Игеру үшін перспективалы кен орындары құрамында алтын бар кендерді (Васильков кен 
орны, перспективалы кен орындары - Ақсу, Бестөбе, Жолымбет, Кварцит горкалары), темір 
кендерін (Өркен және Масал кен орындары), уранды (Звездное және Глубинное перспективалы 
кен орындары), цемент өндіруге арналған шикізатты (Целиноград, Біржан сал және Зеренді 
аудандарында), кең таралған пайдалы қазбаларды (құрылыс тасы, құм, ПГС, саз және т.б.) 
өндіруді дамыту болып табылады.
Облыс теміржолдардың тығыздығы бойынша 
республикада ең жоғары орында тұр – 1000 шаршы км аумаққа 10,66 км (ҚР бойынша орташа 
– 5,53). Облыс аумағы бойынша халықаралық маңызы бар Алматы-Екатеринбург автожолы 
өтеді.
125
124
Innovative solutions for environmental challenges and sustainable consumption and production. United Nations 
Environment Assembly of the United Nations Environment Programme Fourth session Nairobi, 11–15 March 2019
125
Мұнда және одан әрі 2016-2020 жылдарға арналған Ақмола облысының аумағын дамыту бағдарламасы 
және 2018 және 2019 жылдары оны іске асыру бойынша есептер. 


164 
Көкшетау қаласының әуежайы ИКАО талаптарына сәйкес келеді және әуе кемелерінің 
барлық түрлерін қабылдай алады.
Статистикалық деректер бойынша 2017 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 561290 
млн.теңгені, 2018 жылы – 659726 млн. теңгені

ал 2019 жылы 791162 млн. теңгені құрады.
2019 жылы өнеркәсіп өндірісінің құрылымында өңдеу өнеркәсібі басым бөлігін алып 
отыр, оның көлемі 621930 млн теңгені (81,1%) құрады, бұл 2018 жылдан сәл артты (80,8%). 
Өңірдің өңдеу өнеркәсібі тамақ өнімдерін өндірумен, жеңіл және химия өнеркәсібімен, резеңке 
және пластмасса бұйымдарын өндірумен, өзге де металл емес минералдық өнімдерді өндірумен, 
металлургиямен және машина жасаумен айналысады. Өндіріс көлемін арттыру және жаңа кен 
орындарын игеру мақсатында "Қызылту" мыс-молибден кен орнын (Ерейментау ауданы) игеру 
және қуаты жылына 80 мың тонна "Arai Pro" ЖШС-нің шикі каолин байыту фабрикасы 
салынып жатыр. 
Жалпы Ақмола облысының өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігінің көрсеткіші 
Қазақстан Республикасы бойынша орта есеппен салыстырғанда 2 есе төмен және шамамен 
Солтүстік Қазақстан облысы, Батыс Қазақстан облысы, Қостанай облысы, Қызылорда облысы, 
Оңтүстік Қазақстан облысы сияқты өңірлердің деңгейінде тұр, бұл жерлерде өнімділігі ең 
жоғары секторлардың бірі – мұнай өңдеу саласы жоқ.
2018 жылы ауыл шаруашылығының жалпы шығарылымындағы облыстың үлесі 9% 
құрады (5-орын).
Жыл 
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі, 
млрд теңге 
Өсімдік шаруашылығы, 
млрд. теңге 
Мал шаруашылығы, 
млрд. теңге 
2017 
378,2 
254 
123,3 
2018 
406,7 
268,8 
136,9 
2019 
487,5 
318,2 
167,9 
*ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің деректері 
Өңірдің ауыл шаруашылығының негізгі өнімі дәнді дақылдар болып табылады, олардың 
егіс алқабы Қазақстанда ең үлкен – 4,3 млн.га немесе елдегі барлық егіс алқабының 27,9%. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет