Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі


Ауыл шаруашылығының өнімділігі жоғары әдістерге көшуі. Су шығынын төмендету



Pdf көрінісі
бет87/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   243
Ауыл шаруашылығының өнімділігі жоғары әдістерге көшуі. Су шығынын төмендету 
және шығымдылығын арттыру. Органикалық ауыл шаруашылығын дамыту. 
2017 жылы өткен жылмен салыстырғанда бидай алқабы 3,5%-ға, көкөніс-2,1%-ға 
төмендеді. Майлы дақылдар алқабы 24,1%-ға 272,7 мың га-ға, картоп 0,5%-ға өсті. 
2019 жылы облыс 4,8 млн. га алқапқа жаздық егіс екті, оның ішінде дәнді және дәнді-
бұршақты дақылдар 4,3 млн. га алқапқа егілді.
Майлы дақылдар 260,5 мың га, мал азығы 
дақылдары — 178,2 мың га жерге отырғызылды.
Жалпы, облыс бойынша азықтық егістіктің
жалпы ауданы (өткен жылдардағы көпжылдық шөптерді есепке алғанда) — 677,1 мың га 
құрады.
Халықты есепке ала отырып, картоп пен көкөніс 17,4 мың га және 3,8 мың га алқапта 
отырғызылды. 
Үй шаруашылықтары секторында малдың өнімділігін арттыру мақсатында халықтың, 
шаруа және фермер қожалықтарының табындарында асыл тұқымды малдармен ІҚМ қолдан 
ұрықтандыру және будандастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, ол 2017 жылы 44,8 мың бас 
сиыр мен бұзауды қамтыды. Жалпы облыс бойынша ұрғашы мал басын қамту 21,6% құрады. 
Тұқымдық түрлендіруді жүргізу бойынша іс-шаралар орындалуда. Нәтижесінде 2019 жылғы 23 
тамыздағы жағдай бойынша осы процеске 53,6 мың ұрғашы мал немесе барлық ұрғашы малдың
25,8% тартылды.
Облыс бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегі жайылымдардың көлемі 
4493,4 мың га құрайды, оның ішінде суланған 1370,6 мың га немесе 31%. Қазақстан 
Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2017 жылғы 07 сәуірдегі №154 
бұйрығымен бекітілген жайылымдарды суландыру жөніндегі іс - шаралар жоспары шеңберінде 
2017 жылы қосымша 30 құдық (ұңғыма) салу қажеттілігі болды, 31 құдық (ұңғыма) салынды 
немесе 103%. 


165 
Ақмола облысының жер қорының жалпы ауданы 2017 жылдың соңындағы жағдай 
бойынша 14613,2 мың га құрайды. Облыстың жер қорының жалпы құрылымында ауыл 
шаруашылығы мақсатындағы жерлер 74% немесе 10817,7 мың га құрады және 2016 жылмен 
салыстырғанда 33,8 мың га немесе 0,3%-ға артты.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы 
алқаптарын трансформациялау, тыңайған жерлерді тарту және конкурстық негізде беру 
есебінен егістік алаңы 57,8 мың га (5772,1 мың га) ұлғайды. 2016 жылмен салыстырғанда 
жайылымдардың ұлғаюы (4493,4 мың га) 10,6 мың га (4504,0 мың га) құрады. 
Облыс бойынша бонитеттің орташа балы-30. Мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін 
мамандандырылған ұйымның мәліметтеріне сәйкес, 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 
13179,7 мың га ауыл шаруашылығы алқаптары тозған, оның ішінде қорғалған жерлер ауданы 
2390,8 мың га, тұздалған жерлер – 1556,7 мың га, сортаң жерлер – 3186,2 мың га, жуылған 
жерлер – 562 мың га, азған жерлер – 9,6 мың га, қайта ылғалданған жерлер – 9,6 мың га. 164,5 
мың га, батпақты – 115,6 мың га. 
Ауыл шаруашылығы жерлерінің құрамында шаруа қожалығын жүргізу үшін 
азаматтардың жерлері 22,8% (2469,2 мың га) құрайды. Мемлекеттік ауыл шаруашылық заңды 
тұлғалардың жерлері 0,2% (19,8 мың га) құрайды. Саяжай құрылысы мен бағбандық жүргізу 
үшін азаматтардың жер көлемі 7,0 мың га (0,1%) құрайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет