207
анықтау үшін анемометриялық мұнара орнатылған. Әкімшілік ғимарат пен кірме жолдардың
құрылысы басталды. Нысанды пайдалануға беру 2021 жылға жоспарланған.
2019 жылғы аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша Шығыс Қазақстан
облысының Жарма ауданында жалпы қуаты 29,7 МВт 6 жоба айқындалды. Бүгінгі күні
жобалау-іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және
өткізу қағидаларына сәйкес жел электр станциялары объектілерін салу бойынша жобаларды
іске асыру мерзімі шарт жасалған сәттен бастап 36 айды құрайды.
Алайда, төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның
2020 жылғы 17 сәуірдегі №13 хаттамалық шешіміне
сәйкес құрылыс-монтаждау
жұмыстарының басталуы туралы хабарламаларды және объектілерді пайдалануға қабылдау
актілерін ұсыну мерзімі бір жылдан аспайтын мерзімге ұзартылды.
2015 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысында 2020 жылға дейін энергия үнемдеу
және энергия тиімділігін арттыру бойынша кешенді жоспар іске асырылуда. 2020 жылға қарай
жалпы ішкі өнімнің энергия сыйымдылығын кемінде 25%-ға төмендету бойынша міндет кезең-
кезеңімен шешілуде. Соңғы 3 жылда облыс кәсіпорындарының энергия сыйымдылығы 235 мың
тонна шартты отынға немесе 22% - ға төмендеді.
Сондай-ақ, Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкімен ынтымақтастық шеңберінде
энергетикалық ресурстарды тұтынуды азайтуға бағытталған 4 жоба жүзеге асырылуда. Жобалар
бойынша 56 мың газ разрядты шамдарды энергиялық тиімді шамдарға және 70%-дан астам
тозған инфрақұрылым объектілерін ауыстыру жоспарлануда.
Осы жобаларды іске асыру электр энергиясын тұтынуды 40%-ға дейін қысқартуға және
желілердегі нормативтен тыс ысыраптарды азайтуға мүмкіндік береді. 2020 жылға қарай жалпы
ішкі өнімнің энергия сыйымдылығын кемінде 25%-ға төмендету
бойынша міндет кезең-
кезеңімен шешілуде (2.5.3-кесте).
2.5.3-кесте. Ішкі өңірлік өнімнің энергия сыйымдылығын төмендету және электр энергиясының
жаңартылатын көздерін енгізу
Мақсатты индикаторлар
Жылдар бойынша орындалуы
2017 ж.
2018 ж.
2019 ж.
2020 ж.
жоспар
Жалпы
өңірлік
өнімнің
энергия
сыйымдылығының көрсеткіші, 2000 жылғы
бағалармен мың АҚШ долл. (2013 жылы -0,82)
0,83
0,79
(деректер
2020
жылғы
желтоқсанда
қалыптастырылаты
н болады)
0,61
ЖЭК өндірілген электр энергиясының өндірілген
электр энергиясының жалпы көлеміндегі үлесі,
%
(ірі
гидроэлектростанцияларды
есепке
алғандағы деректер)
75,7
74,3
70,6
3,2
Өнеркәсіп саласы (электр энергетикасын қоса алғанда) өңірде тұтынылатын
энергетикалық ресурстардың жалпы көлемінің 70-80%
орташа тұтынады, қалған көлемдерді
коммуналдық - тұрмыстық сала, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы және т. б. тұтынады.
Өнеркәсіп кәсіпорындары арасында энергияны көп қажет ететін өндіріс "Қазмырыш"
ЖШС бар, онда энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше көңіл
бөлінеді.
"Мемлекеттік энергетикалық тізілімді (МЭТ) қалыптастыру және жүргізу қағидаларын
бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы №143 қаулысына
сәйкес бюджеттік ұйымдар ғимараттарына, сондай-ақ өнеркәсіптік объектілерге, тұрғын үй
құрылыстарына энергетикалық аудит жүргізуге арналған объектілердің тізбесі жасалды. ШҚО
бойынша МЭТ-ке 1348 субъект енгізілген.
Бүгінгі күні облыстың 20 ірі өнеркәсіптік кәсіпорны
энергия аудитін жүргізуді аяқтады және энергия ресурстарын тұтынуды төмендету бойынша іс-
шаралар өткізді.
208
Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі жөніндегі тұжырымдама
аясында облыстың барлық 655 мектебінде 17 418 қыздыру шамы энергия үнемдейтін шамдарға
ауыстырылды.
Еуропа Қайта Құру және Даму Банкімен ынтымақтастық
шеңберінде инфрақұрылымды
жаңғыртуға және энергетикалық ресурстарды тұтынуды азайтуға бағытталған жобаларды іске
асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Атап айтқанда, "Өскемен және Семей қалаларының көше жарықтандыру жүйелерін
жаңғырту "жобасы аясында құны 4,8 млрд.теңге болатын 26 488 шамды энергия тиімді көше
шамдарына ауыстыру жоспарлануда. Аталған жобаларды іске асыру электр энергиясын
тұтынуды 40%-ға дейін қысқартуға немесе жылына шамамен 228 млн. теңгені үнемдеуге
мүмкіндік береді.
ЕҚДБ қарыз қаражаты есебінен жалпы сомасы 20,9 млрд.теңгеге жылумен жабдықтау
және сумен жабдықтау желілерін жаңғырту бойынша жұмыс жүргізілуде. Семей және Өскемен
қалалары бойынша 37,3 км су құбыры және 54,6 км жылумен
жабдықтау желілерін қайта
жаңарту жоспарланған. 2018 жылдан бастап жасалған шарттар шеңберінде жеткізу кестесіне
сәйкес қаражат игерілуде. Жобаларды іске асыру 70% - дан астам тозған инфрақұрылым
объектілерін ауыстыруға бағытталған, бұл жаңа технологияларды қолдану есебінен желілердегі
нормативтен тыс ысыраптарды және энергия ресурстарын тұтынуды азайтуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, облыстың көшені жарықтандыру жүйесіне энергия үнемдейтін
технологиялар енгізілуде. Облыстың барлық қалалары мен аудандарында көше шамдарын
жарықдиодты шамдарға ауыстыру жұмыстары басталды.
Достарыңызбен бөлісу: