Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі



Pdf көрінісі
бет16/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   243
Байланысты:
nd2019kz

 
Органикалық ауыл шаруашылығы саласында 2015 жылдың қараша айында 
«Органикалық өнім өндіру туралы» ҚР Заңы қабылданды. Көптеген сарапшылар бүгінде 
Қазақстанның органикалық ауыл шаруашылығы саласында айтарлықтай әлеуеті бар деп 
санайды.
Елдің барлық аумағында, негізінен, органикалық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді 
көтермелеуге бағытталған бірнеше бастама, атап айтқанда, жергілікті немесе өңірлік ҒӨБ 
жүзеге асырылады, бұл ұлттық стандарттар болмаған жағдайда минералдық тыңайтқыштарды, 
пестицидтерді және ветеринариялық препараттарды пайдаланбай ауыл шаруашылығы 
өнімдерін өндіруді білдіреді. Сонымен қатар, осы бастамалар жергілікті азық-түлік өндірісін 
дамытуға ықпал етеді және дұрыс тамақтануды насихаттайтын жергілікті «эко» брендтерді 
құрады. Қазіргі уақытта «Green Food KZ» маркасын енгізген Жасыл экономика және «G-Global» 
дамыту коалициясы (ҒӨБ ретінде жұмыс істейтін) басқаратын бастама ең маңыздысы болып 
табылады.
БҰҰДБ органикалық өнімдерді сертификаттау мәселелерінде ҚР Үкіметіне ҚХР-да 
қазақстандық балды сертификаттауда және оны сыртқы нарықтарға шығаруда айтарлықтай 
қолдау көрсетті. Қазақстандағы БҰҰ даму бағдарламасы ауыл шаруашылығы министрлігімен 
бірлесіп, қазақстандық органкалық өнімдер үшін «Organic Food» брендінің бірыңғай логотипін 
әзірледі. 
Көптеген халықаралық сарапшылардың пікірінше, Қазақстан аумағында тыңайтқыштар 
мен пестицидтерді пайдаланудың өте төмен деңгейінің арқасында елімізде органикалық ауыл 
шаруашылығын дамыту және органикалық өнім өндіру үшін тамаша жағдайлар қалыптасты, 
алайда осы уақытқа дейін бұл әлеует аз ғана дәрежеде пайдаланылды. Үкімет органикалық 
Ауыл шаруашылығын ауыл шаруашылығының ең перспективалы қосалқы секторларының бірі 
деп таниды. Сонымен бірге, органикалық өнім өндіру саласындағы заңнаманы әзірлеу әлі 
аяқталған жоқ және ұлттық өндіріс стандарттарына, сертификаттауға және таңбалауға қатысты 
заңға тәуелді актілер әзірлеу және Үкіметпен келісу сатысында тұр
29

Топырақ құнарлылығының төмендеу факторларының бірі - минералды және 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет