Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі


Сумен жабдықтау және канализация жағдайы, халықты орталықтандырылған



Pdf көрінісі
бет165/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   243
Сумен жабдықтау және канализация жағдайы, халықты орталықтандырылған 
сумен жабдықтау және су тартумен қамтамасыз ету.
Ағымдағы жағдай бойынша Қызылорда облысында 233 елді мекен бар, оның, 3-еуі – 
қалалық 
(Қызылорда, Арал, Қазалы) 
және 230-ы – ауылдық (АЕМ). Жалпы халық саны – 809,2 
мың адам 
(Байқоңыр қаласын қосқанда- 39 498 адам).
3 қалалық елді мекенде 322 мың адам тұрады, оның ішінде, Қызылорда 
(282,8 мың
адам)
, Арал 
(33,7 мың адам)
, Қазалы 
(5,5 мың адам)
. Орталықтандырылған су жүйесіне қосылу 
үлесі 315,6 мың адам немесе 98%.
Облыстың 234,8 мың халқы бар 96 елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету үш топтық 
су құбырларымен жүзеге асырылады: Арал-Сарыбұлақ, Октябрь және Жиделі: 
- Арал ауданы бойынша 42 елді мекен
- Қазалы ауданы бойынша 22 елді мекен; 
- Қармақшы ауданы бойынша 5 елді мекен; 
- Шиелі ауданы бойынша 19 елді мекен; 
- Жаңақорған ауданы бойынша 8 елді мекен. 
230 АЕМ-нің 
(халық саны 447,8 мың адам)
сумен жабдықталуы төмендегідей: 
- 193-і немесе 84%, халық санымен алғанда 435,7 мың адам немесе 97,1% 
орталықтандырылған су жүйесіне қосылған; 
- 37-сі немесе 16%, халық санымен алғанда 12,1 мың адам немесе 2,9% 
орталықтандырылмаған. 
Орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылу үлесі: 
Қызылорда қаласында 152 726 адам немесе 54%; 
ауылдық елді мекендерде –3 аудан орталықтары 
(Тереңөзек, Шиелі, Әйтеке би)
, халық 
санымен 0,4% 
(1644 адам қосылған)

Облыстың елді мекендерін ауыз сумен қамту бойынша 2018-2019 жылдары
«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі», «Нұрлы жол» бағдарламалары және облыстық 
бюджеттен барлығы 34 жобаға 10 750,8 млн. теңге бөлінді. Нәтижесінде 620,3 км су және 19,1 
км кәріз жүйелері жаңартылды. Оның ішінде: 


255 
2018 жылы 21 жобаға (Қызылорда қаласы - 17 жоба, Қазалы ауданы – 1, Жалағаш 
ауданы – 2, Сырдария ауданы - 1) 3 456,5 млн.теңге бөлінді, 99,9 км ауыз су және 16,6 км кәріз 
желісі;
2019 жылы 13 жобаға (Қызылорда қаласы - Бірқазан, Досан, Қарауылтөбе, Наурыз, 
Сабалақ, е.м, Қорқыт ата, Есенов көшелері, Арал ауданы- Сексеуіл, Қазалы ауданы – Түктібаев, 
Жалағаш ауданы - Жаңадария, Аққыр, Мақпалкөл, Жаңақорған ауданы -1) 7 294,3 млн.тг 
бөлініп, 520,4 км ауыз су және 2,5 км кәріз желісі жаңғыртылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет