268
алюминийі" АҚ (глинозем, электр энергиясын шығару), "Қазақстан электролиз зауыты" АҚ
(өңделмеген алюминий өндіру), "Майкаинзолото" АҚ (түсті
металл кендерін өндіру және
өңдеу) "KSP Steel" ЖШС (жіксіз құбырлар мен болат өндіру), "Кастинг" ЖШС Павлодар
филиалы (болат шығару), "Ergservice" АҚ Павлодар машина жасау зауыты (крандар мен металл
құрылымдарын өндіру), "Павлодар мұнайхимия зауыты" ЖШС (мұнай өнімдерін өндіру, бумен
және сумен жабдықтау), "Қазэнергокабель" АҚ (өткізгіш өнімдерін шығару), "Павлодарэнерго"
АҚ (электр, жылу энергиясын өндіру), "Екібастұз ГРЭС – 2 станциясы" АҚ (электр, жылу
энергиясын өндіру), "Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС (электр, жылу энергиясын өндіру), "Екібастұз
ГРЭС-1" (электр энергиясын өндіру), "KAZ MineralsBozshakol" ЖШС (мыс концентратын, мыс
кенін өндіру) өнеркәсіптік өндірістің барлық көлемінің шамамен 80%-ын қамтамасыз етеді.
Осы кәсіпорындардың өнеркәсіптік өндіріс құрылымында басым болуы өңір экспортының
ресурстық-шикізат бағытталуына себепші болады.
149
Электр энергетикасы өңір экономикасының базалық салаларының бірі болып табылады.
Облыстың энергетикалық кәсіпорындары республиканың 42% электр энергиясын өндіреді.
Облыстың энергетикалық кешені белгіленген жалпы қуаты 8275 МВт 7
жылу электр
станциясын, оның ішінде: Екібастұз ("Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС, "Екібастұз ГРЭС-2 станциясы"
АҚ), Ақсу ("ЕЭК" АҚ) қалаларында Республикалық маңызы бар үш блоктық электр станциясы
және Павлодар ("АК" АҚ ЖЭО, "Павлодарэнерго" АҚ ЖЭО-2 және 3-ЖЭО), Екібастұз
("Павлодарэнерго" АҚ Екібастұз ЖЭО) қалаларында төрт жылу электр орталығы бар. Ақсу
қаласын жылумен жабдықтауды "ТНК Казхром" АҚ РОК-2 АЗФ жүзеге асырады.
Облыстың ЖӨӨ-дегі
ауыл шаруашылығы өндірісі өнімінің үлесі шамамен 5,0%
құрайды. Облыстың жер қоры 12475,5 мың га құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылығы
алқаптары – 11167,5 мың га, оның ішінде егістік – 1331,3 мың га.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің негізгі бағыттары ет, сүт, жұмыртқа, астық,
картоп және көкөніс болып табылады. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің құрылымында
мал шаруашылығы өнімдері басым, орташа үлесі 50%-дан астам.
Статистика комитетінің деректері бойынша 2017 жылы
ауыл шаруашылығының жалпы
өнімінің көлемі 204,4 млрд.теңгені, ал 2018 жылы – 228,5 млрд. теңгені,
ал 2019 жылы мал
шаруашылығының аздаған басымдығымен (54%) — 236,4 млрд.теңгені құрады.
Достарыңызбен бөлісу: