270
мақсатындағы суды тұтынушылар: тұрақты халық, шаруашылық-ауыз су құбыры желілерінен
су тұтынатын өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы кәсіпорындары. Облыс қалаларында 2018
жылдың соңына қарай орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізу 92%-ды және су
тарту 86,5%-ды құрайды.
Облыста сумен жабдықтау желілерінің ұзындығы 2018 жылы 2748,3 км,
және су тарту
желілерінің ұзындығы – 1046,9 км, 2019 жылы — 3200,5 және 1047,4 км (Статистика
комитетінің деректері) құрайды, оның ішінде 2018 жылдың соңына тиісінше – 1127,1 км және
764,1 км, 2019 жылы - 1148,6 км, су тарту желілері — 761,3 км ауыстыруды талап етеді.
Облыста сумен жабдықтау желілері коммуналдық меншікте және жалға беру қызметіне
берілді. Павлодар қаласында су тарту желілері "Павлодар-Водоканал" ЖШС жалға беру
қызметіне берілді, Екібастұз және Ақсу қалаларында желілерге мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорындар қызмет көрсетеді.
2011 жылдан бастап 2017 жылдар аралығында 25 АЕМ сумен жабдықтау объектілері
пайдалануға берілді. Орталықтандырылған сумен жабдықтаумен
қамтылған ауыл халқының
саны көрсетілген кезеңде 93,5 мыңнан 134,6 мың адамға дейін өсті. 2017 жылдың қорытындысы
бойынша 365 ауылдық елді мекеннің 87 АЕМ немесе 23,8% орталықтандырылған сумен
жабдықталған. 278 АЕМ – де орталықтандырылған сумен жабдықтау жоқ, оның ішінде 268 –
орталықсыздандырылған сумен жабдықталады, 10-тасымалдайтын суды қолданады.
2018 жылы жалпы сомасы 15,3 млрд. теңгеге (республикалық бюджеттен 13,1 млрд. теңге
трансферттер және облыстық бюджет есебінен 2,2 млрд. теңге) ауылдық сумен жабдықтаудың
37 жобасын салу және қайта жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілді. 2018 жылдың соңына
дейін
21
объект
бойынша
жұмыстар
аяқталды,
соның
салдарынан
АЕМ-нің
орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізу көрсеткіші 23,8% - дан 29,7% - ға дейін
артты (қосымша 27,2 мың адамды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ете отырып).
2019 жылдың басында 353 ауылдан:
- 105 ауыл немесе 29,7% орталықтандырылған сумен жабдықталған;
- 52 АЕМ суды кешенді блок модульдердің суды тазарту
қондырғысынан пайдаланады;
- 188 ауылсуды жергілікті көздерден пайдаланады (құбырлы, шахталық құдықтар,
ұңғымалар);
- 8 ауыл тасымалданатын суды пайдаланады.
2019 жылы жалпы сомасы 13,0 млрд.теңгеге (республикалық бюджеттен 10,4 млрд. теңге
және облыстық бюджет есебінен 2,6 млрд. теңге) ауылдық сумен жабдықтаудың 52 жобасын
салу және реконструкциялау бойынша жұмыстар жүргізілді. 2019 жылдың соңына дейін 39
нысан бойынша жұмыстар аяқталды, соның салдарынан АЕМ-нің орталықтандырылған сумен
жабдықтауға қол жеткізу көрсеткіші 29,7%-дан 40,1%-ға дейін ұлғайды (сапалы ауыз сумен
қосымша 36,0 мың адамды қамтамасыз етілді).
2019 жылдың қорытындысы бойынша 352 АЕМ-нің:
- 141 АЕМ немесе 40,1% орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген;
- 45 ауыл КБМ-ден тазартылған суды пайдаланады;
- 161 ауыл құбырлы шахталы құдықтардан; ұңғымалардан ауыз суды пайдаланады;;
- 5 ауыл тасымалданатын сумен қамтамасыз етіледі.
Желілер мен құрылыстардың жай-күйін жақсарту мақсатында 2019 жылы "Өңірлерді 2020
жылға дейін дамыту" бағдарламасы шеңберінде 15 жоба іске асырылды. Жобалар шеңберінде
барлығы 33,5 км су тарту желісінің, 34,9 км сумен жабдықтау желісінің және 19 көтеруші сорғы
станциясының құрылысы мен қайта жаңартуы орындалды. Амортизациялық
аударымдар мен
меншікті қаражат есебінен коммуналдық кәсіпорындар 2019 жылы 13,7 км сумен жабдықтау
және 4 км су тарту желілерін күрделі жөндеуден және қайта жаңартудан өтті.
2020 жылы "Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту" бағдарламасы шеңберінде сумен
жабдықтау және су тарту объектілерінде 17 жобаны іске асыру жоспарланған. Жобалар
шеңберінде 22,5 км су тарту желілерін және 27,3 км сумен жабдықтау желілерін салу және
қайта жаңарту орындалатын болады. Амортизациялық аударымдар
мен меншікті қаражат
есебінен коммуналдық кәсіпорындар ағымдағы жылы 22,2 км сумен жабдықтау желілерін және
9 км су бұру желілерін күрделі жөндеу және қайта жаңартуды жоспарлап отыр.