308
•
ЖЭО-1 және "Алматыжылукоммунэнерго" АҚ қазандықтарының шамамен
90%-ы табиғи газбен маусымдық немесе жыл бойы жұмыс істеуге қайта
жабдықталды;
•
ЖЭО-2-де (шығарындылар жылына 31,5 мың т. астам құрайды) 99,5%
тазарту дәрежесі бар жаңа буынды эмульгатормен және азот тотықтарын басуға
арналған жаңғыртылған жанарғылармен №8 жаңа қазандық агрегаты пайдалануға
берілді;
•
АГРС-дан Батыс жылу кешеніне газ құбырын тарту жобасының 2-ші
кезегінің құрылысы аяқталды;
•
Жеке секторды газдандыру бағдарламасын іске асыру жалғасуда, жеке
тұрғын үй секторы табиғи газбен 99% қамтамасыз етілген. Қала маңы аймағында
орналасқан кенттер мен бау-бақша қоғамдарын одан әрі газдандыру мәселесі тұр;
▪ Жол инфрақұрылымын дамыту шеңберінде 4 жолайрығы, 40,2 км
астам жаңа жолдар
салынды, 13,5 км көше ұзартылды, 464,5 км жол және 9 көпір жөнделді. Шағын көлік
жол шеңбері қалыптасты: «Шығыс айналма–Әл-Фараби–Саин–Рысқұлов». 10 көшеде
ұзындығы 33 км болатын бір бағыттағы жол ұйымдастырылды. Бұл қаланың ортасында
«traffictime»
(жолдағы уақыт) уақытты
40 минуттан 15-20 минутқа дейін қысқартуға
және сол бір бағыттағы 10 жолда орташа жылдамдықты 6-дан 15 км/сағатқа дейін
арттыруға мүмкіндік берді;
▪ Тағы да 4 жолайрығының құрылысы жалғастырылуда, ол қаланың солтүстік-шығыс
бөлігінде көлікті өткізу қабілетін арттырады;
▪ Қоғамдық көлік инфрақұрылымы дамытылуда: жедел жүретін автобус көлігінің (BRT)
3
көшеде
дәлізі жасалды, ұзындығы 7,7 км. БРТ бойынша жолаушылар легі 40%-ға
(күніне 100 мыңнан 140 мың жолаушыға дейін) өсті, жолдағы уақыт 32%-ға қысқарды;
▪ Метрополитеннің 1-желісі пайдалануға берілді (9 станция, 10,3 км). Жаңадан ұзындығы
3,1 км болатын 2 станцияның құрылысы жүргізілуде. Күту уақытын қысқарту және
жолаушылар легін арттыру үшін 8 жаңа состав (32 вагон) сатып алынуда, олар метро
бағытына 2020 жылы шығады;
▪ Коғамдық көлікке арналған «арнайы жол жолақтары» енгізілген, бүгінде бұл 122 км
жолды құрайды. Қоғамдық көліктің қозғалу жылдамдығы 22 көшеде 20%-ға артты,
жолаушылар легі 30%-ға артты, жолаушылардың күту уақыты 2 есеге, апатты жағдайлар
40%-ға қысқарды;
▪ Автокөліктерден шығатын улы газдар мен түтін нормасын тексеру үшін 13 экологиялық
бекет ұйымдастырылды. 2019 жылы - 35637 экологиялық нормаларды бұзушылық
анықталған, оның ішінде сырттан келген көлік – 14082 немесе 39,5%. ӘҚБК 334 бабы
бойынша (улы газдар мен түтін нормасын асырғаны үшін) жалпы сомасы 54 млн. 858
мың
теңгеге айыппұл салынған, өндірілгені 21 млн. 468 мың теңге немесе 39,1% (
2018
жылы 40 мың айыппұл, 2017 жылы - 33 464; 2016 ж. - 33 556) салынды, жалпы сомасы
107,5млн. теңгеге әкімшілік айыппұл салынып, 45,5 млн. теңгесі өндірілген (2017 жылы –
160,6 млн., 2016 ж. - 165 млн. теңге).
• Қаланың жасыл қорын сақтау жұмыстары жалғастырылуда: қаланың аумағында 2017
жылы шамамен 28 мың түп ағаш түрлері отырғызылды, 2018 жылы – 29 мыңнан астам
ағаш егілді, 2019 жылы – 135 мыңнан астам көшет егілді.
Сонымен қатар бұрынғы бағдарлама аясында жоспарланған, бірақ толық немесе
жартылай жүзеге асырылмаған жоспарлар да бар:
▪ Метрополитеннің 2-желісін іске қосу;
▪ Өнеркәсіп кәсіпорындарын қала сыртына шығару;
▪ ҮАААЖ авто жолын аяқтау (бұл мәселе Алматы қаласы әкімдігінің құзыретінде емес
және ҚР Үкіметі деңгейінде қаралуы керек);
▪ 60% коммуналдық көлікті газға ауыстыру.
309
Қоғамдық көлікті экологияландыру бойынша жұмыстар жүргізілуде: соңғы 3 жылда
қаланың автобус паркі
80% жаңарды. Ескі және қолайсыздау автобустардың орнына 1150
жаңа автобус
(Еуро-5 сәйкес)сатып алынды, оның 135-і газбен жүреді. Жалпы жолаушылар
легі 3 жылдың ішінде 158,5 млн. адамнан 305,5 млн. адамға дейін артты. 2019 жылы тағы 450
автобус
сатып алынады, сол арқылы автобус паркі 82%-ға жаңарды.
ІІІ буынды электроавтобустарды құрастыратын Қазақстан-Германия-Гонконг зауыты
ашылды. Бағыттарға ІІІ буынды электроавтобустар (10 бірлік) шығарылды, троллейбус паркі
жаңғрытылуда. Қоғамдық көлік паркі жаңартылуы есебінен зиянды заттар шығарындылары
2,33 мың тоннаға төмендеді, 96,7 мың тонна жанармай үнемделді.
Коммуналдық кәсіпорындардың 138 бірлік көлігі газ отынына ауыстырылды.
Автокөлікті "Алматы ӘКК" ҰК" АҚ газға көшірудің ынталандырушы шарасы ретінде
халықаралық деңгейдегі коммерциялық банктермен бірлесіп жеңілдікті
банктік кредиттеу
тұжырымдамасы әзірленді. Инвестицияның болжамды көлемі-700 млн. теңге.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында, Алматы қаласы әкімдігінің
№2/122 қаулысымен газ отынымен жұмыс істейтін такси мен шағын автобустарда "Медеу-
Шымбұлақ" автобус және жеңіл көлік бағыты ұйымдастырылды.
Сондай-ақ ЕҚДБ-мен бірлесіп, қалада жеңіл-рельсті трамвай жобасы бойынша МЖӘ
конкурсының бірінші кезеңі аяқталуда. Оған жапон, түрік, француз, испан және Қытай
консорциумдары қатысады. Олардың бағасы мен сапасы бойынша ең үздіктері 20
жылға
қаланың ұзақ мерзімді серіктесі болады
161
.
"Allur Auto" ӨБК операторымен бірлесіп электромобильдерге (ЭЗС) арналған электр-май
құю станциясын орнату бойынша жоба іске асырылуда. Алматыда электр-май құю
станциясының 19 нүктесі орнатылған. 2019 жылдың соңына дейін ЭЗС 47 нүктесін орнату
жоспарлануда. Алматы қаласында ЭЗС орнатудың алдын ала тізіміне төмендегілер енді:
"Шымбұлақ" тау шаңғысы курорты, "Медеу" спорт кешені, Тұңғыш Президент саябағы, 28
панфиловшылар паркі, ЕсентайМолл СОО, Мега, Достық Плаза, АДК, Атакент Молл, Спутник,
Магнум дүкендер желісі және т. б.
Сондай-ақ ағымдағы жылдың соңына дейін қосымша электр қуатын беретін 18
станция
орнатылатын болады.
Алматы аумағында
жер үсті суларының ластануын бақылау 4 су объектілерінде
жүргізілді (Кіші Алматы, Есентай, Үлкен Алматы өзендері, Үлкен Алматы көлі).
Достарыңызбен бөлісу: