Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі


Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару және қалдықтарды қайта өңдеу



Pdf көрінісі
бет227/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   243
Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару және қалдықтарды қайта өңдеу 
Алматы қаласы әкімдігі ұсынған мәліметтерге сәйкес, 2018 жылы 477 мың тонна ҚТҚ 
құрылды, оның 10,1%-ы қайта өңделді. 2017 жылы жиналған ҚТҚ көлемі 467 мың тоннаны 
құрады. оның ішінде 10,01% қайта өңделді. Тұрғындардың 100% ҚТҚ жинау және шығару 
бойынша қызметтермен қамтылған. Алматы қаласының аумағында ҚТҚ полигондары жоқ.
Алматы қаласының Статистика департаментінің мәліметтері бойынша 2019 жылы, 
Алматы қаласында 489,9 мың тонна коммуналдық қалдық түзілген, оны Алматы қаласындағы 
мамандандырылған кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер жинаған, олардың саны 63 бірлікті 
құрады. Негізгі үлесті (87%) тұрмыстық қалдықтар құрайды, ал 12,6% өндіріс қалдықтары 
(тұрмыстық қалдықтарға теңестірілген), 0,3% - базар қалдықтары, 0,1% - көше қалдықтары. 
Сырттағы ұйымдарға және қалдықтарды сұрыптау кешеніне қайта өңдеуге жіберілгені - 
433 712 тонна, қоқыс полигондарына көму үшін - 56 187 тонна ТҚҚ жіберілген. 
2018 жылы Алматы қаласында МЖӘ шеңберінде қуаты жылына 550 мың тонна қоқыс 
сұрыптау кешенін салу жобасы іске асырылды, бұл полигонда көму үшін тек қауіпсіз инертті 
және биологиялық ыдырайтын материалдарды жіберуге мүмкіндік береді. "Green Recycle" 
ЖШС жеке әріптесімен сұрыпталған ҚТҚ көлемі 15 қайта өңдеушіге шарт бойынша беріледі 
("Kazakhstan Waste Recycling" ЖШС - макулатура; "Recycle Ecology" ЖШС, "Атамекен 4 плюс" 
ЖШС, "Kazvtorplast" ЖШС - пластикалық қалдықтар; "Машат" ЖК-металл, "Мұрат"ЖК-шыны 
сынықтары, "KWGE" ЖШС - металл және ПЭТ және т.б.). 
2019 жылдың нәтижесі бойынша ҚСК зауытқа 373134 тонна ҚТҚ қабылданған, оның 
ішінде 27439 тонна қайталама шикізат сұрыпталып алынған.
Кәсіпорында одан әрі өңдеу үшін 50 мың тоннаға дейін қайталама шикізат: картон, 
целлофан, шыны, пластик және металл алынатын болады. МСК аумағында ағаш қалдықтарын 
қоймалау және қайта өңдеу бойынша учаске ұйымдастырылды, құрылыс қалдықтарын 
қоймалау үшін учаске ұйымдастыру жоспарлануда. Кейіннен кешен аумағында қайталама 
шикізатты терең өңдеу үшін қосымша қуаттылықтар құру жоспарлануда. Осының барлығы 
қалдықтарды басқарудың кешенді жүйесін енгізумен бірге қаланың қоршаған ортасына 
экологиялық жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.
Бұл қоқыс сұрыптау кешені ЭКСПО-2017 мұрасының көрнекі үлгісі болып табылады 
және мемлекеттік-жеке меншік әріптестік қағидаты бойынша іске асырылды. Ұзақ мерзімді 
келісімшарт жасалған инвестор 5,4 млрд.теңге салды. Өз кезегінде қаладан жер беріліп, барлық 
инженерлік коммуникациялар жүргізілді.
Итальяндық озық жабдықтары бар кәсіпорынды енгізу 530 тұрақты жұмыс орнын құруға 
мүмкіндік берді. Қала әкімшілігі мен жеке инвесторлар консорциумының арасында ұзақ 
мерзімді келісімшарт жасасу кәсіпорын жұмысының тиімді үлгісін құруға мүмкіндік береді. 
Оның тармақтарының бірі автопаркті үнемі жаңарту және процестерді автоматтандыру болып 
табылады. 30 жаңа машина сатып алынып, маршруттарды диспетчерлендіру жүйесі енгізілді.


312 
"Kazakhstan Wаste Recycling" ЖШС Алматы қаласы әкімдігінің және ӨКМ (РОП) 
операторының көмегімен екінші шикізатты (макулатура және пластикалық қалдықтар) 
қабылдау бойынша 26 пункт орнатылды. 
2016 жылдан бастап Алматы қаласында қуаттылығы жылына 120 млн бөтелке шығаратын 
шыны ыдыс шығаратын «Almaty Glass» ЖШС заманауи зауыты жұмыс істейді. 2017 жылы 
зауыт «ӨКМ Операторы» ЖШС-мен келісім жасасты, соған байланысты үлкен көлемде шыны 
сынықтарын сатып ала бастады, бұл өндіріс көлемінің ұлғаюына әкелді. «Алматы әйнек» ЖШС 
өз өнімдерін тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар бірқатар ТМД елдеріне экспорттайды. 
Компанияның CT-KZ сертификаты бар. 
Сондай - ақ, "ECOWorld" ЖШС (әкімдік пен аталған ұйым арасында ҚТҚ бөлек жинауды 
енгізу бойынша Меморандум бар) және "TazaAlmaty" ЖШС 350-ге жуық торлы контейнер
"Тәртіп" АҚ-50 торлы контейнер, "NSLabs" ЖШС қаланың мемлекеттік мекемелері мен 
ұйымдарында пластикалық қалдықтар, макулатура және шыны ыдыс жинау үшін 700-ден астам 
экобокс орнатты. "Промтехноресурс" ЖШС және ӨКМ Операторымен бірлесіп экологиялық 
ағарту және тәрбиелеу бойынша әлеуметтік жоба аясында білім беру мекемелерінде электр 
қалдықтарын жинауға арналған 100 арнайы контейнерлер орнатты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет