Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі


Қоршаған ортаның жай-күйі, ауа мен судың ластану көлемінің қысқаруы



Pdf көрінісі
бет238/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   243
Қоршаған ортаның жай-күйі, ауа мен судың ластану көлемінің қысқаруы.
Атмосфералық ауаның жағдайын бақылау 6 стационарлық бекеттерде жүргізілді.


320 
2017 жылы стационарлық бақылау желісінің деректері бойынша Шымкент қаласының 
атмосфералық ауасының ластану деңгейі жоғары болып бағаланды. ИЗА = 10 (жоғары деңгей). 
СИ=10 (жоғары деңгей) және НП 4% тең (көтеріңкі деңгей).
2018 жылы стационарлық бақылау желісінің деректері бойынша Шымкент қаласының 
атмосфералық ауасының ластану деңгейі жоғары бағаланды, ол ИЗА = 5 (жоғары деңгей), СИ = 
4 (жоғары деңгей) және НП =11% (жоғары деңгей) деп анықталды.
2019 жылы стационарлық бақылау желісінің деректері бойынша Шымкент қаласының 
атмосфералық ауасының ластану деңгейі жоғары деп бағаланды, ол ИЗА=7 (жоғары деңгей), 
СИ=4,2 (жоғарылау деңгей) және НП=1% (жоғарылау деңгей) мәнімен анықталды.
Шымкент қаласының өнеркәсібінде мұнай, құрылыс, тоқыма, химия салалары, өзге де 
минералды өнімдер, резеңке және пластмасса өндірісі, машина жасау, металл бұйымдары мен 
энергетика тез дамып келеді. Бұл, өз кезегінде, қаланың атмосфералық ауасына теріс әсерін 
тигізуде.
Шымкент қаласы бойынша атмосфераға шығарылған барлық ластаушы заттардың көлемі 
2012 жылға дейін жыл сайын орта есеппен 10,7%-ға өсті.
2013 жылдан бастап ластану көлемі төмендеді,оның себептерінің бірі 2012 жылы қаланың 
экологиялық жағдайы мен халықтың денсаулығына теріс әсер еткен "Южполиметалл" 
зауытының жабылуы болып табылады.
Алайда, қаланың индустриялық аймағында өндіріс саны жыл сайын артып келеді. Қала 
шекарасының ұлғаюына байланысты 2014 жылы Сайрам ауданының цемент, мақта және мата 
өндіретін ірі кәсіпорындары: "Стандарт цемент" ЖШС, "Хлопкопром целлюлоза" ЖШС, "Окси 
текстиль" ЖШС қала аумағына көшті, яғни 2015 жылдан бастап ластанудың ұлғаю 
ықтималдығы артты. 2019 жылы қала бойынша ластаушы заттардың жалпы шығарындылары 
29,8 мың тоннаны құрады. 
Алайда қаланың индустриялық аймағында жыл сайын өндірістер саны өсіп келеді. Қала 
шекарасының ұлғаюына байланысты 2014 жылы қала аумағына Сайрам ауданының цемент
мақта және мата өндіру жөніндегі ірі кәсіпорындары: "Стандарт цемент" ЖШС, "Хлопкопром 
целлюлоза" ЖШС, "Окси текстиль" ЖШС көшті, яғни 2015 жылдан бастап ластанудың ұлғаю 
ықтималдығы артты. 2019 жылы қала бойынша ластаушы заттардың жалпы шығарындылары 
29,8 мың тоннаны құрады. 
Атмосфералық ауаның ластануына теріс әсердің бірі көлік ағындары болып табылады
атмосфераға шығарылатын зиянды заттардың 60% - ы автокөлікке тиесілі. Шымкент қаласында 
тіркелген автокөлік саны жыл сайын орта есеппен 25% - ға өсуде. Сонымен қатар, күн сайын 
қала бойынша басқа аудандардан, облыстардан және қалалардан көліктер жүреді. Бұл проблема 
барлық ірі қалаларда бар, осыған байланысты бүгінгі таңда елде тасымалдау көлігі үшін 
халықаралық Еуро стандарттарын енгізу мәселесіне көп көңіл бөлінуде. 
2 017 жылы көліктен шығарылатын қалдықтарды азайту үшін 372 шағын автобустың 218-і 
газға (пропан) ауыстырылды. "Гринбус" ЖШС Шымкентте 2015 жылы 200 жаңа автобус 
(метан) сатып алып, қалалық маршруттарға қызмет көрсетеді. 2017 жылы компания газ 
отынымен жүретін қосымша 100 көлік сатып алды. 2020 жылға қарай 2650 автобустың 1000 
(36,5%) газға ауыстыру жоспарлануда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет