Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі


Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару және қалдықтарды қайта өңдеу



Pdf көрінісі
бет239/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   243
Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару және қалдықтарды қайта өңдеу 
ҚТҚ бойынша жалпы ақпарат. Шымкент қаласы бойынша шағын және орта бизнес 
субъектілерін кеңінен тарта отырып, қазіргі заманғы талаптарға сәйкес қатты тұрмыстық 
қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу бойынша 2018 - 2022 жылдарға арналған шаралар 
кешені әзірленді және Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 25 тамыздағы №112 
қаулысымен бекітілді. Шаралар кешенімен ҚТҚ-ны бөлек жинау, сұрыптау, қайта өңдеу, кәдеге 
жарату және көму инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шаралар көзделген. Сонымен қатар, 
басқарма Шымкент қаласының 2018 - 2022 жылдарға арналған қоршаған ортаны ластауды 
азайту жөніндегі кешенді бағдарламаны әзірлеп, бекітті.
Шымкент қаласының әкімдігі ұсынған мәліметтерге сәйкес, 2018 жылы 216,2 мың тонна 
ҚТҚ құрылып, оның 18,1%-ы, 2019 жылы 22.7% қайта өңделді. 


321 
Шымкент қаласында қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны және қалдықтарды сұрыптау 
кешені «Ақтас-1» 2015 жылдың наурыз айында іске қосылды. Полигонға күнделікті 550-600 
тонна қатты тұрмыстық қалдықтар қабылданады. Кешен "Гринлайн" ЖШС меншігіне берілді, 
жыл сайын түзілетін, кәдеге жаратылатын және қайта өңделетін қалдықтардың санын арттыру 
мақсатында қайта өңдеуге жататын қалдықтардың барлық түрлерін сұрыптау және қайта өңдеу 
жүргізіледі. 
Сұрыпталған қалдықтардың ішінде ПЭТ бөтелкелері мен пластмассалар жұмсақ шикізат 
алу үшін қайта өңделеді.
Қала тұрғындарының 95%-ы қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару 
бойынша қызметтермен қамтылған. 
Қала аумағында 470 қоқыс алаңшасы, 2039 қоқыс контейнері бар. Тұрмыстық қатты 
қалдықтарды тасымалдаумен 10 арнайы мекеме айналысуда. Оның ішінде: 
1) 
Абай ауданында тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған 112 қоқыс алаңшасында 
485 контейнер орнатылған. Көпқабатты және жеке тұрғын үйлердегі тұрмыстық қатты 
қалдықтарды тасмалдау қызметімен "СпецАвтоТранспорт" ЖШС-і айналысады.
2) 
Әл-Фараби ауданында тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған 192 қоқыс 
алаңшасында 658 контейнер орнатылған. Көпқабатты және жеке тұрғын үйлердегі тұрмыстық 
қатты қалдықтарды тасмалдау қызметімен "СпецАвтоТранспорт" ЖШС, «ОрионНовТех» 
ЖШС, «Бек Асыл Сервис» ЖШС-і айналысады.
3) 
Еңбекші ауданында тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған 107 қоқыс 
алаңшасында 680 контейнер орнатылған. Көпқабатты және жеке тұрғын үйлердегі тұрмыстық 
қатты қалдықтарды тасмалдау қызметімен "СпецАвтоТранспорт" ЖШС, «Вейсалидзе Л.Н.» 
ЖК, «Нұр Олжа» ЖШС-і айналысады.
4) 
Қаратау ауданында тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған 59 қоқыс 
алаңшасында 216 контейнер орнатылған. Көпқабатты және жеке тұрғын үйлердегі тұрмыстық 
қатты қалдықтарды тасмалдау қызметімен «ЭкоСпецТранс» ЖШС, «ШымкентСпецКомплекс» 
ЖШС, «Жан&Мейір» ЖШС, «Вейсалидзе Л.Н.» ЖК «ҚайнарБұлақ» ЖК «Чистый Город» ЖК 
айналысады. 
Аталған мекемелер көпқабатты тұрғын үйлердің ауласындағы қоқыс жәшіктерін 
(контейнер) күніне екі рет, жеке тұрғын үйлерді аптасына бір рет тазалайды. 
Жергілікті аудан әкімдері мен салаға жауапты мамандар тарапынан тұрғындарға қоқысты 
белгіленген орындарға тастауға және кестеге сай шығару үшін түсіндіру жұмыстарын 
жүргізуде. 
Шымкент қаласында пластикалық қалдықтарды бөлек жинау үшін 70 торлы контейнер 
орнатылды. Құрамында сынап бар шамдар мен аспаптарды жинау үшін 2049 контейнер, 
пластика мен полиэтилен қалдықтарын жинау үшін – 100 контейнер орнатылды. Сондай-ақ, 
"Тутеев" ЖК қоқыс алаңдарында бөлек жинау үшін 100 қосымша контейнер орнатты.
2019 жылы қалдықтарды бөлек жинау үшін қосымша 300 контейнер орнату жоспарланып 
отыр, жеке инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде.
"Green Tehnology Industries" ЖШС қуаты жылына 100 мың тонна штапельді талшық 
өндірумен ПЭТ-қалдықтарды өңдеумен айналысады, сондай-ақ кәсіпорынмен ҚТҚ бөлек 
жинауға арналған 300 бірлік контейнерлер орнатылды.
2018 жылы қуаты жылына 28 мың тонна "HillCorparation" ЖШС мотор майы мен майлау 
материалдарын өндіретін регенерация әдісімен өңделген майларды қайта өңдеу зауыты 
пайдалануға берілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет