112
жеткізу белгіленді. 2018, 2019 жылдардағы орман қорының есепке алу материалдарына сәйкес
нақты нысаналы индикатор тиісінше 1540,17 және 1711,39 мың га құрады, яғни көрсеткіштер
орындалды.
Орман шаруашылығы саласындағы негізгі нысаналы көрсеткіш республиканың орманды
алқаптарын 5%-ға дейін ұлғайту болып табылады.
2019 жылдың қорытындысы бойынша орман қорының алаңы 30,0 млн.га құрады (ел
аумағының 4,8%), 2010 жылмен салыстырғанда 1,3 млн. га ұлғайды (1.8.1-кесте.). 2017 жылы
орман қорының көлемі 29,8 млн. га, ал 2018 жылы – 30,04 млн. га құрады. Орман жерлерінің ең
үлкен алаңдары Қызылорда (6,7 млн.га), Алматы (5,4 млн. га), Жамбыл (4,4 млн. га), Шығыс
Қазақстан (3,8 млн. га) және Түркістан (3,4 млн. га) облыстарында шоғырланған.
Бұл ретте
аумақтың орманшылық көрсеткішінің позициясы біршама ығыстырылған. Атап айтқанда,
Жамбыл облысында ең көп орман алаңы орналасқан – 15,9%, одан кейін Түркістан – 14,2%,
Қызылорда – 13,9%, Алматы – 9,4% облыстары орын алады.
1.8.1-кесте. Орман қорының негізгі көрсеткіштері (жыл соңына)
Көрсеткіштер
2017
2018
2019
Орман қорының алаңы (уақытша пайдалануға берілген
орманды қоса алғанда), млн. га
29,8
30,1
30,1
Орманмен қамтылған жерлер, млн. га
12,9
12,9
13,1
Өсіп тұрған сүректің жалпы қоры, млн. текше метр
421,9
421,9
449,9
Аумақтың ормандылығы, пайызбен
4,7
4,7
4,8
ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің деректері бойынша.
Статистика комитетінің деректері бойынша.
2018 жылы облыс әкімдіктерімен бірлесіп ормандарды молықтыру көлемін ұлғайту
бойынша қадамдық жоспар әзірлеу басталды. Облыс орталықтары айналасында жасыл
аймақтар құру және елді мекендерді көгалдандыру жоспарлары бекітілді. 2020 жылғы 01
қаңтарға Қазақстанда 13,1 млн.га орман болды (1.8.1-кесте.), 1,5 млн. м
3
ағаш өндірілді.
2019 жылы 63,9 мың га алқапта ормандарды молықтыру жүргізілді, бұл 2018 жылдың
көрсеткішінен 11,2 мың га артық. 2019 жылы Қазақстан астанасы – Нұр-Сұлтан қаласының 4,6
мың га жасыл аймағын құру бойынша жұмыстар жүргізілді.
Астананың жасыл аймағына ұқсас
Ақтөбе, Қызылорда және Түркістан облыс орталықтарының
айналасында жасыл аймақтар
құрудың жұмыс жобалары мен картографиялық материалдары әзірленді. 2019 жылы қазан
айында ағаш отырғызу бойынша республикалық акция өткізілді. Оған 260 мыңнан астам адам
қатысып, 1 млн. астам ағаш отырғызылды.
2019 жылы Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында 165,6 мың
сексеуіл көшеттері отырғызылды және 23,5 мың гектар сексеуіл тұқымы егілді.
1.8.2-кесте. Орманды қалпына келтіру жұмыстарының көлемі.
Жылдар
Орманды қалпына келтіру, мың га
Орманды қалпына келтіру жұмыстары
жүргізілген жалпы алаңдағы ағаш отырғызу
және отырғызу үлесі, пайызбен
барлығы
оның ішінде ағаш отырғызу
және егу
2017
57,21
44,9
78,5
2018
52,7
42,9
81,4
2019
63,9
57,1
89,3
Статистика комитетінің деректері бойынша
Арал теңізінің құрғаған табанында 61 мың гектар сексеуіл екпесі пайда болды.
Корея
113
Республикасының Орман шаруашылығы қызметі арасындағы ынтымақтастық шеңберінде
Қызылорда облысындағы Арал теңізінің құрғаған табанын фитомелиорациялау бойынша
гранттық жоба іске асырылды, оның қорытындысы бойынша 2018-2020 жылдар кезеңінде
Арал
теңізінің құрғаған түбіне жалпы ауданы 13,3 мың га жерге сексеуіл отырғызылды.
Сондай-ақ, Сырдария өзенінің атырауының бір бөлігін қосу арқылы "Барсакелмес
мемлекеттік қорығы" ЕҚТА алаңын кеңейту көзделуде. Тікелей егуден сексеуіл екпелерін
отырғызуға көшу мақсатында Қызылорда облысының Қазалы қаласында 2019 жылы сексеуіл
екпелерін өсіру жөніндегі орман питомнигі құрылды. Питомниктің жобалық қуаты – жылына
4,4 млн.көшет.
Ертіс өңірінің таспалы қарағайларын қалпына келтіру мақсатында 30 га алқапта өнімділігі
жылына 15 млн. дана қарағай көшетін орман питомнигі құрылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша
құрылатын құрғақ дала
жағдайында Астана (қазіргі Нұр-Сұлтан) қаласының санитарлық қорғалатын жасыл аймағын
(СҚЖА) құру Қазақстан үшін бірегей болып табылады. Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 1-1/665 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2014 - 2018 жылдарға арналған
стратегиялық жоспарына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының жасыл аймағының жалпы алаңы 1997
жылдан бастап 2019 жылға дейін 87 мың гектарды құрады, 2023 жылға дейін алаңды 100 мың
гектарға дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Орман дақылдары іс-шараларын отырғызу материалдарымен қамтамасыз ету үшін
мемлекеттік орман иеленушілердің жерлерінде 2019 жылы жалпы ауданы 4238 га 155 тұрақты
орман көшеттігі жұмыс істейді.
Республика бойынша отырғызылатын материал өндірісінің жыл
сайынғы нақты көлемі 160 млн. дананы құрайды. Ормандарды молықтыру мен орман өсіру
көлемін ұлғайту, "Семей орманы" МОТР аумағында құрылатын
орман дақылдарының
жерсінуін арттыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысында тамыр жүйесі жабық көшет
материалын өсіруге бағытталған орман тұқымы кешені құрылды. Кешеннің жобалық қуаты-
жылына 3,0 млн. көшет материалы.
2019 жылы селекциялық-тұқым шаруашылығы орталығының қызметкерлері 174,4 мың кг
көлемінде орман тұқымдарының сапасына сараптама жүргізді, оның ішінде бірінші сапа
сыныбы бойынша – 39,7 кг., екінші сапа сыныбы бойынша – 27,7 кг., үшінші сапа сыныбы
бойынша – 102,9 кг., өнгіштігі мен тазалығы бойынша кондицияланбаған – 4,1 мың кг.
Селекциялық және тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді қалыптастыру,
есепке алу және аттестаттау 13517,09 га алаңда жүргізілді, оның ішінде 33,09 га орман тұқымы
плантациялары, 3397,8 га тұрақты орман тұқымы учаскелері, 8070,9 га уақытша орман тұқымы
учаскелері, 2015,3 га артықшылығы бар екпелер (1.8.1-сурет).
33,09
3397,8
8070,9
2015,3
ЛСП- 33,09
га, (0,26%)
ПЛСУ -
3397,8га
(25,13 %)
1.8.1-сурет 2019 жылғы 01 қаңтарға селекциялық-тұқым шаруашылығы
мақсатындағы
объектілердің болуы туралы мәліметтер
Бұдан басқа, селекциялық-генетикалық объектілердің құрамына 1191 дана артықшылығы
бар ағаш, 70106,4 га орман генетикалық резерваттары, 46,0 га географиялық дақылдар, 8,37 га
артықшылығы бар ағаштар клондарының мұрағаты, 12,4 га популяциялардың сынақ
114
дақылдары, 18,7 га артықшылығы бар ағаштардың сынақ дақылдары, 7,2 га будандардың сынақ
дақылдары кіреді, осы объектілерді күту және күтіп ұстау бойынша жұмыстар жүргізілді.
Достарыңызбен бөлісу: