173
құрады). Өңдеу өнеркәсібі өнімінің экспорт көлемі 1,2 млрд. долларды құрады.
Өңдеу
өнеркәсібінің негізін мынадай ішкі салалар құрайды: металлургия өнеркәсібі, қара металлургия,
тамақ өнімдерін өндіру,
химия өнеркәсібі, машина жасау, өзге де
металл емес минералдық
өнімдерді өндіру, кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру және т. б.
Металлургия өнеркәсібі облыстың өңдеу өнеркәсібінің негізгі бағыттарының бірі болып
табылады,оның үлесі 10,5% құрайды. Металлургия өнеркәсібінің негізгі кәсіпорындары: АЗФ
филиалы "Қазхром "ТҰК" АҚ (ферроқорытпалар), "Ақтөбе рельс-арқалық зауыты" ЖШС
(рельстер 125 м, сортты прокат), "Ақтөбе металл құрылымдары зауыты" ЖШС (металл
құрылымдары, сэндвич панельдер, блок-бокстар), "Каспий плюс" ЖШС (металл өңдеу, бекіту
бұйымдары), "Энерго Альянс" ЖШС (ұсақ шарлар), "Ұлан компаниясы" ЖШС (металл
құрылымдары және металл бұйымдары).
Ақтөбе ферроқорытпа зауытында Қазақстанда
алғаш рет металл хром, түйіршіктелген
ферросилиций, ферротитан өндірісі игерілді, феррованадий шығару технологиясы пысықталды.
Мемлекет басшысының "Қазақстанның Үшінші жаңғыруы" Жолдауы аясында: жаһандық
бәсекеге қабілеттілік" 2018 жылы облыстың 55 кәсіпорны 85 млрд теңгеге жаңғыртылды. Бұл
олардың бәсекеге қабілеттілігін, еңбек өнімділігін 10%-ға арттыруға, өнімнің өзіндік құнын 2%-
ға төмендетуге мүмкіндік берді.
Химия
саласының
негізгі
кәсіпорындары:
"АЗХС"
АҚ
(хром
тұздары),
"КазЦКУБНитрохим" ЖШС, "Центр БВР" ЖШС (жарылғыш заттар), "Темір Сервис" ЖШС
(фосфоритті ұн), "Аманат" ЖШС (химиялық реагенттер), "Chilisai Chemicals" ЖШС
(ДАФ/МАФ түріндегі күрделі минералды тыңайтқыштар).
Мұнай және газ саласының негізгі кәсіпорындары: "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ,
"Қазақойл Ақтөбе" ЖШС, "КМК Мұнай"АҚ,"Сағиз Петролеум Компани" ЖШС,"Фирма Ада
Ойл" ЖШС, "Алтиес Петролеум Капитал" ЖШС, "Қазақтүрікмұнай" ЖШС және т. б.
Достарыңызбен бөлісу: