Курстық жұмыс Тақырыбы: Арнайы дәрігерлік топпен оқушыларымен жұмыс жүргізу іс тәжірибелері
Орындаған: Ақбергенов Мақсат
Жетекші: Жолдасова Роза
Ақтау 2023
Кірспе Өмірдің жалғасы, болашағы, келешегі біздің жас ұрпақтардың деңсаулығын сақтау өте үлкен мәселе. Әсіресе, мектеп кезінен бастап денсаулығы нашар балалар дене шынықтыру сабақтарынан босатылып, арнайы дәрігерлік топтарға арналған дене шынықтыру сабақтарына қатыса бермейді. Өкінішке орай, жастардың арасында да неше түрлі аурулар байқалуда. Оған себептер де көп. Өзімізді қоршаған ауаның ластануы, көліктердің көбеюі, теледидар, комьпютер, ұялы телефон алдында бірнеше сағаттан отыруы, жастардың қимылының аздығы, әртүрлі ауру түрлерінің асқынуы таға басқалар. Осылардың бәрі жас ағзаның дамуын тежеп, әр түрлі ауруларға шалдығуына әсер етеді. Соның нәтижесінде әлжуаз, әлсіз, төзімсіз, нәзік балалар қазір көбейіп кетті. Ата-ана оған салғырт қарап, уақытында емдетпесе баспа, тұмау т.б. аурулар асқынып, өкпе, жүрек, бүйрек, асқазан сияқты ішкі ағзаларды зақымдайды. Соңда ғана дәрігерлерге жүгіріп, диспансерлік тізімге ілінеді. Міне, осыдан бастап мектепте, институтта олар арнайы медициналық топқа бөлініп, емдік дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысады. Сондықтан жаттығулар жиынтығы осындай, бойында ауруы бар немесе аурудың қалдығы бар балаларға, студенттерге тағайыналып, оны одан әрі асқындырмауға күш салады. Арнайы медициналық топқа дәрігердің нұсқауымен алынады. Барлық студенттерді денсаулығына байланысты негізгі, дайындық және арнайы деп аталатын үш топқа бөлінеді. Негізгі топқа денсаулығы жақсы, күш-қуаты жеткілікті балалар қабылданып, дене шынықтыру сабағына қатысып, спорттық секцияның біреуіне баруына болады. Дайындық топта сыртқы тұлғасы, күш-қуаты онша жетілмеген, дене шынықтыруға құштар емес, бойында кейбір аурулардың қалдығы бар, кейде ауруы жоқ балалар дайындалады. Денені жетілдіру үшін, күш қуатын асыру үшін қосымша сабақ өткізеді. Арнайы топ - бойында ауруы бар балалар. Олар уақытша не үнемі дәрігерлердің, оқытушылардың бақылауында болады. Жаттығуларды байқап, өте сақтықпен қолданады. Студенттерді осындай топқа бөлгенде бір-бірінен айтарлықтай айырмашылық жоқ. Кімді қандай топқа жіберу тек дәрігердің жұмысы. Ол үшін онын, ой-өрісін, жалпы жетілуін, күш-қуатын - бәрін ескереді. Негізгі табан тірейтін дәлел - оның ауыруының түрінде, қандай аурумен ауырғаны. Мәселен, баспа (ангина) - ол тек тамақтағы бадамша безінің қабынуы. Бала уақытында емделіп, жазылып кетсе 10-15 күннен кейін сау балалармен бірақ дене шынықтыру сабағына белсене қатысып кетеді. Ал ол толық жазылмаса, оның уыты ағзаға жайылады. Міне, мұндай кезде денешынықтыру сабағына мүлде қатысуға болмайды. Осындай болымсыз аурулар індеттің көзі болып табылады. Сондықтан дәрігер не білікті оқытушылар егер баланың тісі ауырса (қанқұрт), гайморит (гаймор қуысының қабынуы), холецистит болса осы жағын ескерген жөн. Бұл аурулар онша қорқынышты емес, бірақ көпшілікпен бірге
Бүгінгі күннің өзекті мәселелері болып табылатын қоршаған ортаның бүлінуі, жасөспірімдер денсаулығының кемшіліктері оқытушының дене шынықтыру сабақтары үдерісін ұйымдастыруына әсер етеді. Осыған байланысты оқу орындарында арнайы медициналық топтар ашылып, денсаулығы төмен оқушылармен жүктемелері жеңілдетілген сабақтар өткізіледі.
Дене шынықтырудың білім беру саласындағы мақсаты денсаулықты нығайту, білімді, өмірлік маңызды қозғалыс біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру, адамгершілік, еңбек және эстетикалық тәрбиенің міндеттеріне сәйкес жеке тұлғаны үйлесімді дамытумен ерекшеленеді. Мектеп оқыту үдерісінде басшылыққа алынатын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес дене тәрбиесі курсының арнаулы топ сабақтарына 102 сағат бөлінеді. Бұл сабақтардың ерекшелігі сол, оқушылардың денсаулық жағдайларына сай жеңілдетілген жүктемемен жаттығулар мен спорт түрлері таңдалынып алынады.
Дене шынықтыру тәрбиесінің жүйесі оқушылардың жалпы дамуының негізгі шарты болып табылады. Әсіресе арнаулы медициналық топқа жатқызылатын, денсаулық жағдайында ақаулары бар оқушылармен жұмыс жасаудың маңызы өте зор. Мұндай балаларға көбіне денсаулығын түзеу мен нығайтудың аса тиімді тәсілі ретінде дене шынықтыру мәдениеті қажет. Ұсынылып отырған «6-8 сынып оқушыларының арнайы медициналық тобының дене шынықтыру сабақтарын ұйымдастыру ерекшеліктері» әдістемелік нұсқауының жинақталуы осы жағдайлардан туындады. Бұл әдістемелік жұмыстың өзектілігі - арнаулы медициналық топ оқушыларының дене тәрбиесі сабақтарын ұйымдастыру ерекшеліктері бойынша қазақ тілінде оқу құралдарының болмауы.
Дене тәрбиесі пәні бойынша мектептерде оқушылардың денсаулығының төмендеуі, сабаққа қатысатын оқушылардың көптеген бөлігінің денсаулығына орай анықтама тапсыруы жиеленіп отыр. Оның себебі жүріс – қимылдарының, дене күштерінің аз дамуы, салауатты өмір салтын сақтамауы, гигиеналық факторлардың ықпалы. Осы орайда мектеп оқушыларының қозғалыс дағдыларын дамытуға, бос уақыттарын тиімді пайдалануға негізделініп отырған бұл әдістемелік құралдың өзектілігі жоғары. Әдістемелік құрал мақсаты: оқушылардың қимыл – қозғалыс жүйесін жандандыру, арнайы қозғалыс жаттығуларын тамыр соғысының жүйелігін есептеу, өз жәй күштеріне бағалау жасайды, ағзаларға жаттығулардың әсер етуін бақылауды үйрету болып табылады. Өтпелі кезеңдегі жастардың денсаулық жағдайы мен тұлға бітімінің дамуы төмендей түсуде, мұның өзі дәрігерлер мен дене тәрбиесі мамандарының алаңдатушылығын тудырады. Осы орайда мақсатты шешу талаптарына сәйкес жастардың денсаулығын жақсарту, дене жаттығуларымен өз бетіншше айналысу бағытында дайындалған әдістемелік құрал осындай өзекті мәселеге арналған, маңызы зор. Екінші әдістемелік құралдың тақырыбы «Дене тәрбиесі сабағында қимыл – қозғалыс, эстафеталық ойындар, көңілді старт және акробатикалық элеметтерін тиімді пайдалану». Ойын әдісі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен педагогикалық тәжірибе берудің құралы екендігі ескеріле отырып, арнайы ұйымдастырылған түрлі ойындардың мазмұны мен өткізілу бағыты ұсынылып отыр. Эстафеталық және қимыл – қозғалыс әрекетке негізделген ойындар дене тәрбиесінің маңызды құралы мен әдісі болып табылады. Көптеген ойындар мен эстафеталық жаттығушылардың қимыл – қозғалысының икемділігін арттыра отырып, үйренген машықтарын тұрмыста оқу барысында, еңбек саласында, тікелей қолдануға мүмкіндік береді. Осы әдіс – тәсілдерді кеңінен қолдана отырып, оқушылардың жас ерекшекліктеріне сай ойындарды таңдап, әр сыныптан тыс шараларымды, ашық сабақтарымды өткіземін. Осылайша оқушылардың дене тәрбиесіне деген қызығушылығы артып, тапқырлық, зеректік, жинақылық қабілеттері дамытамын. Бұл әдістемелік жұмыстың өзектілігі ашық сабақтар және сыныптан тыс шаралар дене тәрбиесі сабақтарын ұйымдастыру ерекшеліктері бойынша қазақ тілінде оқу құралдарының болмауы. Әдістемелік құралдың мазмұны: “Қимыл – қозғалыс және эстафеталық ойындар”(cпорттық ойын-сайыс сабағы), «Тепе – теңдік сақтау және акробатикалық элементтер», «Шынықсаң шымыр боларсың» атты қысқы көңілді старт ойындары. «Денсаулық күні» материалдарын қамтиды. «Дене тәрбиесі сабағында қимыл – қозғалыс, эстафеталық ойындар, көңілді старт және акробатикалық элеметтерін тиімді пайдалану» әдістемелік нұсқауы мектеп дене шынықтыру пәні оқытушылары мен жас мамандарға арналды. Әдістемелік құралдағы ашық сабақтарымды музыкалық әуен арқылы өткіземін және ақпараттық технологияны тиімді пайдаланамын, мақал – мәтел жұмбақ шешу арқылы оқушылардың ой – өрісін дамытамың. Дене тәрбиесі сабағында қимыл – қозғалыс, эстафеталық ойындар, көңілді старт және акробатикалық элементтерін тиімді пайдалану жолдары берілген. Бұл әдістемелік жұмыстың өзектілігі ашық сабақтар және сыныптан тыс шаралар дене тәрбиесі сабақтарын ұйымдастыру ерекшеліктері бойынша құрастырылған.
Мамандыққа бағыт беру - мектеп оқушыларының тілегін, денсаулық жағдайын, жеке басының ерекшеліктерін, сонымен қатар, қоғамға қажеттілігін ескере отырып, оқушыларға мамандық таңдауға көмек көрсету үшін ғылыми негізделген көп аспектілі жүйе.
Біздің қоғамда жасөспірімдерге мамандық таңдауға еркіндік берілген, бірақ, сол мамандықтардың қазіргі тізімі 50 мыңнан астам атаулардан тұрады. Мұнда, мектеп оқушыларының кейбіреуі денсаулығына байланысты, немесе организмінің жеке ерекшеліктеріне байланысты тізімде көрсетілген бірқатар мамандықтарға жарамсыз болады. Сондықтан, мамандық таңдау ерікті болып қана қоймай, сонымен бірге саналы түрде негізделген болуы керек.
Мектеп оқушылары өздерінің жас ерекшеліктеріне (күші мен мүмкіндігін артық бағалау, әртүрлі мамандықтардың организмге қоятын талаптары туралы білімнің болмауы, денсаулық жағдайларындағы ауытқуларды елеп-ескермеу т.с.с.) байланысты мамандық таңдау үшін медициналық қызметкерлердің бағыт беруін қажет етеді.
Оқушылар мұндай сұрақтарға көмекті мектеп педиатрларынан, балалар емханасының дәрігерінен, ересектер емханасының жасөспірімдер кабинетінен, сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бөлімінің санитар дәрігерінен алады.
Егер таңдап алынған мамандық, оқушылардың жеке бас ерекшеліктеріне сәйкес келмесе, онда ол жүйке-психикалық бұзылуларға, тіпті соматикалық ауруларға ұшыратуы мүмкін. Мамандыққа жарамсыздық өндірістердегі апаттардың және жарақаттанулардың себептерінің бірі ретінде саналады. Еңбек сапасының төмен болуы, кадрлардың тұрақтамауы, соның салдарынан қоғамға материалдық зиян келтіру сияқты кемшіліктер дұрыс таңдалмаған мамандықтың заңды нәтижесі болып саналады.
Осындай жағдайларға байланысты, мамандыққа бағыт беруде бірнеше аспектілерді бөліп қарауға болады:
Психофизиологиялық аспект - жасөспірімдердің жеке басының ерекшеліктері, оның қаблеті, жеке психофизиологиялық ерекшеліктері ескеріледі;
Медициналық аспект - оқушының денсаулық жағдайы ескеріледі;
Әлеуметтік экономикалық аспект - қоғамға әр саладағы мамандар қажеттілігі ескеріледі.
Сонымен қатар, бұл аспекті жасөспірімдердің мектеп шеберханасындағы және мектеп аралық оқу-өндірістік комбинаттардағы кәсіптерге оқып-үйренуін анықтайды. Елді мекендерге жұмысшы кәсіпкерлер қажеттігіне және оларды өндірісте оқытып, даярлау үшін база барлығына байланысты еңбекке оқытудың бағыты құрылады.
Жасөспірімдерге мамандыққа бағыт беру жүйесі біздің елімізде 1960 жылдан бастап құрылды, бірақ, қазіргі уақытқа дейін бұл сұрақта шешілмеген мәселелер өте көп. Солардың біреуі - мектеп оқушыларының жас мөлшері, яғни, мамандыққа бағыттау жұмыстарын қандай жастан бастау керектігі.
Жалпы алғанда, 15-18 жастағы жасөспірімдерді мамандыққа бағыттау жұмысы негізгі үш кезеңнен тұрады:
Жасөспірімдердің мамандыққа жарамдылығын анықтау үшін, арнаулы мақсатпен жүргізілетін медициналық тексеру.
Медициналық көрсеткіш бойынша, мамандыққа іріктеп алу.
Дәрігерлік мамандық консультация - жасөспірімдердің тілегіне, денсаулығына және психофизиологиялық көрсеткіштеріне байланысты мамандық таңдауға көмек көрсетуге арналған.
Мамандыққа маңызды немесе "кілттік" функциялар өзінің психофизиологиялық негізіне байланысты 4 түрге бөлінеді:
Қимыл-қозғалыс - бұлшық ет күштері, төзімділік, координация;
Өмірдің жалғасы, болашағы, келешегі біздің жас ұрпақтардың деңсаулығын сақтау өте үлкен мәселе. Әсіресе, мектеп кезінен бастап денсаулығы нашар балалар дене шынықтыру сабақтарынан босатылып, арнайы дәрігерлік топтарға арналған дене шынықтыру сабақтарына қатыса бермейді. Өкінішке орай, жастардың арасында да неше түрлі аурулар байқалуда. Оған себептер де көп. Өзімізді қоршаған ауаның ластануы, көліктердің көбеюі, теледидар, комьпютер, ұялы телефон алдында бірнеше сағаттан отыруы, жастардың қимылының аздығы, әртүрлі ауру түрлерінің асқынуы таға басқалар. Осылардың бәрі жас ағзаның дамуын тежеп, әр түрлі ауруларға шалдығуына әсер етеді. Соның нәтижесінде әлжуаз, әлсіз, төзімсіз, нәзік балалар қазір көбейіп кетті. Ата-ана оған салғырт қарап, уақытында емдетпесе баспа, тұмау т.б. аурулар асқынып, өкпе, жүрек, бүйрек, асқазан сияқты ішкі ағзаларды зақымдайды. Соңда ғана дәрігерлерге жүгіріп, диспансерлік тізімге ілінеді. Міне, осыдан бастап мектепте, институтта олар арнайы медициналық топқа бөлініп, емдік дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысады. Сондықтан жаттығулар жиынтығы осындай, бойында ауруы бар немесе аурудың қалдығы бар балаларға, студенттерге тағайыналып, оны одан әрі асқындырмауға күш салады. Арнайы медициналық топқа дәрігердің нұсқауымен алынады. Барлық студенттерді денсаулығына байланысты негізгі, дайындық және арнайы деп аталатын үш топқа бөлінеді. Негізгі топқа денсаулығы жақсы, күш-қуаты жеткілікті балалар қабылданып, дене шынықтыру сабағына қатысып, спорттық секцияның біреуіне баруына болады. Дайындық топта сыртқы тұлғасы, күш-қуаты онша жетілмеген, дене шынықтыруға құштар емес, бойында кейбір аурулардың қалдығы бар, кейде ауруы жоқ балалар дайындалады. Денені жетілдіру үшін, күш қуатын асыру үшін қосымша сабақ өткізеді. Арнайы топ - бойында ауруы бар балалар. Олар уақытша не үнемі дәрігерлердің, оқытушылардың бақылауында болады. Жаттығуларды байқап, өте сақтықпен қолданады. Студенттерді осындай топқа бөлгенде бір-бірінен айтарлықтай айырмашылық жоқ. Кімді қандай топқа жіберу тек дәрігердің жұмысы. Ол үшін онын, ой-өрісін, жалпы жетілуін, күш-қуатын - бәрін ескереді. Негізгі табан тірейтін дәлел - оның ауыруының түрінде, қандай аурумен ауырғаны. Мәселен, баспа (ангина) - ол тек тамақтағы бадамша безінің қабынуы. Бала уақытында емделіп, жазылып кетсе 10-15 күннен кейін сау балалармен бірақ дене шынықтыру сабағына белсене қатысып кетеді. Ал ол толық жазылмаса, оның уыты ағзаға жайылады. Міне, мұндай кезде денешынықтыру сабағына мүлде қатысуға болмайды. Осындай болымсыз аурулар індеттің көзі болып табылады. Сондықтан дәрігер не білікті оқытушылар егер баланың тісі ауырса (қанқұрт), гайморит (гаймор қуысының қабынуы), холецистит болса осы жағын ескерген жөн. Бұл аурулар онша қорқынышты емес, бірақ көпшілікпен бірге дайындалған бала ағзасы көтере алмай, бірден асқынып кетуі мүмкін. Әр топтың өзіндік мақсат, ерекшелігі бар. Олар дене дене тәрбиесімен айналысатын адамдардың мінез-құлқына, жетілуіне, күш-қуатына тікелей байланысты. Арнайы медициналық топтағы дене шынықтырудың міндеті:
- сана-сезімді, рухани қабілетті, қимыл-қозғалысты арттыру;
- функционалды кемшіліктерден құтылу, ағзаны шынықтыру;
- адам бойындағы ауруды асқындырумауға ықпал жасап, біртіндеп денені жұмысқа, оқуға қабілетін, іскерлігін арттыру;
- дене шынықтырудың барлық тәсілдерін оқу үстінде, үйде, далада қолданып, бойына сіңіру. Мектепте, институтта арнайы дене шынықтыру сабақ ретінде өткізіледі. Оған қосымша ертеңгі гигиеналық гимнастика, өндірістік жаттығулар, туристік саяхат, серуен, спорттық шараларды қолданған дұрыс. Оқу орындарында әр курсты қосып, ауруларының ұқсастығына байланысты топтастырады. Мәселен, институтта студенттердің сабақ кестесі бойынша дене шынықтыру сабағы аптасына 2 рет өткізіледі. Арайы дәрігерлік топтармен оқытушы-нұсқаушы жұмыс істейді. Қолданылатын жаттығулар барлық мүшені жетілдіруге жеке тепе-тендік сақтауға арналған. Сондай-ақ дем алу, спорттық ойындар, жүгіру, шаңғы тебу, жүзу күнделікті өмірде үлкен орын алу керек. Алғашқы кезде денені түзу ұстауға дағдыланады. Онан соң тыныс алуды қадағалайды. Мәселен, жүрек-тамыр және өкпесі ауыратындарға демді іште көп ұстап тұруға болмайды. Ал асқазан-құрсақ ауруына шалдыққандарға көк етті керуге, іштің бұлшық етін зорлауға, секіруге болмайды. Бұл көзі нашар көретін, бүйрегі ауыратын балаларға да қатысы бар. Жүйке жүйесі зақымданған балаларға айғай шу, денені зорлау керек емес. Керісінше көңіл-күйді көтеретін, жеңіл, өзіне белгілі, шамасы келетін жаттығулар дұрыс. Соның нәтижесінде оларда өз күшіне деген сенім пайда болады. Ол үшін жеңіл спорт ойындары, жүру, баяу жүгіру, бұлшық етті босаңсыту сияқты жаттығулар жасайды. Сабақтың негізгі бөлімі дененің бұлшық етін жетілдіруге және түзетуге арналады. Жаттығу әр студенттің науқасына лайықтап беріледі. Дененің тұлғасын, сымбатын қалпына келтіру үшін көңіл көтеретін әуен мен би өнерінен үзінділер алады. Студенттің әр қадамның түзу, дұрыс басуымен, басын, кеудесін тік ұстауы бақыланады. Ол адамды ширықтырып, жүйке жүйесін қалпына келтіреді. Нәтижеге жету үшін кім де болсын қиынсынбай күнделікті өз-өзімен айналасуы керек. Бастапқы кезінде көпке белгілі, қарапайым жаттығулардан бастап, біртіндеп күрделендіреді. Үй жағдайына да, әркім білетін дене тәрбиесін жасаумен бірге серуенге шығу, шаңғы тебу, денені шынықтыруда күнделікті тіршілікке айналдыруы тиіс. Тек сонда ғана өсіп келе жатқан жас ағза өмірдің қиыншылығына төтеп бере алады. Әсіресе, жоғарғы оқу орнында білім алып жатқан студенттердің болашақта жақсы білікті маман болып шығуы үшін де ең бірінші денсаулық керек. Сондықтан, салауатты өмір салтын ұстансаң, барлық қиындықты жеңе алатыныңа сенемін. Өз бойына жиналған күш-қуатын дұрыс үнемдей білу де үлкен жетістік. Белгілі ауруды арқалаған немесе ұзақ уақыт бойы ауырып жүрген оқушыларға, әлсіз ағзаға әсер ететін қозғалыс белсенділігі қажет. Дәрігерлік көрсеткіш бойынша арнайы дәрігерлік топқа (АДТ) жататын балалар олардың денсаулық жағдайына қарай арнайы әдістермен бағдарлама бойынша жаттығулары қажет. Мамандардың дәл осы мәселеге қызығушылықтары күннен күнге өсіп келеді.
Дене тәрбиесі жұмыстарының тәжірибелері көрсеткендей осы деңгейдегі ғылыми әдістемелік жұмыс теориялық және практикалық қайта құруға мүдделі болып отыр. Осы патологиялық үрдіс мәнін игермеген, арнайы деңгейде білімі жоқ мұғалімдер жұмысы өте баяулық танытып, арнайы дәрігерлік топтағы балаларға қажет деңгейде көңіл бөлінбей отыр. Мұндай кемшіліктер денсаулығы әлсіз оқушы денсаулығына жағымсыз әсер етеді.
Дене жаттығуларымен айналысуды толық тоқтату тек уақытша сипатқа ие. Жұқпалы аурулар мен жарақаттардан кейін спортпен шұғылдану және дене шынықтыру сабақтарына қатысуды жалғастыру мерзімдерін дәрігер әрбір оқушыға жеке түрде, барлық клиникалық деректерді (аурудың немесе жарақаттың ауырлығы мен сипаты, ауру немесе жарақат салдарынан пайда болған функционалдық бұзылудың деңгейі) ескере отырып анықтайды. Сонымен қатар оқушының жынысы, жасы, ағзаның бейімделу қабілеттіліктері және басқа да жеке ерекшеліктері назарға алынады. Әдетте көп кездесетін жұқпалы аурулардан кейін дене жаттығулары сабақтарына қатысу мерзімдері қысқаша төмендегідей болады (В.К. Добровольский, Е.И. Янкелевич).
Ангина (Баспа). Сауығу белгілері: ауыз қуысы қабынуының (қызару, ісу, т.б.) және жұтыну кезінде ауыру сезімінің; 2 күннен аса қалыпты температура; жалпы жағдайының жақсаруы. Мектепте дене шынықтыру сабақтарына 6-7 күннен кейін, жаттығуға 12-14 күннен кейін, жарыстарға 20-22 күннен кейін қатысуға болады. Дененің бірден тоңу қаупіне байланысты қысқы спорт түрлерімен (шаңғы, коньки) және суға шомылумен шұғылдану кезінде аса абай болу керек.
Флегмоноздық ангина. Сауығу белгілері: өзін жақсы сезіну, ауыз қуысында және мойынның лимфатикалық буындарында ауырсыну белгілерінің болмауы; 7 күннен аса қалыпты температура; қалыпты дене салмағының толықтай қалпына келуі. Дене шынықтыру сабағына 14-15 күннен кейін, жаттығуға 20-21 күннен кейін, жарыстарға 30-35 күннен кейін қатысу. Жарысқа қатысуға рұқсат беру кезінде жүрек-қан тамыр жүйесінің жағдайына баса назар аудару керек. Функционалды сынақ жүргізу міндетті.
Аппендицит (соқыр ішек): а) өткір. Сауығу белгілері: өзін жақсы сезіну; 10 күннен аса қалыпты температура т.б. Дене шынықтыру сабағына 7-10 күннен кейін, жаттығуға 14-18 күннен кейін, жарыстарға 25-30 күннен кейін қатысу. Ұстаманың қайталанбауына кепілдік болмағандықтан, операция жасау ұсынылады; б) операциядан кейін. Сауығу белгілері: операциядан кейін жақсы (ауырмайтын, қозғалысқа бейімді) тыртық. Дене шынықтыру сабағына 10-15 күннен кейін, жаттығуға 20-25 күннен кейін, жарыстарға 30-40 күннен кейін қатысу. Секіруді, ауырлықты көтеруді және гимнастикалық құралдармен жаттығулар жасауды шектеу керек
Өткір бронхит, жұқпалы. Сауығу белгілері: жалпы денсаулық жағдайының жақсаруы; қалыпты температура; жөтелдің болмауы; өкпеде сырылдың болмауы. Дене шынықтыру сабағына 6-8 күннен кейін, жаттығуға 10-12 күннен кейін, жарыстарға 14-16 күннен кейін қатысуға болады. Дене жаттығуларын орындау кезінде тыныс алу жолдарын бірден, әсіресе кенет суық тиюден қорғау.
Желшешек. Сауығу белгілері: өзін жақсы сезіну; 7 күннен аса қалыпты температура; буындар мен теріде, тыныс алу мауы.
Сауығу белгілері: өзін жақсы сезіну; жолдары аймақтарында ауырсыну белгілерінің болмауы. Дене шынықтыру сабағына 7-8 күннен кейін, жаттығуға 10-12 күннен кейін, жарыстарға 16-18 күннен кейін қатысу.
Мұрынның өткір қабынулары мен жарақаттанулары (фронтит, гайморит). Сауығу белгілері: 14 күннен аса қалыпты температура; бүлінген аймақтарда ауырсыну белгілері мен жағымсыз сезімдердің толық жойылуы. Дене шынықтыру сабағына 8-9 күннен кейін, жаттығуға 16-18 күннен кейін, жарыстарға 20-25 күннен кейін қатысу. Қысқы спорт түрлерімен шұғылдану кезінде аса абай болу және шынығу жүктемесін біртіндеп көтеру керек.
Өкпенің қабынуы (катаральды және крупозды). Сауығу белгілері: өзін жақсы сезіну; 14 күннен аса қалыпты температура; жөтелдің болмауы. Дене шынықтыру сабағына 12-14 күннен кейін, жаттығуға 18-20 күннен кейін, жарыстарға 2530 күннен кейін қатысу. Ауыр түрдегі крупозды қабынуларда тек 2-3 аптадан кейін, қабыну әбден қайтқаннан кейін барып сабаққа қатысқан жөн.
Гастроэнтериты және басқада өткір асқазан-ішек жолдарының қабынулары. Сауығу белгілері: барлық ауру белгілерінің жоғалуы (ауырсыну, жүрек айну, іш өту және т.б.). Дене шынықтыру сабағына 2-3 күннен кейін, жаттығуға 5-6 күннен кейін, жарыстарға 10-12 күннен кейін қатысу. Тамақтану режимін қатаң сақтауға ерекше көңіл бөлу керек.
Тыныс алу мүшелеріне тұмаудан басқа ауа тамырларының, өкпенің қабынып, тыныс демікпесі,туберкулез аурулары бар. Осы аурулардың пайда болуына әсер ететін жағдайлар өте көп. Соның ішінде сырттан түсетін микробтар үлкен зиян келтіреді. Ауруды асқындырмау үшін тез арада дәрігерге қаралу керек. Ауру адамның ыстығы түсіп, жағдайы дұрысталған соң екі күннен кейін емдік гимнастиканы жасатады. Ол тыныс алуды реттейді, іш бұлшық еттеріне әсер етеді. Қан-лимфа айналысын жақсартады.
Тұмау: а) жеңіл және орташа ауыр формалары, 4 күндей жоғары температура, бірден көрінетін тұмау белгілерінің бол-
5 күннен аса қалыпты температура; тыныс алу, жүрек, асқазан-ішек тұстарында және басқа органдарда ауру белгілерінің толық болмауы; жүрек-қан тамырлары жүйесінің қызметін сынақ нәтижелері оң болу.
Дене шынықтыру сабағына 4-5 күннен кейін, жаттығуға 6-8 күннен кейін, жарыстарға 10-12 күннен кейін қатысу; б) біршама ауыр формалары, 5 күннен аса жоғары температура, жекелеген мүшелер қызметінің бұзылуы, сонымен қатар жалпы интоксикация белгілерінің күрт білінуі.
Сауығу белгілері: өзін жақсы сезіну; 7 күннен аса қалыпты температура; басқа белгілер – тұмаудың жеңіл түрлері кезіндегі сияқты; жүрек-қан тамырлары жүйесінің қызметін сынау нәтижелері оң болу. Дене шынықтыру сабағына 10-12 күннен кейін, жаттығуға 18-20 күннен кейін, жарыстарға 30-40 күннен кейін қатысу. Жарыстарға қатысуға рұқсат беру кезінде жүрек-қан тамырлары жүйесін тексеріп, қызметтік сынау жүргізу керек.
Бүйрек аурулары. Адам тіршілігі үшін бүйректің маңызы өте зор. Бүйрек бел омыртқаның екі жағына бір деңгейде орналасады. Бүйрек улы және зиянды заттардан ағзаны тазартып отырады. Сөйтіп оны уланудан сақтайды.
Бүйректің жұмысы қалыпты жағдайда болу үшін әрбір адам өзін таза ұстап, денесін шынықтырып, ащы тағамдарды, алкогольды көп пайдаланбай, тісін дер кезінде емдеп және басқа аурулардан сақтанып отыруы қажет. Бүйрекке арналған гимнастикалық жаттығулар бүйректің қан айналысын жақсартып, қызметін жандандырады.
Бүйректің қабынуы (өткір түрдегі нефрит). Сауығу белгілері: өзін жақсы сезіну; ісінудің болмауы; 5 күн сайын қайталап 3 рет зерттеу жасағанда зәрде ақуыздың және формалы элементтердің болмауы. Дене шынықтыру сабағына 30-35 күннен кейін, жаттығуға 40-50 күннен кейін, жарыстарға 60-90 күннен кейін қатысу. Дәрігердің бақылауында жүйелі түрде болу керек. Екі-үш ай ішінде 2-3 жаттығу жұмыстарынан кейін несеп анализін қайталап тапсыру керек.
Өткір түрдегі және жай түрдегі тері мен слиздық қабықтың аурулары (жұқпалы және жұқпалы емес) кенет ауру сезімдері немесе қозғалысқа шектеу болмайтын түрлері (қышыма, теміреткі және т.б.). Толықтай сауығу уақытын емдеуші дәрігер маман бекітеді және 8-15 күн ішінде ауру белгілері мен рецививінің мүлдем болмауымен сипатталады. Дене шынықтыру сабағына 5-6 күннен кейін, жаттығуға 7-10 күннен кейін, жарыстарға 15-20 күннен кейін қатысу.
Асқынған жүрек аурулары (спорттың немесе басқа қозғалыс салдарынан). Сауығу белгілері: өзін жақсы сезіну, қозғалыс кезінде демігудің болмауы; жүректің қалыпты көлемге келуі, таза және анық соғуы; жүрек-қан тамырлары жүйесінің қызметін сынақ нәтижелері оң болу.
Дене шынықтыру сабағына 30-45 күннен кейін, жаттығуға 60-75 күннен кейін, жарыстарға 90-120 күннен кейін қатысу. Дәрігер және мұғалім тарапынан тұрақты түрде бақылау жасалынуы керек (дәрігер кабинетінде және дене шынықтыру сабақтарында).
Отит (өткір). Сауығу белгілері: 5 күннен аса қалыпты температура; ауырсыну белгілерінің болмауы. Дене шынықтыру сабағына 14-16 күннен кейін, жаттығуға 20-25 күннен кейін, жарыстарға 30-40 күннен кейін қатысу. Суда жүзу сабақтарында аса абай болу қажет.
Плеврит: а) құрғақ. Сауығу белгілері: 20 күннен аса қалыпты температура; өзін жақсы сезіну; өкпе және кеуде тұсында ауру сезімдерінің болмауы; дене салмағының қалыпқа келуі.
Дене шынықтыру сабағына 14-16 күннен кейін, жаттығуға 20-24 күннен кейін, жарыстарға 30-35 күннен кейін қатысу. Шынығу жаттығуларын жасау ұсынылады. Суық тидірмеу. б) экссудативті. Дене шынықтыру сабағына 40-50 күннен кейін, жаттығуға 60-80 күннен кейін, жарыстарға 90-105 күннен кейін қатысу. Шынығу жаттығуларын жасау ұсынылады. Суық тидірмеу.
Өткір түрдегі ревматизм. Сауығу белгілері: өзін жақсы сезіну; 30 күннен аса қалыпты температура; қозғалыс кезінде деформацияның және буын ауырсынуының болмауы; жүрек тұсында ауырсыну белгілерінің болмауы. Дене шынықтыру сабағына 6-8 айдан кейін, жаттығуға 1-1,5 жылдан кейін, жарыстарға 2-2,5 жылдан кейін қатысу. 3-4 айдан кейін арнайы топта емдік гимнастикамен айналысуға болады. Жаттығуды біртіндеп және аса абай болып жасау. Егер ауруға қыс мезгілінде шалдықса, жаттығуды жазға дейін бастамау лазым. Мидың шайқалуы. Сауығу белгілері: өзін жақсы сезіну; бас ауруының және бас айналуының қозғалыссыз және қозғалыс кезінде (15 күннен аса) болмауы; қалыпты рефлекстер. Дене шынықтыру сабағына 2025 күннен кейін, жаттығуға 30-40 күннен кейін, жарыстарға 60-90 күннен кейін қатысу. Жарты жыл бойы дененің бірден шайқалуымен байланысты (шаңғымен секіру, футбол және т.б.) жаттығулармен, сонымен қатар бокспен айналысуға болмайды.
Скарлатина. Сауығу белгілері: өзін жақсы сезіну; 20 күннен аса қалыпты температура; тері қабыршақтануының мүлдем болмауы; несепте патологиялық өзгерістердің болмауы. Дене шынықтыру сабағына 30-40 күннен кейін, жаттығуға 50-60 күннен кейін, жарыстарға 75-80 күннен кейін қатысу. Дене шынықтыру сабағында аса жаттығуларды біртіндеп, аса абай болып жасау керек. Жаттығу басталудың алдында және алғашқы жаттығудан кейін міндетті несеп анализін тапсыру.
Дизентерия. Сауығу белгілері: өзін жақсы сезіну; 15 тәуліктен аса қалыпты нәжіс; тәбеті жақсы болу; негізгі салмаққа жақын; жүрек-қан тамырлары жүйесінің қызметін сынау нәтижелері оң болу. Дене шынықтыру сабағына 14-16 күннен кейін, жаттығуға 20-25 күннен кейін, жарыстарға 30-35 күннен кейін қатысу. Жүрек-қантамыр жүйесі мен асқазан-ішек жолдары қызыметтерін жүйелі түрде бақылап отыру керек.
Дифтерия. Сауығу белгілері: 15 күннен аса қалыпты температура; өзін жақсы сезіну; несепте патологиялық өзгерістердің болмауы. Дене шынықтыру сабағына 30-35 күннен кейін, жаттығуға 40-50 күннен кейін, жарыстарға 60-75 күннен кейін қатысу. 2-3 ай бойы дәрігер бақылауында болады.
Жүрек қызметі жүйелі түрде бақылауда болады. Дене шынықтыру сабақтарында біртіндеп күш түсіріп және аса абай болу керек. Бақылау несеп анализін тапсыру міндетті.
Қызылша. Сауығу белгілері: 7 күннен аса қалыпты температура; ішектің қалыпты қызметі; теріде бөрткеннің болмауы. Дене шынықтыру сабағына 14-16 күннен кейін, жаттығуға 20-21 күннен кейін, жарыстарға 25-30 күннен кейін қатысу.
Малярия. Сауығу белгілері: өзін жақсы сезіну; 10 күннен аса қалыпты температура; көкбауыр үлкеюінің болмауы. Дене шынықтыру сабағына 6-7 күннен кейін, жаттығуға 9-10 күннен кейін, жарыстарға 14-16 күннен кейін қатысу. Су спорты түрлерімен шұғылданғанда және күн ваннасын қабылдау кезінде ерекше абай болу. Алғашқы 2-3 жаттығулардан кейін міндетті қайталама несеп анализін тапсыру.
Жүйке аурулары. Жүйке жүйесі ауруы кезінде көптеген органдар мен жүйелер қызметі толық жұмыс істей алмайды. Бірінші кезекте жүрек-қан тамырлары жүйесі.
1 Жүйке жүйесі мидан және дененің барлық бөліміне тармақталып жатқан жүйке ұштары бар жұлыннан құралады. Ми мен жұлын орталық жүйке жүйесін, ал, жұлын тармақтары шеткі жүйке жүйесін түзеді. Жүйке жүйесі денедегі барлық мүшелердің бір-бірімен үйлесімді қызмет етуін басқарады. Ағзаны сыртқы ортамен байланыстырады. Жүйке жүйесі арқылы адам өзінің айналасындағы ортаны танып, біліп, зерттеп және өзгертуге белсене араласып отырады.
Жүйке жүйесінің көптеген бұзылуларының пайда болу негізін ескеру қажет. Олар абсолютті дене жүктемелері кезінде жеткілікті оттегі мөлшерімен қамтамасыз етуін талап ететін мидың түрлі бөлімдеріне қатысты оттегі жетіспеушілігін тудырады. Сондықтан аурудың көпшілігінде көп мөлшерде дене жүктемесін түсіруге болмайды.
Омыртқаның иілуіне әкелетін қатты шайқалумен байланысты жаттығулар жасау қауіпті (қысым, акробатикалық жаттығулар кезіндегі иілу, баспен тұру, ауыр көтеру және т.б.). Тепе-теңдікті сақтау қажеттілігі және құлау қаупі бар жаттығуларды орындау кезінде абай болу керек.
Дене қасиеттері негізінен өте жай дамиды немесе мүлдем дамымайды. Қозғалыс дағдыларын меңгеруде қиындық туады. Мұндай жағдайларда компенсаторлы орнын басушы жаттығуларды қалыптастыруға өте болады. Дайындық тобына ауысу жүйке жүйесінің жалпы бұзылу белгілерінің толықтай болмауы, қозғалыс қызметінің елеусіз жергілікті бұзылуының сақталуы кезінде мүмкін. Негізгі топқа ауысу көрсетілмеген.
Эндокринді аурулар. Дене дайындығын ұйымдастыру кезінде ағза жағдайының келесі ерекшеліктерін ескеру қажет:
алмасулардың барлық түрлерінің бұзылуы (оның ішінде, сулы, минералды және дәрумен), олардың бірінің басымырақ бұзылуы;
бұлшық еттердің күші мен тонусының әлсіреуі;
барлық органдар мен жүйелер қызметінің әлсіздігі. Бірінші кезекте жүрек зардап шегеді. Онда ауысудың кез келген бұзылуында дистрофикалық өзгерістер байқалады. Семіздік кезінде тыныс алу қызметі диафрагманың жоғарғы жағдайынан зардап шегеді;
aс қорыту органдарының қызметі қиындайды, тірек-қимыл аппаратының өзгерісі байқалады (омыртқаның қалыпты майысуларының артуынан тік жүрудің бұзылуы, майтабандылық, тізе буындарындағы ауырсыну);
ағзаның қорғаныш күштерінің, төзімділігінің төмендеуі, бұл жеке суық тию ауруларынан, созылмалы қабыну процесстерінен көрінеді;
қанның толық қорытылмаған тағаммен қанығуы, бүйрек арқылы және өкпе арқылы газ түрінде бөлініп, өкпені зақымдайды және терең вентиляция талап етіледі. Қанда мұндай тағамдардың жиналуы қуаттылығы жоғары жұмысты орындау қабілетіне белгілі бір шектеу келтіреді; көмірсутек ауысуының жеткіліксіздігі қалыпты қарқынды жұмысты орындауға кедергі келтіреді;
диабет және семіздік кезінде ауысу процесінің жағдайы тағам құрамына тәуелді.
Ауыспалы ауру кезінде денсаулық жағдайының ауытқушылығын дене дайындығы әдістемесі анықтайды. Алайда ауысудың бұзылуы кезінде дене шынықтырусауықтырудың басты шарттарының бірі – ұтымды тамақтану, жеке бас тазалығына жоғары талаптар қою (дене, киім тазалығын сақтау) және сабақтық гигиеналық шарттары.
Суға шомылу, ауа және күн шынықтыру процедураларын қабылдау кезінде аса абай болу керек. Дене жаттығулары ішінде жүрек қан тамырлары әлсіздігі, негізінен жүрек ауруының себебінен жоғары қарқында жаттығулар жасау қауіпті. Сонымен қатар дене жаттығуларының барлық түрі жүктемені біртіндеп көбейткен сайын оң әсерін тигізеді.
Өзгермелі бұзылушылық кезінде дайындық тобына ауыстыру мүмкін, егер өзгерістер елеусіз болса, дене шынықтыру жаттығулары әсерінен жалпы денсаулық жағдайы және жұмысқа қабілеттілігі біршама жақсарады. Негізгі топқа ауысу мүмкін емес.
Қорыта келгенде, мектеп жасындағы оқушылар дене тәрбиесінің оқушылар өмірінде үлкен мәнге, аса зор маңызға ие тәрбие үрдісі болып табылады. Бұл кезеңде жіберілген қателіктердің орнын еш уақытта толтыруға болмайды. Сондықтанда оқушылық кезеңдегі балалар денсаулығын нығайту, дене қуаты дайындықтарын жетілдіру, дене қуаты қасиеттерін толық дамыту кезек күттірмес мәселелердің бірі болып табылады.
Ал, денсаулығында белгілі бір ауытқушылықтар бар денсаулығы әлсіз оқушылардың дене тәрбиесі турасында мынадай қысқаша қорытынды жасауға болады: оқушылардың денсаулық жағдайының ауытқуы кезінде ағзаның жалпы сипаттамалық ерекшеліктерін қалыптастыратын ең маңызды әрі жетекші механизмдердің бірі қозғалыс белсенділігінің төмендеуі болып табылады. Бұл жалпы қозғалыс белсенділігінің жеткіліксіз формасы түрінде, сонымен қатар дамытушы сипаттағы қарқынды жүктемелердің шектелуі түрінде болуы мүмкін. Қозғалыс белсенділігі ұзақ уақыт шектелген балаларда барлық өмірлік қызметтері деңгейі төмендеушілігі, органдардардың дамуы мен өзгерістеріне бағытталған икемділік процестерінің нашарлауы, гомеостаз (ішкі тұрақтылық) бен белсенділіктің төмендеуі, ағзаның қарсы тұрушылық қасиетінің төмендеуі және спецификалық емес төзімділігі байқалады. Әр ауру кезінде ағза жағдайының ерекшелігін ескере отырып, сабақтардың жеке формаларын тиімді пайдалануға және арнайы әдістемелерді қолдануға болады. Негізгі топ пен арнайы дәрігерлік топ оқушыларының сабағы жалпы сипатқа ие. Сондықтан дене шынықтыру пәнінің мұғалімі әлсіз және ауруға шалдыққан ағзаның жалпы қасиеттерін басшылыққа алу керек.
Дене тәрбиесі сабағында денсаулық жағдайы әлсіз балалармен жұмыс істеу барысында қажетті құралдарды, әдістерді және ұйымдастыру формаларын кешенді пайдалану денсаулықты нығайтып, ой және дене қызметінің қабілетін жетілдіріп, қана қоймай, жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді.
Күтілетіннәтиже
Мектеп оқушылары денешынықтыру пәніне қызығушылықпен қатысады
Денсаулығында ақауы бар оқушыларға арнайы медициналық топ ашу
Денсаулығы төмен оқушылармен сабақ өткізу.
Әдебиеттер
Неменко Б.А. Оспанова Г.К Балалар мен жасөспірімдергигиенасы(Оқулық).- Алматы 2002.344б.
Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков., М., Медицина, 2004.
дайындалған бала ағзасы көтере алмай, бірден асқынып кетуі мүмкін.