Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


-тарау. «Неміс тілі» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет20/83
Дата28.08.2023
өлшемі2,58 Mb.
#105621
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   83
Байланысты:
№399 бұйрыққа өзгеріс

2-тарау. «Неміс тілі» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
1-параграф. «Неміс тілі» пәнінің мазмұны
5. «Неміс тілі» пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:
1) 3-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 72 сағат;
2) 4-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 72 сағатты құрайды.
6. «Неміс тілі» оқу пәнінің 3-сыныпқа арналған базалық мазмұны:
1) тыңдалым: сөздердің фонемалық айырмашылықтарын анықтайды, 
әріптеп айтылған қысқа қарапайым сөздер, сабақтағы кең ауқымды іс-әрекеттерді 
орындау үшін қысқа нұсқауларды тыңдайды, жалпы және кейбір оқу 
тақырыптарына шағын диалогтардың негізгі идеяларын анықтайды, жалпы және 
кейбір оқу тақырыптарына байланысты қысқаша сұрақтарды тыңдайды, жалпы 
және оқу тақырыптарының шектеулі шеңберіне мәтіндер мен диалогтардың 
шағын үзінділеріне таңдамалы ақпаратты анықтайды, жалпы және оқу 
тақырыптарына қолдау көрсету арқылы шағын диалогтардың мазмұнын болжау 
үшін контексттік ойды пайдаланады, жалпы және кейбір оқу тақырыптарына 
шағын әңгімелерді тыңдайды;


Редакциялау күні
05.07.2023
Сақтау күні
21.07.2023
Дата редакции
05.07.2023
Дата скачивания
21.07.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
2) айтылым: ортақ тақырыптардың шектеулі шеңберінде өзі туралы 
қарапайым сөйлем (5-6 сөйлем) құрастырады, ортақ және оқу тақырыптарына 
сұрақтар қояды, қарапайым сөздермен адамдар мен заттарды суреттейді, ортақ 
тақырыптардың шектеулі шеңберінде сұрақтарға жауап береді, тақырыптардың 
шектеулі шеңберіне өзге адамдармен шағын диалог барысында сөз алмасады, 
жұптасып, топтасып, барлық сыныппен қысқа талқылауларға қатысады, тиісті 
сөздер, сөз тіркесімдері мен сөйлемдердің шектеулі шеңберін пайдалана отырып, 
өз пікірлерін айтады, қысқа жеңіл мәтіндерді мазмұндайды;
3) оқылым: дауыстап оқу барысында таныс сөздерді және қысқа сөз 
тіркесімдерін таниды және анық айтады, ортақ және оқу тақырыптарының 
шектеулі шеңберінде күрделі емес көркемдік және ғылыми-көпшілік мәтіндерді 
мәнерлеп оқи алады, иллюстрациялары бар қарапайым сөздікті қолданады, 
контексттік ой арқылы ортақ және кейбір оқу тақырыптарға арналған қысқа 
күрделі емес мәтіндердің негізгі идеясын анықтайды, ортақ және кейбір оқу 
тақырыптарға арналған қысқа күрделі емес мәтіндердің нақты ақпаратын түсінеді;
4) жазылым (Schreiben/шрайбен): мұғалімнің айтарлықтай қолдауымен 
жеке, ортақ және кейбір оқу тақырыптарына қысқаша сөйлемдерді құрастырады, 
жазады және жазылуын тексереді, қалыпты көлемдегі және формадағы сөздер мен 
сөз тіркесімдері, адамдар, орындар және заттарды сипаттау үшін қысқа сөз 
тіркесімдері, қысқа күрделі емес сөйлемдерді жазады, сөздер арасында қажетті 
бос орындарды қалдыру арқылы негізгі жалғаулықтар көмегімен сөздерді немесе 
сөз тіркесімдерін байланыстырады, мұғалім жетекшілігімен жазбаша жұмыстарды 
орындау барысында адам атын, жер-су атауларын және қысқа сөйлемдерді жазу 
кезінде бас әріптер мен жол әріптерін дұрыс жазады, мұғалім жетекшілігімен 
жазбаша жұмыстарды орындау барысында жиі қолданылатын таныс сөздердің 
көп көлемін жазады;
5) неміс тілін қолдану (Sprachanwendung/шпраханвендунг): тәуелділікті 
белгілеу барысында атау септігінде көпше түрдегі 1,2,3-жақтағы тәуелдік 
артикльдерін жекеше және көпше түрдегі зат есімдермен қолдану, есептік сан 
есімдер - 1 – 50-ге дейін санайды, заттарды суреттеу үшін сын есімдерді 
пайдаланады, таныс тақырыптарға сөйлесу барысында wer/вэр, was/вас, wo/во, 
wohin/вохин, wie/ви viele/филе, wie/ви alt/альт, wie/ви oft/офт сұрау сөздерін 
қолданады, өздеріне ненің ұнайтындығын, тілектері мен әдеттерін, қарапайым 
оқиғаларды сипаттау үшін кейбір етістіктер түрлерін (хабарлы және сұраулы 


Редакциялау күні
05.07.2023
Сақтау күні
21.07.2023
Дата редакции
05.07.2023
Дата скачивания
21.07.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
сөйлемдер) осы шақта (Präsens/Презэнс) қолданылады, Қашан? Қаншалықты жиі? 
сұрақтарына жауап беру үшін manchmal/манхьмаль, oft/офт, immer/имэр, nie/ни 
мезгіл және жиілік үстеулерін, тілек білдіру кезінде möchten/мөхэн модальді 
етістігін пайдаланады, зат есімді жасалуы бойынша ажыратады, атау және табыс 
септіктерінде зат есімді жекеше және көпше түрде анықталған, анықталмаған 
артикльдермен пайдаланады, жыл мезгілін, айды, апта күнін, тәулік уақытын 
және уақытты сағат бойынша белгілеу үшін am/ам, im/им, um/ум мезгіл көмекші 
сөздерін, сөздерді байланыстыру үшін und/унд, oder/одэр, aber/абэр 
жалғаулықтарын қолданады.
7. «Неміс тілі» оқу пәнінің 4-сыныпқа арналған базалық мазмұны:
1) тыңдалым: сыныптағы нұсқаулардың кең ауқымын, жеке басқа қатысты 
сұрақтардың кең ауқымын, түрлі ортақ және оқу тақырыптары бойынша қысқаша 
әңгімелер мен мәтіндердің негізгі идеяларын, ортақ және кейбір оқу 
тақырыптарының кең көлемін қолдау арқылы айрықша ақпарат пен қысқаша 
әңгімелерді түбегейлі, ортақ және кейбір оқу тақырыптарға қысқаша әңгімелер 
мен мәтіндердегі мазмұн мен мағынаны болжау үшін контексттік ойды тыңдайды 
және түсінеді;
2) айтылым: оқылып жатқан сөздерді, қысқа сөз тіркесімдерін, дара және 
бағыныңқы сөйлемдерді дұрыс айту, ортақ және кейбір оқу тақырыптарына сұрау 
және баяндау сипатындағы зерттелген сөйлеу модельдерін пайдалану, адамдар 
мен заттардың қысқаша сипаттамасын беру, ортақ және кейбір оқу тақырыптары 
бойынша сұрақтарға жауап беру, полилогтарға қатысу, оң және қарсы пікір айту, 
ортақ және кейбір оқу тақырыптарының шектеулі көлеміне шағын әңгімелер мен 
оқиғаларды мазмұндау;
3) оқылым: мәтін деңгейіндегі фразаларды тану және дұрыс айту, көркемдік 
және көпшіліке арналған ғылыми әдебиеттің қысқаша қарапайым мәтіндерін оқу 
және түсіну, контексттік ойды пайдалана отырып, ортақ және кейбір оқу 
тақырыптары бойынша қысқаша қарапайым мәтіндердің негізгі идеясын анықтау, 
қысқа қарапайым мәтіндердегі арнайы ақпарат пен егжей-тегжейлерді түсіну;
4) жазылым: жазбаша жұмыстарды өздігінен орындаған кезде адам аттарын, 
орындар мен сөйлемдерді жазу барысында бас әріптер мен жол әріптерін 
ажырату, өзіндік жазбаша жұмысы барысында жиі пайдаланылатын сөздердің 
басым көпшілігін дұрыс жазу, жеке, ортақ және кейбір оқу тақырыптарына 


Редакциялау күні
05.07.2023
Сақтау күні
21.07.2023
Дата редакции
05.07.2023
Дата скачивания
21.07.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
сөйлемдерді жоспарлау, жазу және дұрыстау, мұғалімнің қолдауымен адамдарды, 
орындарды және заттарды сипаттайтын қысқа сөйлемдер құрастыру, жеке басы 
туралы мәлімет беру кезінде азат жолдағы қысқаша сөйлемдердің бірізділігін 
сақтау, негізгі жалғаулықтар көмегімен сөйлемдерді байланыстыру;
5) неміс тілін қолдану: заттарды атау, сипаттау және белгілеу үшін көпше 
және жекеше түрдегі зат есімдерді, саналмайтын зат есімдерді, 1, 2, 3-жақтағы 
жекеше түрдегі және 1-жақтағы көпше түрдегі тәуелдік артикльдерін пайдалану, 
есептік сан есімдерді – 1-ден 100-ге дейін және реттік сан есімдерді – 1-10-ға 
дейін, заттарды сипаттау үшін сын есімдерді, шектеулі көлемдегі ортақ және 
кейбір оқу тақырыптарындағы заттарды белгілеу үшін жекеше түрдегі 1,2,3-
жақтағы және көпше түрдегі 1-жақтағы артикльдерді, таныс тақырыптардың көп 
көлеміне сұрақ қою үшін wer/вэр, was/вас, wo/во, wohin/вохин, wie/ви viele/филе, 
wie/ви alt/альт, wie/ви oft/офт сұрау сөздерін, қысқа пайымдауларды, сұрақтарды 
және жауаптардағы dieses/дизэс, diese/дизэ, dieser/дизэр сілтеу есімдіктерін, таныс 
тақырыптардың көп көлеміне қысқаша нұсқаулар беру үшін бұйрық райды 
(жекеше түрдегі екінші жақ, көпше түрдегі үшінші жақ сыпайы формада), жеке 
басы туралы ақпарат беру үшін және іс-әрекеттерді, айғақтарды және оқиғаларды 
осы және келер шақта талқылау үшін осы шақ формаларын пайдалану, іс-әрекетті, 
сезімді, оқиғаларды сипаттау үшін кейбір етістіктердің қарапайым осы шақтағы 
түрлерін: hat/хат, hatte/хатте пайдалану, сыныптағы қалыпты іс-әрекеттерді 
сипаттайтын зат есімдер рөліндегі (негізделген) етістіктердің формаларын, іс-
әрекеттің қашан және қаншалықты жиі жүзеге асатындығын көрсету үшін мезгіл 
және жиілік үстеулерін: manchmal/манхьмаль, oft/офт, immer/имэр, nie/ни, қимыл-
сын үстеуін пайдалану: langsam/лангзам, schnell/шнэль, рұқсат сұрау үшін darf
/дарф, nicht/нихт модальді етістіктерін қолдану, тілек білдіру үшін wollen/волен 
етістігін, мекен, жағдай және бағыт көмекші сөздерін: hinter/ хинтэр, vor /фор, 
neben /нэбэн, oben /обэн, unten/унтэн, rechts/рэхтс, links/линкс, мезгіл көмекші 
сөздерін: vor/фор, nach/нах, алушыны көрсету үшін für/фюр көмекші сөзін, тиісті 
жауаптарды: ja/я, bitte/биттэ, nein/найн, danke/данкэ, сөздерді, фразаларды және 
бағыныңқы сөйлемдерді байланыстыру үшін und/унд, oder/одэр, aber/абэр, denn
/дэн жалғаулықтарын қолдану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет