Редакциялау күні
05.07.2023
Сақтау күні
21.07.2023
Дата редакции
05.07.2023
Дата скачивания
21.07.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
ҚР НҚА ЭББ-гі нақты
құжатқа сілтеу QR-коды
«ЗҚАИ» ШЖҚ РМК лауазымды тұлғаның ЭЦҚ мәліметі бар QR-код
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту
министрлігі
Қазақстан Республикасы Оқу-
ағарту министрінің 2023 жылғы 5
шiлдедегi № 199 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігінде 2023
жылғы 14 шiлдеде № 33078 болып
тіркелді
Министерство просвещения Республики Казахстан
«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің,
бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің таңдау
курстарының үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 399
бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН
:
1. «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің,
бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің таңдау курстарының
үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту
министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 399 бұйрығындағы (Нормативтік
құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29767 болып тіркелген)
мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
««Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабы 14)
тармақшасына сәйкес
»;
БҰЙЫРАМЫН:
1-тармақтың 22) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«22) осы бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім беру деңгейінің 2
сыныбына арналған «Орыс тілі» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы
(оқыту орыс тілінде емес);»;
1-тармақ мынадай мазмұндағы 22-1-тармақшамен толықтырылсын:
Редакциялау күні
05.07.2023
Сақтау күні
21.07.2023
Дата редакции
05.07.2023
Дата скачивания
21.07.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
«22-1) осы бұйрыққа 22-1-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім беру
деңгейінің 3-4 сыныптарына арналған «Орыс тілі» оқу пәні бойынша үлгілік оқу
бағдарламасы (оқыту орыс тілінде емес);»;
1-тармақтың 23), 24) және 25) тармақшалары мынадай редакцияда
жазылсын:
«23) осы бұйрыққа 23-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім беру деңгейінің 3-
4 сыныптарына арналған «Ағылшын тілі» оқу пәні бойынша үлгілік оқу
бағдарламасы;
24) осы бұйрыққа 24-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім беру деңгейінің 3-4
сыныптарына арналған «Неміс тілі» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;
25) осы бұйрыққа 25-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім беру деңгейінің 3-4
сыныптарына арналған «Француз тілі» оқу пәні бойынша үлгілік оқу
бағдарламасы;»;
1-тармақтың 30), 31) және 32) тармақшалары мынадай редакцияда
жазылсын:
«30) осы бұйрыққа 30-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім беру деңгейінің 1-
4 сыныптарына арналған «Бейнелеу өнері» оқу пәні бойынша үлгілік оқу
бағдарламасы;
31) осы бұйрыққа 31-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4
сыныптарына арналған «Еңбекке баулу» оқу пәні бойынша үлгілік оқу
бағдарламасы;
32) осы бұйрыққа 32-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім беру деңгейінің 3-4
сыныптарына арналған «Көркем еңбек» оқу пәні бойынша үлгілік оқу
бағдарламасы;»;
көрсетілген бұйрыққа 22-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа
редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда 22-1-қосымшамен
толықтырылсын;
көрсетілген бұйрыққа 23, 24 және 25 қосымшалар осы бұйрыққа 3, 4 және 5-
қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Редакциялау күні
05.07.2023
Сақтау күні
21.07.2023
Дата редакции
05.07.2023
Дата скачивания
21.07.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
көрсетілген бұйрыққа 27-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа
редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 30, 31 және 32-қосымшалар осы бұйрыққа 7, 8 және 9-
қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 98, 99, 100, 101, 102 және 103-қосымшалар осы
бұйрыққа 10, 11, 12, 13, 14 және 15-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда
жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру
комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде
мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы
тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы
туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан
Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа
енгізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |