Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған



Pdf көрінісі
бет40/83
Дата28.08.2023
өлшемі2,58 Mb.
#105621
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   83
Байланысты:
№399 бұйрыққа өзгеріс

Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған 
«Еңбекке баулу» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Еңбекке баулу» оқу пәнінің оқу бағдарламасы (бұдан әрі – бағдарлама) 
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, 
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік 
жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-
ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығымен бекітілген 
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, 
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік 
жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық 
актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №29031 болып тіркелген).
2. Оқу бағдарламасының мақсаты – көркемдік-технологиялық білімнің, 
кеңістіктік-образдық, шығармашылық ойлаудың негіздерін қалыптастыру, жеке 
тұлғаның қалыптасуының негізі ретінде рухани-адамгершілік мәдениетті дамыту.
3. Оқу пәнінің міндеттері:
1) Әртүрлі ақпарат түрлерін іздеу, жинау, сұрыптау, бағдарлау қабілетін 
дамытуға ықпал жасайтын, әртүрлі танымдық, коммуникативтік, 
ұйымдастырушылық және адамгершілік сипаттағы міндеттерді өздігінен шешу 
тәжірибелерін қалыптастыру;


Редакциялау күні
05.07.2023
Сақтау күні
21.07.2023
Дата редакции
05.07.2023
Дата скачивания
21.07.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
2) жеке, топтық және ұжымдық жұмыстарды орындау процесінде қолдың 
моторикасын, сенсорикасын, қиялдауы мен шығармашылығын, елестетуін және 
қабылдауын дамыту;
3) әртүрлі материалдар мен құралдарды қолдану арқылы кеңістіктік-
образдық ойлау дағдыларын қалыптастыру;
4) позитивті дүниетанымды қалыптастыру, білім алушылардың өзін-өзі 
бағалауын арттыру;
5) ұлттық және әлемдік мәдениет туындыларымен танысу арқылы 
зерттеушілік дағдыларын дамыту;
6) ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере 
отырып, барлық білім алушылардың білім алуға тең қол жеткізуі үшін жағдай 
жасау.
4. Оқу процесін ұйымдастырудың педагогикалық тәсілдері
«Еңбекке баулу» оқу бағдарламасы келесі қағидаларды сақтайды:
Іс-әрекеттік тәсіл. Қоғам дамуының осы кезеңіндегі жалпы білім беретін 
мектептің маңызды міндеттерінің бірі – білім алушыларды білім қорымен 
«қамтамасыз ету» емес, сонымен қатар оларға өздігінен ақпарат алуға және 
шығармашылық, ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысуға мүмкіндік 
беретін дағдыларды қалыптастыру. Осыған байланысты оқу үдерісіне білім 
алушылардың оқып үйренуін, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға және 
дамытуға ықпал ететін технологияларды енгізу өзекті болып табылады. Әрекеттік 
әдіс тек іс-әрекетті оқытуды ғана емес, сонымен бірге білімді терең және нық 
игеруді қамтамасыз етеді.
Жеке тұлғаға бағытталған тәсіл. Жеке тұлғаға бағытталған білім беру 
балалардың жеке бас ерекшеліктерін (жас, физикалық, психологиялық, 
интеллектуалдық) ескере отырып, олардың тәрбиесіне, біліміне және дамуына, 
сондай-ақ кез келген балаға ерекше тұлға ретінде қарауды көздейді.
Сараланған тәсіл. Білім алушылардың жас және жеке бас ерекшеліктерін 
есепке алумен сипатталатын оқыту, әрбір білім алушыны оның мүмкіндіктері мен 
қабілеттері деңгейінде оқыту; оқытуды білім алушылардың әртүрлі топтарының 


Редакциялау күні
05.07.2023
Сақтау күні
21.07.2023
Дата редакции
05.07.2023
Дата скачивания
21.07.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
ерекшеліктеріне бейімдеу. Саралап оқыту барысында білім алушылардың 
мүмкіндіктеріне сәйкес дамуын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін түрлі әдістер, 
тәсілдер, оқыту нысандары және арнайы дидактикалық материалдар қолданылады.
Коммуникативті тәсіл. Коммуникативті тәсілдің нәтижесі - қарым-
қатынастың басқа қатысушыларымен өзара әрекеттесу процесінде қарым-қатынас 
жасау, ойлармен бөлісу және идеялармен алмасу мүмкіндігі. Оқу үдерісінде 
әртүрлі коммуникация құралдарын пайдалану білім алушылардың сыни және 
өзіндік ойлауын дамытуға ықпал етеді. Оқу үдерісінде коммуникативтік тәсілге 
сәйкес қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға, жеке және топтық іс-әрекет 
процесінде өздерінің шығармашылық жұмыстары мен басқалардың жұмысын 
бағалау және талдауға ықпал ететін тапсырмаларды қосу қажет.
Көркемдік-технологиялық тәсіл. Бұл білім алушылардың материалдарды, 
құралдарды, заңдылықтар мен ережелерін білу, жобалау және модельдеу 
шығармашылық нысандарды дайындаудың технологиялық реттілігін таңдау 
мәселелерін шешуге бағытталған оқу-танымдық іс-әрекеті.
5. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау туралы
«Еңбекке баулу» пәнін оқыту нәтижелерін бағалау қалыптастырушы 
бағалауды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз 
жүргізіледі, білім алушы мен педагог арасындағы кері байланысты қамтамасыз 
етеді және оқу үрдісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді. Оқу ақпаратының 
бөлімін зерделеуі аяқталғаннан кейін оқытудың белгілі бір кезеңінде 
қалыптастырушы бағалау жүргізіледі, білім алушыларға кері байланыс беруден 
шығатын критериалды бағалаудың «сынақтан өтті» және «сынақтан өтпеді» 
қағидатын негізге алу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет