Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


Бастауыш білім беру деңгейінің 3-4-сыныптарына арналған «Орыс тілі» оқу



Pdf көрінісі
бет11/83
Дата28.08.2023
өлшемі2,58 Mb.
#105621
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   83
Байланысты:
№399 бұйрыққа өзгеріс

Бастауыш білім беру деңгейінің 3-4-сыныптарына арналған «Орыс тілі» оқу 
пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту орыс тілінде емес)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Орыс тілі» оқу пәнінің оқу бағдарламасы (бұдан әрі – бағдарлама) 
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, 
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік 
жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-
ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген 
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, 
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік 
жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық 
актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).
2. «Орыс тілі» оқу пәнін оқытудың мақсаты сөйлеу этикетінің ережелеріне 
және қарым-қатынас жағдайына бағытталған сөйлеу әрекеттеріндегі тілдік 
бірліктерді пайдалану нормаларына сәйкес тыңдалым, сөйлеу, оқылым және 
жазылым дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
3. «Орыс тілі» оқу пәнін оқытудың міндеттері:
1) өмірдің әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, ғылыми-көпшілік, 
оқу-тәрбиелік салаларында әңгімелесу үшін қажетті тыңдалым, айтылым, 
оқылым, жазылым дағдыларын дамыту;


Редакциялау күні
05.07.2023
Сақтау күні
21.07.2023
Дата редакции
05.07.2023
Дата скачивания
21.07.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
2) орыс тілінің нормалары мен ережелеріне сәйкес синтаксистік тұрғыдан 
дұрыс сөйлемдерді құрастырудың дағдылары мен біліктері, тіл бірліктері туралы, 
олардың бірігуі, жұмыс істеуі туралы білімді қалыптастыру;
3) білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, алынған 
ақпаратты талдау, синтездеу, бағалау, түсіндіруге бағытталған логикалық ойлау 
дағдыларын қалыптастыру және дамыту;
4) іздеу, танысу, зерттеп оқу дағдыларын қалыптастыру, оқылған ақпарат 
бойынша диалог пен монолог құру;
5) білім алушылардың сөздік қорын орыс тілінің коммуникативті-өзекті 
лексикасымен және фразеологиясымен байыту;
6) ақпараттық-коммуникациялық және компьютерлік технологияларды 
пайдалану дағдыларын қалыптастыру және дамыту;
7) қазақ, орыс және өзге де халықтардың мәдени құндылықтарын түсінуді 
қалыптастыру.
4. Бастауыш мектептің соңында білім алушылар Тілдерді меңгерудің 
жалпыеуропалық жүйесі (CEFR) бойынша А1, А2 (бастапқы деңгей) қарапайым 
деңгейінде тілді меңгереді.
5. Оқу бағдарламасында үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған, 
онда үш тілді меңгертіп қана қоймай, сол сияқты білім алушылардың сыныптан 
тыс жұмыстарын да үш (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) тілде 
ұйымдастыру қарастырылған.
6. Жеке тұлғалық қасиеттердің кең ауқымды дағдылармен бірлікте дамуы 
білім алушылар бойында білім берудің «қазақстандық патриотизм мен азаматтық 
жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек және шығармашылық», 
«ашықтық», «өмір бойына білім» сияқты негізгі құндылықтарын дарыту, бойына 
сіңіруі үшін негіз болып табылады. Бұл құндылықтар білім алушылардың оның 
мінез-құлқы мен күнделікті іс-әрекетін ынталандыратын тұрақты тұлғалық 
бағдарлары бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет