Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


Бастауыш білім беру деңгейінің 3-4-сыныптарына арналған



Pdf көрінісі
бет19/83
Дата28.08.2023
өлшемі2,58 Mb.
#105621
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   83
Байланысты:
№399 бұйрыққа өзгеріс

Бастауыш білім беру деңгейінің 3-4-сыныптарына арналған 
«Неміс тілі» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Оқу бағдарламасы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, 
негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім 
берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан 
Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 
бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі 
бұйрығымен
орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің 
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген (Нормативтік 
құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).
2. «Неміс тілі» оқу пәні бойынша оқу бағдарламасы:
1) білім алушылардың талдау, бағалау және шығармашылық ойлауды 
қалыптастыратын әр түрлі тапсырмаларды орындау;
2) ауызша және жазбаша түрдегі дереккөздердің сан алуан түрлері;
3) ынталандыратын және қызықты пәндік мазмұн арқылы білім 
алушылардың неміс тілінен А1 деңгейіне жету мақсатын көздейді.
3. Бастауыш сыныптардағы оқу бағдарламасының мазмұны білім 
алушыларды неміс тілін күнделікті өмірде пайдалануға үйретуге, сонымен қатар 


Редакциялау күні
05.07.2023
Сақтау күні
21.07.2023
Дата редакции
05.07.2023
Дата скачивания
21.07.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
неміс тілін одан әрі үйрену үшін қажетті тұрақты негіз қалауға бағытталған. 
Бастауыш мектептің «Неміс тілі» оқу пәні бағдарламасы білім алушылардың 
сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға, олардың қызығушылығын 
және өзіне деген сенімділігін нығайтып, неміс тілін оқуға деген оң көзқарасын 
қалыптастыруға бағытталған.
4. Жеке тұлғалық қасиеттердің кең ауқымды дағдыларымен бірлесе 
дамытылуы білім алушыларға «қазақстандық патриотизм мен азаматтық 
жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», 
«ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты білім берудің негізгі құндылықтарын 
бойына сіңіруіне көмектеседі. Бұл құндылықтар білім алушының күнделікті іс-
әрекеті мен мінез-құлқын ынталандыратын тұрақты тұлғалық бағдар болып 
табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет