Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық

-тарау. «Көркем еңбек» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру

Pdf көрінісі
бет45/83
Дата28.08.2023
өлшемі2,58 Mb.
#105621
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   83
Байланысты:
№399 бұйрыққа өзгеріс

2-тарау. «Көркем еңбек» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру

Редакциялау күні
05.07.2023
Сақтау күні
21.07.2023
Дата редакции
05.07.2023
Дата скачивания
21.07.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
1-параграф. «Көркем еңбек» оқу пәнінің мазмұны
6. Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 3-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 36 сағат;
2) 4-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 36 сағатты құрайды.
7. Әртүрлі жұмыстарды орындау барысында еңбек гигиенасының және 
қауіпсіздік техникасының ережелері сақталады.
8. Оқу пәнінің мазмұны 3 бөлімнен тұрады:
1) «Шығармашылық идеяларды зерттеу және дамыту» бөлімі: қоршаған 
әлемді, әртүрлі материалдарды зерттеу арқылы зерттеушілік дағдыларын және 
шығармашылық елестету қабілеттерін дамыту, қазақ халқының және басқа 
халықтардың дәстүрі мен мәдениетін зерделеу, өзінің шығармашылық идеяларын 
әзірлеу;
2) «Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау» бөлімі: қоршаған 
ортаны бейнелеуде практикалық дағдыларын дамыту, әртүрлі материалдармен 
эксперимент жүргізу, әртүрлі жұмыс техникаларын меңгеру, өзінің іс-әрекетін 
жоспарлау;
3) «Презентация, талдау және бағалау» бөлімі: презентация арқылы 
комуникативтік және сөйлеу дағдыларын дамыту, соның аясында өзінің және 
басқалардың жұмысын бағалау, презентациялау және түсіндіру.
9. «Көркем еңбек» оқу пәнінің 3-сыныпқа арналған базалық мазмұны:
1) шығармашылық идеяларды зерттеу және дамыту: қоршаған ортаны білу 
және түсіну, табиғатпен жаратылған сәндік өрнектер (ою-өрнектер) және 
формалар, табиғи формаларды интерпретациялау, өнер, мәдениет пен дәстүрді 
білу және түсіну, отандық және әлемдік өнердің әртүрлі шығармалары, қазақ 
халқының және әлем халықтарының қолданбалы өнері (ою-өрнектер, бұйымдар, 
ұлттық киімдер), шығармашылық идеяларды дамыту, шығармашылық идеяларды 
жасау, шығармашылық идеяларды жүзеге асыру, өнердің суреттеу құралдарымен 
көркем бейнелер (образдар) мен сезімдерін (көңіл-күйін, мінезін) көрсету, әртүрлі 
ақпарат көздерімен жұмыс, жұмыс барысын жоспарлау, жұмыс орнын 
ұйымдастыру;

Редакциялау күні
05.07.2023
Сақтау күні
21.07.2023
Дата редакции
05.07.2023
Дата скачивания
21.07.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
2) шығармашылық жұмысты жасау және дайындау: қоршаған ортаны 
бейнелеу, әртүрлі көркем материалдармен табиғаттың мәнерлік бейнелерін (қар, 
жапырақтың түсуі) жасау, флора мен фаунаның өкілдерін бейнелеу, 
шығармашылық жұмысты орындау материалдары мен техникалары, көркемдік 
материалдар мен құралдар, шығармашылық жұмысқа арналған табиғи және 
жасанды материалдар, шығармашылық жұмысқа арналған дәстүрлі емес 
материалдар, әртүрлі материалдармен (көркемдік, табиғи және жасанды) және 
техникалармен (монотипия, кляксография, баспа) эксперименттер жүргізу, 
дайындау технологиясы, өлшеу құралдарымен жұмыс, қарапайым тәсілдермен 
материалдар мен компоненттерді біріктіру, көлемді пішіндерді жасау, мүсіндеу 
техникасы, қағаз пластикасы, қазақ ұлттық мәдениетінің элементтері бар 
шығармашылық жұмыстар, қауіпсіздік техникасын сақтау, қауіпсіздік 
техникасының ережелері;
3) презентация, талдау және бағалау: презентация, шығармашылық 
жұмыстардың презентациясы, өнердегі тәсілдерді талдау, әртүрлі өнер 
туындыларын талдау, бағалау сараптамасы, шығармашылық жұмыстарды 
талқылау және бағалау.
10. «Көркем еңбек» оқу пәнінің 4-сыныпқа арналған базалық мазмұны:

11. Бағдарлама мазмұны әртүрлі көркемдік-шығармашылық әрекетті 
қарастырады. Сабақ барысында іске асырылатын шығармашылық әрекеттің 
түрлерін көркем еңбек мұғалімнің өзі анықтайды. Бұл ретте көркемдік-
шығармашылық әрекеттің негізгі үш түрі: құрылымдау, бейнелеу және сәндеу 
әрекеттері міндетті түрде іске асырылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   83

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет