2-тарау. «Еңбекке баулу» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
1-параграф. «Еңбекке баулу» оқу пәнінің мазмұны
6. Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 1-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 35 сағатты;
Редакциялау күні
05.07.2023
Сақтау күні
21.07.2023
Дата редакции
05.07.2023
Дата скачивания
21.07.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
2) 2-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 36 сағатты;
3) 3-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 36 сағатты;
4) 4-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 36 сағатты құрайды.
7. Оқу бағдарламасының мазмұны келесі материалдарды оқып-үйренуді
қарастырады:
- табиғи материалмен жұмыс;
-қағаз және қатырма қағазбен жұмыс;
-техникалық үлгілеу және құрастыру;
-өзіне-өзі қызмет ету.
8. Әртүрлі жұмыстарды орындау барысында еңбек гигиенасының және
қауіпсіздік техникасының ережелері:
Жұмысты тек мұғалімнің рұқсатымен бастау, жұмыс кезінде басқа жаққа
алаңдамау; қолдану ережесі таныс емес құралдарды пайдаланбау; құралды тек
қажеттілігіне қарай пайдалану; өткір және іске жарамсыз құралдармен жұмыс
істемеу; құралдар мен жабдықтарды арнайы орындарда сақтау; жұмыс орнын таза
және тәртіпте ұстау; құралдар мен жабдықтарды мұғалім көрсеткен ретпен
орналастыру; жұмыс кезінде сөйлеспеу, сыртқы істермен алаңдамау.
9. «Еңбекке баулу» оқу пәнінің 1-сыныпқа арналған базалық мазмұны:
1) «Шығармашылық идеяларды зерделеу және дамыту» бөлімі: қоршаған
әлемді бақылау, әртүрлі материалдардың қасиеттерін (түс, пішін, өлшем, фактура)
зерделеу арқылы зерттеушілік дағдыларын және шығармашылық елестету
қабілеттерін жетілдіру, қазақ және басқа халықтардың салт-дәстүрін, мәдениетін
зерделеу, техникалық үлгілеу және құрастыру идеяларын дамытуды қарастырады.
2) «Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау» бөлімі: ұжымдық,
топтық және жеке жұмыстарды орындау процесінде сенсорика, қолдың
моторикасын, қиялдауы мен шығармашылығын, практикалық дағдыларын
дамыту, әртүрлі материалдармен (қағаз, табиғи және көркемдік материалдар,
ермексаз, дайын шаблондар) эксперимент жүргізу, әртүрлі жұмыс техникаларын
меңгеру, өзінің іс-әрекетін жоспарлау; өлшеу құралдарымен жұмыс, қарапайым
тәсілдер арқылы материалдар мен компоненттерді біріктіру, техникалық үлгілеу
және құрастыру, көлемді пішіндер жасау, ұлттық мәдениеттің элементтері бар
Редакциялау күні
05.07.2023
Сақтау күні
21.07.2023
Дата редакции
05.07.2023
Дата скачивания
21.07.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
шығармашылық жұмыстарды дайын шаблон арқылы орындау; қауіпсіздік
техникасын, гигиеналық талаптарды сақтау; өзінің жұмыс орнын ретке келтіруді
қарастырады.
3) «Талдау және бағалау» (презентация) бөлімі: презентация арқылы
коммуникативтік және сөйлеу дағдыларын дамыту, соның аясында өзінің және
басқалардың жұмысын бағалау, презентациялау және түсіндіруді қарастырады.
10. «Еңбекке баулу» оқу пәнінің 2-сыныпқа арналған базалық мазмұны:
1) «Шығармашылық идеяларды зерделеу және дамыту» бөлімі: зерттеу
және түсіну, қоршаған әлемді сипаттау, халықтың мәдениеті мен дәстүрін білу
және түсіну, қолданбалы өнерді зерттеу, шығармашылық идеяларды жүзеге
асырудың техникалық құралдарын ажырата білу, ақпарат көздерімен жұмыс істеу,
жұмыс орнын ұйымдастыруды қарастырады.
2) «Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау» бөлімі:
шығармашылық жұмыс үшін әртүрлі материалдармен (көркем, табиғи және
жасанды) тәжірибе жасау; қажетті техникалық дағдыларды игеру, жұмыс
процесін жоспарлау, шығармашылық жұмысты дайындау технологиясы, өлшеу
құралдарымен жұмыс, материалдар мен компоненттерді қарапайым тәсілдермен
біріктіру, көлемді формалар жасау, ұлттық мәдениет элементтерімен
шығармашылық жұмыстар жасау, жұмыс орнын ретке келтіру, гигиеналық
талаптарды, қауіпсіздік ережелерді сақтауды қарастырады.
3) «Презентация, талдау және бағалау» бөлімі: шығармашылық
жұмыстардың презентациясы, әртүрлі өнер туындыларын талдау, шығармашылық
жұмыстарды талқылау және бағалау; презентация арқылы коммуникативтік және
сөйлеу дағдыларын дамыту, соның аясында өзінің және басқалардың жұмысын
бағалау, презентациялау және түсіндіруді қарастырады.
11. «Еңбекке баулу» оқу пәні 3-сыныпқа арналған базалық мазмұны:
1) «Шығармашылық идеяларды зерделеу және дамыту» бөлімі: қоршаған
ортадан өздігінен материалдарды жинау және сұрыптау, сәндік-қолданбалы өнер
элементтерін және табиғи формаларды интерпретациялау, өнер, мәдениет пен
дәстүр, қоршаған ортаны қорғау туралы білу және түсіну, отандық әртүрлі өнер
туындыларын зерделеу, ұлттық сәндік-қолданбалы өнер элементтерін, тұрмыстық
Редакциялау күні
05.07.2023
Сақтау күні
21.07.2023
Дата редакции
05.07.2023
Дата скачивания
21.07.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
қалдықтарды қолдану арқылы шығармашылық идеяларды дамыту және жүзеге
асыру, әртүрлі ақпарат көздерінен деректер іздеу, жұмыс барысын жоспарлау,
өзінің жұмыс орнын ұйымдастыруды қарастырады.
2) «Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау» бөлімі:
шығармашылық жұмысқа арналған табиғи, жасанды, дәстүрлі емес,
материалдарды жинау, сұрыптау, эксперимент жүргізу, қажетті жұмыс
техникаларын жетілдіру, өзінің іс-әрекетін жоспарлау, дайындау технологиясы,
өлшеу құралдарымен жұмыс, қарапайым және күрделенген тәсілдер арқылы
материалдар мен компоненттерді біріктіру, көлемді пішіндер жасау, құрастыру,
орындау техникасының қарапайым түрлерімен танысу, ұлттық мәдениеттің
элементтері бар шығармашылық жұмыстар жасау, қауіпсіздік техникасы
ережелерін сақтауды қарастырады.
3) «Презентация, талдау және бағалау» бөлімі: презентация,
шығармашылық жұмыстардың таныстырылымы, әдіс - тәсілдерді талдау, әртүрлі
өнер туындыларын сипаттау, презентация арқылы коммуникативтік және сөйлеу
дағдыларын дамыту, өз ойын еркін жеткізу, шығармашылық жұмыстарды
талқылау және бағалауды қарастырады.
12. «Еңбекке баулу» оқу пәнінің 4-сыныпқа арналған базалық мазмұны:
1) «Шығармашылық идеяларды зерделеу және дамыту» бөлімі: қоршаған
ортадан өздігінен материалдарды жинау, сұрыптау, қолдану, сәндік-қолданбалы
өрнектер және табиғи формаларды күрделендіру, интерпретациялау, өнер,
мәдениет пен дәстүр, қоршаған ортаны қорғау туралы білімін жетілдіру, отандық
әртүрлі өнер туындыларын зерделеу, баға беру, ұлттық сәндік-қолданбалы өнер
элементтері, тұрмыстық бұйымдарды қолдану арқылы шығармашылық идеяларды
дамыту және жүзеге асыру, әртүрлі ақпарат көздерінен деректер іздеу және өңдеу,
жетілдіруді қарастырады.
2) «Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау» бөлімі:
шығармашылық жұмысқа арналған табиғи, жасанды, дәстүрлі емес
материалдарды жинау, құрастыру, эксперимент жүргізу, меңгерілген жұмыс
техникаларын жетілдіру, жоспарланған іс-әрекетті өз бетімен орындау, дайындау
технологиясы, өлшеу құралдарымен жұмыс, қарапайым және күрделенген
тәсілдер арқылы материалдар мен компоненттерді біріктіру, көлемді пішіндер
жасау, құрастыру, ұлттық және әлемдік мәдениеттің элементтері бар
Редакциялау күні
05.07.2023
Сақтау күні
21.07.2023
Дата редакции
05.07.2023
Дата скачивания
21.07.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
шығармашылық жұмыстар жасау, қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауды
қарастырады.
3) «Презентация, талдау және бағалау» бөлімі: презентация,
шығармашылық жұмыстардың таныстырылымы, орындалған жұмыстың
тәсілдерін талдау, әртүрлі өнер туындыларын сипаттау, шығармашылық
жұмыстарды талқылау және бағалау, басқа жұмыстармен салыстыру, пікір айту,
ұсыныс беруді қарастырады.
13. Бағдарлама мазмұны әртүрлі көркемдік-шығармашылық әрекетті
қарастырады. Сабақ барысында іске асырылатын шығармашылық әрекеттің
түрлерін еңбекке баулу мұғалімінің өзі анықтайды. Бұл ретте көркемдік-
шығармашылық әрекеттің негізгі үш түрі: құрылымдау, жоспарлау және сәндеу
әрекеттері міндетті түрде іске асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |