Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


-тарау. Халықаралық мектеп қызметінің үлгілік қағидалары



Pdf көрінісі
бет13/57
Дата06.10.2022
өлшемі1,22 Mb.
#41673
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   57
5-тарау. Халықаралық мектеп қызметінің үлгілік қағидалары
249. Халықаралық мектептер қызметінің негізгі мақсаты – қазіргі қоғамдағы 
өзгерістерге оңай бейімделе алатын және оның дамуына сындарлы үлес қоса 
алатын тұлғаның интеллектуалдық, физикалық және әлеуметтік дамуына ықпал 
ететін үйлесімді және перспективті білім беруді қамтамасыз ету.
250. Халықаралық мектеп білім беру процесінде қазақстандық мектептердің 
және халықаралық мектептік білім берудің үздік педагогикалық тәжірибесін 
қолдану арқылы аталған мақсаттарға қол жеткізуді, білім беру бағдарламаларын 
жоғары ғылыми-әдістемелік жарақтандыруды, педагогикалық ұжымның тұрақты 
кәсіби дамуын қамтамасыз етеді.
251. Халықаралық мектептердің қызметі мынадай қағидаттарда құрылады:
1) мектептің білім беру бағдарламасын интернационалдандыру – білім беру 
процесінің оқушы бойында өз халқының мәдениетіне деген құрмет сезімін
мәдениетаралық түсінік пен толеранттылықты қалыптастыруға бағытталуы;
2) интеграция – мектептің халықаралық білім беру қоғамдастығында толық 
құқылы мүше болуы, мектеп бітірушілерге халықаралық үлгідегі мектепті 
аяқтағандығы туралы құжат алу мүмкіндігін беру, халықаралық деңгейдегі 
педагогті қалыптастыру;
3) академиялық еркіндік – мектептегі білім беру құрылымын (деңгейлерін) 
таңдау, білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру, оқу қызметінің 
нысандары мен әдістері, дербестік және өзін-өзі басқару, қаржылық-
экономикалық, әкімшілік басқарудағы дербестігі;
4) автономдылық және өзін-өзі басқарушылық – қаржылық-экономикалық, 
әкімшілік басқарудағы дербестік;
5) жариялылық және транспаренттілік – мектепті Халықаралық Бакалавриат 
ұйымының білім беру бағдарламаларын халықаралық авторландырудан және


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
/немесе халықаралық институционалдық аккредиттеуден міндетті өткізу, 
мектептің халықаралық білім беру ұйымдарына мүше болуы, қызметтің барлық 
бағыттары бойынша ақпараттық ашықтықты қамтамасыз ету;
6) әлеуметтік жауапкершілік – мектеп бітірушілеріне Қазақстан 
Республикасының жоғары оқу орындарына түсу кезінде білім беру гранттарын 
алу үшін конкурсқа қатысуға мүмкіндік беретін білім беру деңгейін қамтамасыз 
ету.
252. В своей деятельности международная школа руководствуется 
Конституцией Республики Казахстан, законодательством Республики Казахстан, 
локальными документами учредителя (учредителями), настоящими Типовыми 
правилами и Уставом школы.
253. Халықаралық мектеп жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің 
мүдделерінде оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады, жеке тұлғаның 
денсаулығын сақтауды және жан-жақты дамуы үшін, оның ішінде өздігінен оқуда 
және қосымша білім алуда білім алушының қажеттіліктерін қанағаттандыру 
мүмкіндіктеріне қолайлы жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.
254. Халықаралық мектептердің ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны 
құрылтайшының (құрылтайшылардың) шешімімен анықталады.
255. Халықаралық мектепте саяси партиялардың, қоғамдық-саяси және діни 
қозғалыстар мен ұйымдардың ұйымдастырушылық құрылымдарының құрылуына 
және қызмет ету қарастырылмайды.
256. Халықаралық мектепті құрылтайшы (құрылтайшылар) осы Үлгілік 
қағидаларда көрсетілген шарттарды сақтаған жағдайда өзінің бастамасы бойынша 
құрады.
257. Оқу орнын ашу туралы құрылтайшының (құрылтайшылардың) 
бұйрығы және мектептің Жарғысы халықаралық мектептің құрылтай құжаттары 
болып табылады. Мектеп қызметінің негізгі бағыттарын құрылтайшы 
(құрылтайшылар) реттейді.
258. Заңды тұлға ретінде Халықаралық мектептің Жарғысы, банктік 
мекемелерде есептік және басқа да шоттары, мөрі, мөртаңбасы, өзінің атауы бар 
бланкілері болады


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
259. Халықаралық мектеп білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензия 
алған сәттен бастап білім беру қызметін жүргізуге құқылы.
260. Халықаралық мектеп өзінің қызметі туралы ақпаратты Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрлігіне үнемі ұсынып отырады.
261. Халықаралық мектеп тиісті халықаралық білім беру ұйымдары 
белгілеген кезеңділікпен тұрақты негізде Халықаралық Бакалавриаттың 
бағдарламалары бойынша авторландырудан және/немесе халықаралық 
институционалдық аккредиттеуден өтеді.
262. Халықаралық мектеп қажет болған жағдайда білім беруді дамыту және 
жетілдіру мақсатында кешендер құруға, мекемелердің, кәсіпорындардың және 
қоғамдық ұйымдардың, оның ішінде халықаралық ұйымдардың қатысуымен 
қауымдастықтар, одақтар және өзге де бірлестіктер құруға және қызметіне қатыса 
алады.
263. Халықаралық мектеп шетелдік кәсіпорындармен, мекемелермен және 
ұйымдармен тікелей байланыс орнатуға, сыртқы экономикалық қызметті жүзеге 
асыруға және банктік және басқа да кредиттік мекемелерде валюталық шоттары 
болады.
264. Медициналық қызмет көрсетуді әкімшілік және педагогтермен қатар 
білім алушылардың денсаулығы мен дене дамуын, емдік-профилактикалық іс-
шараларды жүргізуді, санитариялық-гигиеналық нормаларды, білім алушылардың 
тамақтану режимі мен сапасын қамтамасыз ететін штаттық медициналық 
персонал қамтамасыз етеді.
265. Халықаралық мектепке қабылдау тәртібін мектептің құрылтайшысы 
белгілейді және бекітеді және білім алушылардың, олардың ата-аналарының 
(оларды алмастыратын адамдардың) құқықтары мен міндеттері мектептің 
Жарғысымен және Жарғыда көзделген өзге де жергілікті актілермен 
айқындалады.
266. Халықаралық мектепте оқытуды жергілікті және Қазақстан 
Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес білім беру ұйымдары жалдаған 
шетелдік педагогтер жүзеге асырады.
267. Қызметкер мен мектеп әкімшілігінің қарым-қатынасы, шарттары 
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларына сәйкес реттеледі.


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
268. Халықаралық мектепті басқару мектептің Жарғысына сәйкес 
демократиялылық, ашықтық, жалпы адами құндылықтардың басымдығы, 
адамның денсаулығы мен өмірін қорғау, жеке тұлғаның еркін дамуы 
қағидаттарында жүзеге асырылады.
269. Халықаралық мектептің ұйымдастырушылық құрылымы, басқару 
жүйесі және барлық қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері мектептің білім 
беру моделінің ерекшеліктеріне сәйкес әзірленеді және мектеп Жарғысы және 
басқа да жергілікті мектеп актілерімен қарастырылған тәртіпте бекітіледі.
270. Мектептің қаржы-шаруашылық қызметін құрылтайшы 
(құрылтайшылар) регламенттейді және меншік нысанына байланысты.
271. Халықаралық мектеп Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға 
міндетті білім беру стандарты мен халықаралық білім беру бағдарламаларының 
талаптарын ескере отырып дербес әзірленген білім берудің біріктірілген оқу 
бағдарламаларын іске асырады.
272. Негізгі мектептің білім алушылары Қазақстан Республикасының 
заңнамалық актілеріне және мектептің Жарғысына сәйкес мемлекеттік және
/немесе халықаралық сыртқы аттестаттауға қатысады. Негізгі мектептің курсы 
үшін қорытынды аттестаттаудан сәтті өткен негізгі мектептің бітірушілеріне 
негізгі мектепті бітіргені туралы мемлекеттік және/немесе халықаралық 
үлгілердегі құжаттар беріледі.
273. Халықаралық мектепті аяқтаған бітірушілерге жалпы орта білім туралы 
аттестат және (немесе) халықаралық үлгідегі құжат беріледі.
274. Халықаралық мектепте оқыту мен тәрбиелеу жүргізілетін тілді 
(тілдерді) құрылтайшы (құрылтайшылар), мектептің Жарғысы және тіл саясаты 
айқындайды.
275. Қазақ тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихы мен географиясы мектептің 
білім беру бағдарламасына қосу үшін міндетті пәндер болып табылады.
276. Халықаралық мектеп сыныптар мен топтардың қажетті санының 
жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасаумен оқушылардың оқу тілін таңдау құқығын 
іске асырады.
277. Жарғылық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес халықаралық мектеп 
оның мәртебесін айқындайтын негізгі оқу бағдарламаларының шегінен тыс 


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыруы және қосымша білім беру 
қызметтерін көрсетуі мүмкін.
278. Халықаралық мектепте білім беру процесі халықаралық білім беру 
бағдарламаларын ескеріп МЖМБС сәйкес мектеп дербес әзірлейтін жұмыс оқу 
жоспарының және/немесе кіріктірілген білім беру бағдарламаларының негізінде 
ұйымдастырылады
279. Халықаралық мектеп Қазақстан Республикасының заңнамаларына және 
мектептің Жарғысында белгіленген шектерде оқыту мен тәрбиелеудің 
нысандарын, құралдары мен әдістерін таңдауда дербес болады.
280. Халықаралық мектеп оқушылардың оқудағы жетістіктерінің деңгейін 
бағалаудың біріктірілген қазақстандық және/немесе халықаралық жүйесін 
пайдаланады.
281. Жылдық күнтізбелік оқу кестесін халықаралық мектеп дербес, 
құрылтайшымен (құрылтайшылармен) келісім бойынша әзірлейді және бекітеді.
282. Халықаралық мектепте тәрбиелеу жұмыстарының жүйесі 
отансүйгіштікті, азаматтылықты, этникааралық толеранттылықты, жоғары 
адамгершілік пен өнегелікті қалыптастыруға, сонымен қатар функционалды 
сауаттылықты, оқушыларды, тәрбиеленушілердің жан-жақты қызығушылықтары 
мен қабілеттерін дамытуға бағытталған.
283. Халықаралық мектепті басқару осы Үлгілік қағидаларына, мектептің 
Жарғысына және құрылтайшылық құжаттарына сәйкес демократиялылық, 
ашықтық, жалпы адами құндылықтардың басымдығы, адамның өмірі мен 
денсаулығын қорғау, жеке тұлғаның еркін дамуы принциптерінде жүзеге 
асырылады.
284. Халықаралық мектептің ұйымдастырушылық құрылымы, басқару 
жүйесі және барлық қызметкерлердің лауазымдық міндеттері мектептің білім 
беру моделінің ерекшеліктеріне сәйкес әзірленеді.
285. Халықаралық мектепте жұмыс істеу үшін педагогикалық ұжым 
халықаралық емтихан алушыларды, тренерлерді, сарапшыларды қосқанда жоғары 
білікті қазақстандық және шетелдік педагогтер санынан құрылады.
286. Халықаралық мектептің қызметін қаржыландырудың негізгі көзі ақылы 
білім беру қызметтерін көрсетуден түскен кіріс болып табылады.


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
287. Білім беру ұйымы қызметкерлерінің инновациялық қызметін 
ынталандыру үшін халықаралық мектеп еңбекақы төлеудің нысаны мен жүйесін 
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес дербес айқындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет