Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата
редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы
нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в
электронном виде
1) қатты дауысқа жауап бермейтін;
2) қатты дауысқа жауап беретін;
3) құлақ жарғағының түбінде сөйлеу тілі дауысына жауап беретін;
4) есту қабілетінің орташа айырылуы 90 децибелден астам құлақ
жарғағының жанында естілуі жоғары айтылған кейбір сөйлеу дыбыстарын (а, о, у,
р)
ажырататын;
5) сөйлеу аймағында есту қабілетінің орташа айырылуы (жиілігі 500-ден
4000 Герцке дейін) 40-тан 80 децибел және одан жоғары естімейтін, нашар
еститін, кейіннен есту қабілетінен айырылған;
6) белсенді сөйлеу тілін қабылдау және дамыту деңгейі төмен кохлеарлық
импланты бар;
7) бастапқыда зердесі сақталған есту қабілеті
зақымдалған балалар аутизмі,
аутистік спектрдің бұзылыстары бар;
8) мектепке дейінгі жаста есту қабілетінен айырылған, бірақ сөйлеу тілі
айтарлықтай бұзылыстармен сақталған;
9) сөйлеу аймағында есту қабілетінің орташа айырылуы кезінде 40-тан 80
децибелге дейін сөйлеу тілін (құлақ жарғағынан үш
метрге дейінгі қашықтықта
әдеттегі сөйлеу көлемінің сөздері мен сөз тіркестерін) ажырататын және есту
қабілетінің төмендеуі салдарынан сөйлеу тілінің әртүрлі дәрежеде дамымауы бар;
10) сөйлеу тілі саласында есту қабілетінен 80-нен 90 децибелге дейін
айырылған (диагностикалық (сынамалы) оқытуға жол беріледі);
11) есту (аудиториялық) нейропатиясы бар және есту қабілетінен 40-тан 80
децибелге дейін айырылған кезде сөйлеу арқылы қабылдау қабілеті бұзылған.
29. Есту қабілеті зақымдалған балаларды оқыту мен тәрбиелеудің арнайы
шарттары:
а) дыбыс күшейткіш
аппаратураны пайдалану;
б) есту қабілеті зақымдалған балаларға сурдопедагог тарапынан есту
арқылы қабылдауын дамыту және айтылым мен сөйлеу тілінің басқа жақтарын
қалыптастыру бойынша топтық, шағын топтық және жеке сабақтар түрінде
арнайы педагогикалық көмек көрсету;
Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики
Казахстан в электронном виде
в) естімейтін білім алушыларды оқытуда қосымша оқу құралы ретінде
дактильді
және ымдау тілін пайдалану;
г) мінез-құлығы және қарым-қатынас барысында мәселелері бар балаларға
психологиялық көмек көрсету
30. Зердесі зақымдалған (ақыл-ойының жеңіл және орташа түрде
бұзылыстары бар), тірек-қимыл аппараты бұзылыстары бар немесе көру қабілеті
зақымдалған естімейтін және нашар еститін балаларға жеке даму
бағдарламаларына сәйкес арнайы педагогикалық көмек көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: