Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің
эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в
электронном виде
33. Арнайы бөбекжай мен балабақшаға
тірек-қимыл аппаратының
бұзылыстары бар төмендегі балалар қабылданады:
1) өз бетінше қозғалып, жеке қолдауды талап етпейтіндер;
2) арнайы жүріп-тұру құралдары және (немесе) техникалық орын толтыру
(қосалқы) құралдарының көмегімен қозғалатындар;
3) арнайы балабақшаға кедергісіз орта құрып, қол жеткізу үшін арнайы
жағдайлармен қамтамасыз етілген жағдайда өз бетімен жүре алмайтындар. Ол
жағдайларға пандустар,
кең жақтауы бар есіктер, мүгедектер арбасын
көтергіштер, баспалдақтар бойымен құрылатын көтергіштер, автоматты түрде
ашылатын есіктер жатады.
34. Тірек-қимыл аппараты бұзылған әрі жеңіл және (немесе) орташа
деңгейде ақыл-ой кемістігі бар балаларға арнайы педагогикалық көмек жеке
дамыту бағдарламаларына сәйкес атқарылады.
35. Тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар балаларды тәрбиелеу мен
оқытудың арнайы шарттарына төмендегілер жатады:
1) кедергісіз орта құрып, әмбебап дизайн жасау: пандустар,
кең жақтауы бар
есіктер, мүгедектер арбасын көтергіштер, баспалдақтар бойымен құрылатын
көтергіштер, автоматты түрде ашылатын есіктер және т. б.;
2) арнайы ұйымдастырылған қозғалыс режимін сақтау;
3) нақты түрде байқалатын зердесі, сөйлеу тілі, мінез-құлығы және қарым-
қатынас барысында бұзылыстары
болған кезде арнайы топтық, шағын топтық
және жеке сабақтар түрінде педагогикалық, логопедиялық және психологиялық
көмек көрсету;
4) топтар бойынша емдік дене шынықтыру сабақтарын өткізу: өздігінен
жүретіндер, жеке қолдауды талап етпейтіндер; қозғалыс белсенділігі орташа
түрде
шектелген; қимыл-қозғалысында бұзылыстары айқын (ауыр) (ата-аналары
не заңды өкілдерімен бірлесіп айналысады);
5) арнайы жабдықталған кабинеттерде физиотерапиялық ем-шаралар,
уқалау, ортопедиялық жұмысты қамтамасыз ету; материалдық-техникалық базасы
болған жағдайда: емдік жүзу, атпен жүру және т.б. іс-шаралар.
Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
Достарыңызбен бөлісу: