Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


-параграф. Сөйлеу тілінің ауыр түрдегі бұзылыстары бар балаларға



Pdf көрінісі
бет33/57
Дата06.10.2022
өлшемі1,22 Mb.
#41673
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   57
3-параграф. Сөйлеу тілінің ауыр түрдегі бұзылыстары бар балаларға 
арналған арнайы бөбекжай мен балабақшалар қызметінің тәртібі
31. Сөйлеу тілінің ауыр түрдегі бұзылыстары бар балаларға арналған 
арнайы бөбекжай мен балабақшаларға төмендегі балалар қабылданады:
1) сөйлеу тілі дамуының тежелуі бар;
2) алалия, афазия, дизартрия, ринолалия, тұтығуының салдарынан 1-3 
деңгейдегі сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар;
3) кохлеарлық имплантпен;
4) бастапқыда зердесі сақталған балалар аутизмі, аутистік спектрдегі 
бұзылыстары мен сөйлеу тілінің ауыр түрдегі бұзылыстары бар.
32. Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларды оқытудың арнайы шарттары:
1) барлық сабақтарда және сабақтан тыс уақытта топтық, шағын топтық 
және жеке сабақтар түрінде логопедиялық көмек көрсету;
2) сөйлеу тілі режимін сақтай отырып, сөйлеу тілін дамыту, сөйлеу 
дағдыларын бекіту бойынша тәрбие сабақтарын өткізу;
3) қарым-қатынасы мен мінез-құлқы бұзылған балаларға психологиялық 
көмек көрсету.
4-параграф. Тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар балаларға 
арналған арнайы бөбекжайлар мен балабақшалар қызметінің тәртібі


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
33. Арнайы бөбекжай мен балабақшаға тірек-қимыл аппаратының 
бұзылыстары бар төмендегі балалар қабылданады:
1) өз бетінше қозғалып, жеке қолдауды талап етпейтіндер;
2) арнайы жүріп-тұру құралдары және (немесе) техникалық орын толтыру 
(қосалқы) құралдарының көмегімен қозғалатындар;
3) арнайы балабақшаға кедергісіз орта құрып, қол жеткізу үшін арнайы 
жағдайлармен қамтамасыз етілген жағдайда өз бетімен жүре алмайтындар. Ол 
жағдайларға пандустар, кең жақтауы бар есіктер, мүгедектер арбасын 
көтергіштер, баспалдақтар бойымен құрылатын көтергіштер, автоматты түрде 
ашылатын есіктер жатады.
34. Тірек-қимыл аппараты бұзылған әрі жеңіл және (немесе) орташа 
деңгейде ақыл-ой кемістігі бар балаларға арнайы педагогикалық көмек жеке 
дамыту бағдарламаларына сәйкес атқарылады.
35. Тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар балаларды тәрбиелеу мен 
оқытудың арнайы шарттарына төмендегілер жатады:
1) кедергісіз орта құрып, әмбебап дизайн жасау: пандустар, кең жақтауы бар 
есіктер, мүгедектер арбасын көтергіштер, баспалдақтар бойымен құрылатын 
көтергіштер, автоматты түрде ашылатын есіктер және т. б.;
2) арнайы ұйымдастырылған қозғалыс режимін сақтау;
3) нақты түрде байқалатын зердесі, сөйлеу тілі, мінез-құлығы және қарым-
қатынас барысында бұзылыстары болған кезде арнайы топтық, шағын топтық 
және жеке сабақтар түрінде педагогикалық, логопедиялық және психологиялық 
көмек көрсету;
4) топтар бойынша емдік дене шынықтыру сабақтарын өткізу: өздігінен 
жүретіндер, жеке қолдауды талап етпейтіндер; қозғалыс белсенділігі орташа 
түрде шектелген; қимыл-қозғалысында бұзылыстары айқын (ауыр) (ата-аналары 
не заңды өкілдерімен бірлесіп айналысады);
5) арнайы жабдықталған кабинеттерде физиотерапиялық ем-шаралар, 
уқалау, ортопедиялық жұмысты қамтамасыз ету; материалдық-техникалық базасы 
болған жағдайда: емдік жүзу, атпен жүру және т.б. іс-шаралар.


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет