Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


-параграф. Жеке қорғаныш және жеке гигиена құралдарын пайдалануға



Pdf көрінісі
бет17/39
Дата21.04.2023
өлшемі0,86 Mb.
#85431
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39
Байланысты:
150105 kaz 20230419

11-параграф. Жеке қорғаныш және жеке гигиена құралдарын пайдалануға 
қойылатын талаптар
194. Сәулелену көздерімен жұмыс істейтін немесе осындай жұмыстар 
жүргізілетін учаскелерге баратын барлық адамдар жұмыстар түріне және класына 
сәйкес жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етіледі.
195. Ашық түрде І кластағы радиоактивті заттармен жұмыстар кезінде және 
ІІ кластағы жекелеген жұмыстар кезінде персоналда негізгі жеке қорғаныш 
құралдары жиыны болуы, сондай-ақ ықтимал радиоактивті ластану деңгейі мен 
сипатына байланысты қосымша қорғаныш құралдарымен жабдықталады.
Негізгі жеке қорғаныш құралдары жиынына: арнайы ішкиім және аяқ киім, 
шұлық, комбинезон немесе костюм (кеудеше, шалбар), қалпақ немесе дулыға, 
қолғаптар, бір рет қолданылатын сүлгілер мен бет орамалдар, тыныс алу 
органдарын қорғау құралдары (ауаның ластануына байланысты) кіреді.
ІІ кластағы жұмыстар кезінде және ІІІ кластағы жекелеген жұмыстар 
кезінде персонал халаттармен, қалпақтармен, қолғаптармен, жеңіл аяқ киіммен 
және қажет болған жағдайда тыныс алу мүшелерінің қорғаныш құралдарымен 
қамтамасыз етіледі.


Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
196. Радиоактивті заттармен жұмыс істеуге арналған жеке қорғаныш 
құралдары белсенділікті жақсы жоятын материалдардан жасалады немесе бір рет 
пайдаланылатын құралдар қолданылады.
197. Радиоактивті ерітінділермен және ұнтақтармен жұмыс істейтін 
адамдарда, сондай-ақ радиоактивті заттармен жұмыстар жүргізілетін үй-
жайларды жинайтын персоналда жеке қорғаныш құралдарының негізгі құралдары 
жиынынан басқа қосымша пленка материалдардан немесе полимерлі жабыны бар 
материалдардан жасалған арнайы киімі: алжапқыштар, жеңқаптар, кеудешелер, 
шалбарлар, резеңке немесе пластик арнайы аяқ киім болады.
198. Радионуклидтермен ластанған металды дәнекерлеу немесе кесу 
бойынша жұмыстар атқаратын персонал ұшқынға төзімді белсенділігі жақсы 
жойылатын материалдардан жасалған арнайы жеке қорғаныш құралдарымен 
жабдықталады.
199. Тыныс алу ағзаларының қорғаныш құралдарын (сүзгіш немесе 
оқшаулағыш) үй-жай ауасының радиоактивті заттармен ықтимал аэрозольді 
ластану жағдайларында (ұнтақтармен жұмыстар жүргізу, радиоактивті 
ерітінділердің булануы) қолданады.
200. Үй-жай ауасының радиоактивті газдармен немесе булармен ластануы 
мүмкін жұмыстар кезінде (аварияларды жою, жөндеу жұмыстары) немесе сүзгіш 
құралдар қолдану радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етпейтін болса 
оқшаулағыш қорғаныш құралдарын (пневматикалық костюмдер, пневматикалық 
дулығалар, ал жекелеген жағдайларда – дербес оқшаулағыш аппараттар) 
қолданады.
201. Тері жабындарының радиоактивті ластану ықтималдығы бар 
радиациялық объектілерде дезактивациялау құралдары ретінде жуу құралдары 
пайдаланылады.
202. Жоғары кластағы жұмыстарға арналған үй-жайлардан төмен кластағы 
жұмыстарға арналған үй-жайларға өту кезінде жеке қорғаныш құралдарының 
радиоактивті ластану деңгейлері бақыланады. Екінші аймақтан үшінші аймаққа 
өту кезінде қосымша жеке қорғаныш құралдарын шешеді.
203. Рұқсат етілген деңгейлерден жоғары ластанған арнайы киім мен ішкиім 
дезактивациялау үшін арнайы кір жуу орындарына жөнелтеді. Негізгі арнайы 


Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
киім мен іш киімді ауыстыруды персонал кемінде жеті күнде бір рет жүзеге 
асырады.
Қосымша жеке қорғаныш құралдары (пленка, резеңке, полимерлік жабыны 
бар) әрбір пайдаланудан кейін санитариялық шлюзде немесе басқа арнайы 
бөлінген жерде алдын ала дезактивацияланады. Егер дезактивациялаудан кейін 
олардың қалдық ластануы рұқсат етілген деңгейден жоғары болса, қосымша жеке 
қорғаныш құралдары арнайы кір жуу орнына жөнелтіледі.
204. Ластану анықталған жағдайда, жеке киім мен аяқ киім радиациялық 
қауіпсіздік қызметінің бақылауымен дезактивациялауға, ал оны тазалау мүмкін 
болмаған жағдайда көмілуге жатады.
205. Ашық түрде радиоактивті заттармен жұмыстарға арналған үй-жайларда:
1) жұмыскерлердің жеке қорғаныш құралдарынсыз болуына;
2) ас ішуге, темекі шегуге, косметикалық заттарды, әшекейлерді 
пайдалануға;
3) азық-түлік өнімдерін, темекі бұйымдарын, үй киімін, косметикалық 
заттар мен жұмысқа қатысы жоқ басқа да заттарды сақтауға жол берілмейді.
206. Ас ішу үшін ашық түрде радиоактивті заттармен жұмыстар 
жүргізілетін үй-жайлардан оқшауланған ыстық су тартылған қолжуғышпен, тері 
жабындыларын радиациялық бақылау құралымен жабдықталған арнайы үй-жай 
көзделеді.
Ас ішуге арналған үй-жайларда арнайы жұмыс киімінде болуға жол 
берілмейді.
207. Радиоактивті заттармен жұмыстар жүргізілетін үй-жайлардан шығар 
кезде арнайы киім мен басқа жеке қорғаныш құралдарының радиоактивті 
ластануына бақылау жүргізіледі, арнайы киім мен басқа жеке қорғаныш 
құралдарының радиоактивті ластануы анықталған жағдайда, дезактивациялауға 
жіберіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет