"Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағдарламаларын іске асыру" "Қазақстандағы санақ деректері бойынша этнодемографиялық өзгерістер"


Қазақстандағы санақ деректері бойынша этнодемографиялық өзгерістер



бет2/2
Дата15.04.2022
өлшемі48,21 Kb.
#31146
1   2
Қазақстандағы санақ деректері бойынша этнодемографиялық өзгерістер.

КСРО ыдырағаннан кейін құрамындағы республикалар өз тәуелсіздіктеріне ие болды. Осының нәтижесінде күрделі демографиялық өзгерістер мен көші-қон толқындары пайда болды. Мұндай жағдайды егеменді еліміз – Қазақстан Республикасы да бастан кешірді. Бұл кезеңдегі демографиялық процестердің негізгі ерекшелігі – халықтардың жалпы санының кемуі, өлімнің көбеюі, бала туудың азаюы осының  нәтижесінде табиғи өсімнің құлдырауы. Осы келең алған теріс бағыттарға қоса, республикадан алыс және жақын жерлерге бағыт алған көші-қон толқындарының кең өрістеуі де халық санын күрт төмендетіп жіберді. Қазақстан халқы Ресейге бодан болғаннан бастап, Кеңес заманында да негізінен сырттан келген келімсектер көші-қон нәтижесінде өсті.


Қазақстан бұрынғы КСРО құрамындағы мемлекеттер арасында халықтың саны жағынан Ресей, Украина, Өзбекстаннан кейінгі төртінші орынды иеленеді, ал территориясы бойынша Ресейден кейінгі екінші орында.

2)Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылы ішінде халқымыздың  демографиялық және әлеуметтік дамуы да ірі-ірі бетбұрыстар мен күрделі өзгерістерге ұшырады. 



Қазақ халқының Ресейге бодан болғаннан бергі этнодемографиялық тарихи жолын негізінде ірі-ірі үш дәуірге бөлуге болады. Біріншісі ХVІІІ ғасырдың 30-жылдарынан 1917 ж. дейін; бұл Қазақстанның Ресейдің отары, қазақтардың этнодемографиялық дамуы отарлық-миграциялық (соның ішінде қоныстандыру) саясатының ықпалында болған дәуір. Сырттан келген көші-қонның, әсіресе Столыпиннің аграрлық саясаты өрістеген, сонымен бірге қазақтардың арасында табиғи өсім төмен, әртүрлі эпидемиялар, жұқпалы аурулар, жұттар көп болған кезең. Осының бәрінің нәтижесінде қазақтардың саны түрлі өзгерістерге ұшырап, Қазан революциясына дейін өз елінде үлесі едәуір (90%) болғанымен, ХХ ғасырдың екінші онжылдығы соңында, аймақтардың тұрғындарының әлі де жартысынан көбі (58,7%) болған, яғни Оңтүстік, Батыс және Орталық аймақтарда қазақтардың басымдығы сақталған, Солтүстік және Шығыс аймақтарда славян, басқа этнос өкілдері көпшілікке айнала бастаған кезең.

Екіншісі, 1917-1991 жылдар, яғни Кеңес заманы. Бұл қазақтардың талай ашаршылықты (1918, 1921 және 1931-1933 жылдары), қуғын-сүргінді, зорлық-зомбылықты көрген, ұлттық дәстүрлер мен тілге нұқсан келген, әліппенің үш рет өзгерген, сырттан көші-қонның ірі-ірі толқындары елдегі демографиялық ахуалды күрт өзгерткен және тағы басқа да келеңсіз жағдайлардың салдарынан қазақ ұлтының өзі ата қонысында азшылыққа айналған тұс. Бұл дәуірді екі үлкен кезеңге бөлуге болады: 1-кезең 1917-1959 жылдар - қазақтардың өз елінде 58,7%-дан,28,9%- ға түскен кезеңі; 2-кезең - 1959-1991 жылдар, қазақтардың біртіндеп үлесі өскенімен (40%), әлі де келімсектерден гөрі аз болған кезең.

Үшінші дәуір - 1991-2009 жылдар, қазақтардың өз елінде біртіндеп, көпшілікке айналуы. Бұл дәуірді де екі кезеңге бөлуге болады: 1-кезең - 1991-1999 жылдар - қазақтардың үлесі республика халқының жартысынан асқан кезең (40%-дан 53,4%-ға жеткен кезең); 2-кезең - 1999-2009 жылдар - қазақтардың өз елінде басым көпшілікке айнала бастаған (53,4%-дан 63,7%-ға дейін өскен) кезеңі. Бұл кезең енді ғана басталды, әрі қарай жалғаса береді.

Енді қазақ халқының этнодемографиялық даму белестеріне сай, еліміздегі болған көші-қон кезеңдерін байланыстыра отырып, ұлтымыздың саны мен құрамын, қысқаша болса да, қарастырып өтейік.

1890-шы жж. Ресей және Украинадан шыққан шаруа отарлауы күшейеді. Ресейдің әскери және көші-қон экспансиясы барысында құрылған, бекініс негізінде орыс, украин және татар басымдылығы бойынша орналасқан алғашқы колониалдық қалалар пайда болды. 1881-1883 жж. Синьцзяннан (Қытай) 50 мыңға жуық ұйғырлар мен дүнгендер көшіп келді, олардың көбі Қазақстан аумағында орналасты. 1897 ж. Ресей империясы халқының есеп-санағы деректері бойынша Қазақстан аумағында үш аса ірі этникалық топтар ерекшеленді: халықтың 81,7% құрған қазақтар, орыстар — 10,9 және украиндықтар —1,9%. Бірақ 1914 ж. қазақтардың салыстырмалы салмағы 65,1-ге дейін төмендеді6 ал шығыс славяндар (орыс, украин, белорустар) саны 29,6%2 өсті.Демек, 1897-1914 жж. қазақтардың салыстырмалы салмағы 16,6 пунктіне төмендеді, ал славян халқының саны 16,8 пунктіне дейін өсті. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында қазақтардың саны қысқарды, бұл табиғи және өлім-жітімнің өсу деңгейінің төмендеуімен түсіндіріледі. Жүздеген қазақтар жазалаушылар қолынан қаза тапқан және империя шегінен қашуға мәжбүр болған кездегі 1916 ж. көтерілістің жеңілу салдары болды. Тек 1916 ж. Жетісу облысынан 150 мың қазақ қоныс аударды. Осылай өзінің ежелгі аумағында қазақтардың азшылыққа ауысу негіздері салынды. 

Сондай демографиялық дағдарыс 1939-1959 жылдар аралығында да өтті. 1939-1959 жылдардың қазақ тарихындағы ерекшелігі сонда, егер моңғол шапқыншылығы кезінде қазақ халқының шығыны нәсілдік бейнесін өзгертуге дейін жеткізіліп, жонғар шапқыншылығы кезінде 2/3-сі жойылып, ал, 1931-1933 жылдардағы ашаршылық кезіңде 2,2 млн адамынан — жартысынан айырылса, 1939-1959 жылдар аралығында кеңес өкіметінің сыналап жүргізген көші-қон саясатының нәтижесінде, қазақтардың өз жеріндегі үлесі 29,8%-ға дейін төмеңдеп, Қазақстан халқының үштен бірін де құра алмаған мүшкіл жағдайды бастан кешті.


Н.Ә.Назарбаев 2003 жылдың 3 сәуіріндегі Қазақстан халқына Жолдауында халық санын 2015 жылға дейін 20 миллионға жеткізу қажеттігіне баса назар аударды. «Тез арада етек жеңімізді жимасақ, өте ауыр жағдайға тап болуымыз мүмкін» деген ескертуі еліміздің экономикалық дамуы мен ұлттық біртұтастығымызға, еркіндігімізге қауіп туғызар жағдайдан сақтандырар ой болып табылады. Жамбыл облысындағы көп балалы аналардың республиканың барлық әйелдеріне үндеуінде көрсетілгендей, төрт немесе одан да көп бала тәрбиелеудің ел, мемлекет мүддесі үшін қаншалықты қымбат екені түсінікті. Ол үшін отбасын бір-екі баламен шектеуге көшкен аз балалық принциптен айрылуымыз керек. Соңдай-ақ, мемлекет тарапынан әйел мен баланы, некені, отбасын қолдауды күшейтетін және жаңа үйленгендердің әлеуметтік жағдайын жақсартатын шаралар да өте қажет.

1940—1970 жылдар аралығындағы статистикалық басылымдарда туылғандар мен өлгеңдердің 1000 адамға шаққаңдағы табиғи өлім, неке мен ажырасу сандарынан өзге мағлұмат жоқ. Тек кейінгі санақтарда ғана толық есеп жүре бастады. 1989 жылғы және 1999 жылғы санақтарда туу айлары, ұлттары, анасының жасы, өлген әйел — ерлердің жас мөлшерлері, бала өлімі, өлім-жітім себептері айтылады.


Сонымен, санақ мәліметтері, статистикалық материалдар, мұрағатгық құжаттар мен косымша мағлұматтарды ой елегінен өткізіп салыстырмалы түрде саралап, фактілердің объективтілігін анықтау арқылы Қазақстан халқының әлеуметтік, этнодемографиялық өзгерістерін анықтауға мүмкіндік аламыз.

2009 жылдың мәліметі бойынша, Республикада тұратын ауыл халқының үлесі 45,9% құрап, абсолюттік саны  - 7347,1  мың адамға жетті. Ең көп ауылда тұратын халықтар Алматы облысында – 76,9%, Оңтүстік Қазақстан – 60,6%, Жамбыл облысы – 60,4%, Солтүстік Қазақстан – 60,2%, Қызыл-Орда - 58,1%,   және Батыс Қазақстан  мен Ақмола облыстарында – 53,6% болып тұр.

Қазақстан халқының тәуелсіздік жағдайында білім деңгейінің көтерілуі негізінде мемлекеттік және жеке меншік оқу орындар жүйесінің кең дамуына сүйенді. 1989-1999 жж. арасында елдің білім деңгейі 47 промиллеге, оның ішінде жоғарғы білім бойынша 29 промиллеге, арнайы орта білім – 40 промиллеге, орта білім – 27 промиллеге өсті. Дегенмен, негізінде орта және бастауыш білім бойынша бұрынғы деңгейден едәуір төмендеп кетті. Осы жылдары қазақтардың  жоғарғы білім алғандары 12,6%-дан 15,9% -ға, арнайы орта білімділері 15,6%-дан 19,7%-ға, жалпы орта білімділері – 39,8%-дан 42,3%, бастауыш білімділері – 7,5%-дан 23,0%-ға дейін көтерілді. Дегенмен 44 этнос өкілдері ішінде қазақтар жоғарғы білім бойынша сегізінші, аяқталмаған жоғары білімнен – оныншы, арнайы орта білімнен – жиырма сегізінші, жалпы орта білім бойынша – он бірінші, негізгі орта білімнен – отыз жетінші, бастауыш білімнен – отыз бесінші орында. Бұл тек қатардағы қазақтардың ғана проблемасы емес, мемлекеттік мәселе екенін түсінгеніміз жөн.

Қорытындылай келсем,Еліміз егемен ел болғаннан кейін, мың өліп, мың тірілген қазақ халқы дербес дамуға мүмкіндік алып, алыс-жақынын түгендеп, Отан туы астына жинала бастады. 2009 жылғы Қазақстандағы халық санағы бойынша, сол жылдың басында өз еліміздегі қазақтардың саны 10 млн.-нан асып түсті. Ал осыдан бірер жыл бұрын шетелдердегі отандастарымыздың саны 5,5 млн.-дай деген дерек болған-ды. Осыған байланысты қазіргі таңда қазақтардың жалпы саны (өз еліміздегілер мен шетелдегілерді қоса есептегенде) 15,5-16 млн. деп айтуға толық мүмкіндік бар. Бұл қазақ ұлтының көп ғасырлар бойы, талай демографиялық апаттарды бастан кеше отырып, егемендік жағдайында өз еліндегі халықтың көпшілігіне айналуы еді.

XX ғасырда өткен демографиялық үрдістердің ауқымының кеңдігі мен күрделілігі Қазақстан халқының өсіп-өну тарихын зерттеудің ғылыми және қоғамдық сұранысқа ие, өзектілігі күшті екендігі еш күмән туғызбайды.

Әлеуметтік-саяси, экономикалық үрдістер республика халқының құрамында, оның табиғи қозғалысы, көші-қон процестері, әлеуметгік құрылымы және т.б. көрсеткіштерінің өзгерістерінде демографиялық дағдарыс сипатында көрінді. Мысалы, 1937 жылы республика халқы 1926 жылғы санақпен салыстырғанда 1,3 есе, соның ішінде, қазақтар — 1,7 есе, украиндар — 1,6 есе, өзбектер — 1,9 есе, қырғыздар — 2,1 есе, басқа ұлт өкілдері — 1,6 есе кемісе, елге сырттан қоныс аудару саясатының пәрменді жүргізілуіне байланысты орыстар — 1,5 есе, немістер — 1,6 есе, татарлар — 1,1 есе көбейген. КСРО-дағы халық санының жоспарланған деңгейден 11 миллионға кемдігін көрсеткен 1937 жылғы санақ Кеңес өкіметінің 1917-1933 жылдары жүргізген саясатының демографиялық дағдарыстарға әкелгенінен хабардар етті.


1991 ж. Қазақстанның ТМД елдерімен көші-қон айырмасы 10 мың адамды құрды, ал Қазақстанның солтүстігі мен шығысы барлық ТМД елдерінен орыстарды жинады. 1991 ж. Монғолиядан қазақтардың келуі байқалды – 12,5 мың адам, олар сол жерде мәңгілікке қалуды көздеді. Барлығы Монғолиядан 1991-1992 жж. ішінде 41 мың қазақтар келді.

Қазіргі кезде халқымыздың саны тек өсіп келеді,оған себеп елеіміздің қазіргі таңда экономикасы дамыған,және алға қойған мақсат,стратегияларына байланысты дамығын елдердің қатарында.



Қорыта келгенде, тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан халқының демографиялық дамуы қазіргі кезде негізінде оң қалыптасуда. Көші-қонның сыртқа бағытталған толқыны баяулап, оң айырым қалыптасты. Табиғи өсім де бұрынғы деңгейіне жетті. Ұлттық құрылымда қазақтардың басымдығына қол жетті. Ендігі демографиялық көрсеткіштерді қазақ ұлтының өз дамуы қамтамасыз етеді. Сонымен бірге мемлекетіміздің демографиялық және әлеуметтік салада ғылым мен тәжірибеге негізделген саясат жүргізуін талап етіп отырған проблемалар да баршылық.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет