Қазақстан республикасының энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің геология және жер қойнауын пайдалану комитеті пайдалы қазбалар қоры жөніндегі мемлекеттік комиссия



Pdf көрінісі
бет2/17
Дата03.03.2017
өлшемі1,59 Mb.
#7020
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

 
3. Тау-кен бөлімі 
23.  Кондициялардың  ТЭН-нің  бұл  бөлімінде 
кен орнының кентехникалық шарттарының қысқаша 
сипаттамасы,  өндіру  және  аршудың  қабылданған 
әдісінің, 
өндіру 
жүйесінің, 
шығын 
және 
құнарсыздану 
өрсеткішінің 
негіздемесі, 
эксплуатациялық  қорлардың,  желдету,  энергиямен 
қамсыздандыру,  су  құю,  өндірістік  инфрақұрылым 
бойынша негізгі жағдайлардың есебі беріледі. 
24. «Кен  орнының  қысқаша  кентехникалық 
сипаттамасы»  бөлімінде  келесі  ақпарат  беріледі: 
ілеспе  жыныстар  мен  кеннің  құрамы,  олардың 
физикалық  қасиеттері,  кен  орнының  газдылығы, 
кеннің  өздігінен  жану  қабілеті,  кен  жұмыстарын 
жүргізудің  силикоздық  қауіптілігі;  кен  қазбаларына 
су 
ағындарының 
мөлшері; 
кен 
орны 
территориясында  қорғалатын  объектілердің  болуы 
туралы  мәліметтер;  ашық  әдіспен  өндіру  мүмкіндігі 
бар  учаскелер  үшін:  аршу  жыныстарының  құрамы 
мен  қуаты,  кенді  денелердің  құлау  бұрыштары  мен 
бағыттары,  қыртыс  аралық  қабаттар  мен  қабаттар 
сипаттамасы, карьер жағдауымен аршылатын құмды 
жыныстарда 
суффиоздық  процесстердің 
болу 
мүмкіндігі, 
балшықты 
жыныстардың 
езілу 

 
23 
ықтималдылығы, жер асты әдісі кезінде - жоғары су 
ағынының әлсіз аймақтарының учаскелері. 
25.  «Кен  орнын  өңдеу  әдісін  таңдау  және 
негіздемесі»  бөлімінде  пайдалы  қазбалардың  кен 
орнын ашық немесе жер асты әдісімен немесе ашық 
және  жер  асты  жұмыстарын  бірге  немесе  кезекпен 
жүргізіп 
үйлестірілген 
әдіспен 
өндіру 
қарастырылады.  Егер  жыныстар  мен  кеннің  құрамы 
және  гидрогеологиялық  жағдайлар  мүмкіндік  берсе, 
өңдірудің  геотехнологиялық  әдістерін  қолдану 
мүмкіндігі қарастырылады. 
26.  Ашық  өңдеу  шекраларын  белгілеу  кезінде 
аршудың 
шекаралы 
(шекті) 
коэффициентін 
басшылыққа алу ұсынылады, ол өндірудің жер асты 
және  ашық  әдісінің  өзіндік  құнының  қатынасы 
бойынша  немесе  өндіруге  келетін  экономикалық 
рауалы  алынатын  құндылық  бойынша  анықтала 
алады. 
27.  Жер  асты  әдісімен  өндірудің  қолайлы 
тереңдігі 
аршудың 
техника-экономикалық 
көрсеткішін салыстырумен анықталады. 
28. Жер асты кеніші немесе карьердің жылдық 
өнімділігі  алу  кенжарының  жылдық  төмендеуі 
немесе  жылдамдығының  мөлшері  бойынша  немесе 
кәсіпорынның  қызмет  ету  мерзіміне  байланысты 
анықталады. Соңғысын Тейлор формуласы бойынша 
есептеуге болады 

=0,2
,
Q
4
тонна немесе 

=6,4
,
Q
4
миллион 
тонна (бұдан былай -млн. т), 
 

 
24 
мұндағы 

 - кен орнын өндіру ұзақтылығы, 
жыл; 
Q
 - кеннің жалпы қорлары, тонна (бұдан былай 
- т) немесе млн.т. 
Сонда өнімділік (А) мынаған тең болады (

Q
). 
29. 
Өндірістің  қабылданған  жүйелерінің 
негіздемесі пайдалы қазбалар мен ілеспе жыныстары 
құрамын,  кенді  денелер  жатысының  шарттарын, 
олардың  морфологиясын,  қуатын,  жайылу  және 
құлау  бойынша  мөлшерлерін,  сондай-ақ  еңбектің 
қауіпсіздік  шарттарын  сақтай  отыра,  Қазақстан 
Республикасындағы  пайдалы  қазбаларды  өндіруді 
реттейтін  нормативті  актілер  ережелерін  ескеріп 
жүргізіледі. 
30.  Өндірудің  таңдалған  жүйелерін,  олардың 
ара 
қатынасын 
басшылыққа 
ала 
отырып, 
шығындардың, 
құнарсыздану 
мөлшерін, 
кен-
дайындық және кесу жұмыстарының көлемін, еңбек 
өнімділігін,  материалдар  электр  энергиясының, 
шығынын  анықтайды.  Бұл  параметрлер  кен-
геологиялық шарттар мен жақын жылдық өнімділігі 
ұқсас  болған  шартта  жұмыс  істеп  тұрған  ұқсас 
кәсіпорын бойынша қабылдана алады. 
31.  Белгіленген  шығын  және  құнарсыздану 
мәндері 
бойынша 
пайдалы 
қазбалардың 
пайдаланымдық қорлары есептеледі: 
  
эксп.
 
Q
 
=
 
 
Р)
 
-
 
(100
П)
-
(100
 
 
геол.
 
Q

 , 
мұндағы 
  
эксп.
 
Q
- пайдаланымдық қорлар, мың 
тонна  (бұдан  былай-мың  т); 
 
геол.
 
Q
  -  геологиялық 

 
25 
қорлар, мың т; 
П
 - шығындар, %; 
Р
 - құнарсыздану, 
%. 
Құнарсызданған  массада  пайдалы  компонент 
болған 
жағдайда. 
Оның 
эксплуатациялық 
қорлардағы  (
 
эксп.
 
C

құрамы  келесі  формула 
бойынша  құнарсызданған  массадағы  пайдалы 
компонент мөлшерін ескере отырып есептеледі: 
  
эксп.
 
C
 
=
 
 
эксп.
 
Q
n
раз.
 
Q
 
Ср
 
 
пот.
 
Q
Сг
-
 
геол.
 
Q
C
г





 , 
 
мұндағы   


геологиялық  қорлардағы 
пайдалы 
компоненттің 
құрамы, 
%; 


құнарсызданған  массадағы  пайдалы  компонент 
құрамы,  %; 
пот.
 
Q
-жер  қойнауында  жоғалған  қорлар 
саны, мың т; Q раз. - құнарсызданған масса мөлшері, 
мың  т;  n  –  құрамында  пайдалы  компоненті  бар 
құнарсызданған массаның үлесі, %. 
Құрамында 
пайдалы 
компоненттері 
бар 
құнарсызданған  масса  үлесі  әрнұсқалы  есеп 
нәтижелері,  одан  жоғары  нұсқалар  қорларының 
контурлары қатысында өсірілетін қорлар ережесімен 
анықталады.  Төменгі  нұсқа  қорлары  бойынша 
құнарсыздандыру 
массасы 
нөлдік 
құраммен 
қабылданады,  одан  жоғары  нұсқалар  қорлары 
бойынша 

өсірілетін 
қорлардағы 
пайдалы 
компоненттер құрамы бойынша. 
32.  Өндірудің  ашық  әдісі  кезінде  аршу 
жыныстары  мен  пайдалы  қазбаларды  тасымалдау 
түрлері  (темір  жол,  автомобильді,  конвейерлі, 
үйлестірмелі 
және 
басқа) 
тасымалдаудың 
қабылданатын 
нұсқаларының 
техникалық-

 
26 
экономикалық  көрсеткіштерін  салыстыру  жолымен 
кен массасының көлеміне байланысты анықталады. 
33. Кен қазбаларын желдету әдістерін құрылыс 
көлемі  мен  параметрлеріне  байланысты  таңдау 
қажет.  Тұтас  кенжарының  көлденең  қимасы  150  м
2
 
асатын ауданды камералық және созылған  қазбалар 
жүргізген 
жағдайда, 
сондай-ақ 
кемерлермен 
жүргізілетін  көлденең  қимасының  ауданы  150  м
2
 
асатын  қазбаларда  желдетудің  айдаушы  әдісі 
қолданылады.  Желдетудің  үйлестірілген  әдісін 
қазбалар ұзындығы 500 м асатын жағдайда, жарылыс 
жүргізілетін  кемерде  ауа  қозғалысын  ұйымдастыру 
қажет  болған  жағдайда  және  желдетілуі  қиын 
тоқырау  аймақтарының  пайда  болуы  мүмкін 
жағдайларда  көлденең  қимасының  ауданы  150  м

 
асатын  қазбаларды  жүргізу  үшін  қолдануға  кеңес 
беріледі. 
34.  Кен  орындарын  құрғату  әдістерін  және 
жүйелерін,  құрғату  құрылғыларының  типтері  мен 
түрлерін  кен  орнының  кентехникалық  және 
гидрогеологиялық шарттарын ескере отыра анықтау 
қажет,  өндірудің  жер  асты  әдісі  үшін  су  құю 
құрылғылары  қоры  бар  жоғарғыі  суғандыруына 
есептеледі.  Кен  орыны  ауданында  дәл  сондай 
гидрогеологиялық  шарттары  бар  қызмет  ететін  кен 
өндіруші 
кәсіпорын 
болған 
жағдайда, 
осы 
кәсіпорынның 
қолданыстағы 
шарттарын 
пайдалануға болады. 
35. Тұтынушылардың  электрмен  қамтамасыз 
етілуін  энергиямен  қамтамасыз  етуші  ұйымдардан 
алынған  техникалық  шарттар  негізінде  жасақтау 

 
27 
ұсынылады.  Электр  жүктемелерін  пайдалану  және 
сұраныс  коэффициентін  ескере  отыра  тікелей 
есептеу арқылы анықтау қажет немесе қызмет етуші 
кәсіпорындарға ұқсас қабылдау қажет. 
36. Шаруашылық-ауыз  су  құбырлары  үшін 
қолданыстағы 
нормалар 
мен 
ережелердің 
талаптарын  қанағаттандырушы  барлық  жер  асты 
суларының  ресурстарын барынша  пайдаланған жөн. 
Шаруашылық-ауыз  су  сапалы  жер  асты  суларын 
өндірістік 
қажеттіліктер 
үшін 
тек 
ерекше 
жағдайларда  ғана  рұқсат  етіледі.  Кәсіпорын 
тұтынушыларының  айналымды  сумен  қамтылу 
немесе  суды  қайтара  пайдалану  жүйелерімен 
максимальды  түрде  қамтылуын  қарастыру  қажет; 
шақта  суларын  толық  пайдалану  мүмкін  болмаған 
жағдайларда,  сәйкесінше  тазартылғанда  оларды 
төгуге болады. 
Тұрмыстық  ағынды  суларын  қабылдау  үшін 
ағызу станцияларын қарастыру қажет. 
37. Штатты  анықтау  кезінде  еңбек  өнімділігін 
басшылыққа  алу  қажет,  ал  көмекші  жұмыскерлер 
санын,  ИТҚ-ның  және  жұмыскерлердің  санын 
қолданыстағы 
типтік 
құрылымдар, 
кен 
бөлімшелерінің  ИТҚ  және  жұмыскерлер  штаттары, 
қара  және  түсті  металлургия  кеніштері  мен 
шақталарының  көмекші  жұмыскерлерінің  санының 
нормативтері, 
«Өндірістік 
бірлестіктерінің 
жұмыскерлерінің 
санының 
ірілендірілген 
нормативтері»  негізінде  және  ұқсас-кәсіпорын 
деректері бойынша анықтау қажет. 

 
28 
38. 
Кенөнеркәсіптік  әрекеттен  бұзылған 
жерлердің  барлық  санаттары,  сондай-ақ  өнімділігін 
толық  немесе  жартылай  жоғалтқан  жақын  маңдағы 
көршілес  жер  учаскелері  рекультивациялануы  тиіс. 
Бұзылған  жерлерді  қалпына  келтіру  бойынша 
жұмыстарды  жүргізу  шығындары  кәсіпорынның 
өзіндік құнына жатқызылады. 
39. Өнеркәсіптік алаңдарды, бос жыныстардың 
және  балансталған  кеннің  үйіндісін  орналастыру 
үшін алдын ала ауыл шаруашылығы үшін жарамсыз, 
кенсіз  аумақтарды  пайдалану  қажет.  Бос  жыныстар 
мен  балансталған  кеннің  үйінділерін  карьер 
контурынан  ең  төменгі  рауалы  қашықтықта 
орналастыру  қажет.  Жердің  ластануын  болдырмау 
мақсатында  жағдайлық  бас  жоспарды  дайындау 
кезінде  тоған-жинағыштар  құрылғысын,  үйінділерді 
тау  үсті  арықтарымен  шектеу  және  жауын-шашын 
суларын 
тоған-жинағыштарға 
немесе 
буландырғыштарға жинауды қарастыру ұсынылады. 
 
 
4. Технологиялық бөлім 
 
40. Аталмыш 
бөлім 
келесі 
ақпараттарды 
қамтиды: зерттелген сынамалар саны, технологиялық 
зерттеулер  жүргізілген  (олар  жүргізілген  уақыт 
көрсетіледі) 
институттар, 
зертханалар 
мен 
кәсіпорындар  тізімдемесі;  минералды  шикізат  және 
байыту  өнімдерін  қайта  өңдеу  технологиясының 
меңгерілуі,  кедей  және  қиынбайытылатын  кенді 
байыту  тиімділігін  арттыруға  мүмкіндік  беретін  осы 

 
29 
заманғы  технологиялық  әдістерді  (жер  астынан 
сілтілендірудің  геотехнологиялық  әдістері,  өндіру 
немесе ірілеп уату кезеңінде радиометриялық байыту 
және  тағы  басқа  әдістер)  қолдану  мүмкіндігі  туралы 
мәліметтер;  минералды  шикізаттың  минералогиялық 
және  заттық  құрамының  сипаттамасы;  орындалған 
технологиялық 
зерттеулер 
және 
зертханалық, 
ірілендірілген-зертханалық,  жартылай  өнеркәсіптік 
және  өнеркәсіптік  сынақтар  нәтижесінде  алынған 
негізгі 
және 
ілеспе 
компоненттер 
бойынша 
көрсеткіштер; өңдеудің ұсынылатын схемасы және ол 
бойынша  байыту  кезінде  және  металургиялық  шекте 
алынған  тауарлық  өнім;  сондай-ақ  айналымды  сумен 
қамтуды  қолдану,  байыту  қалдықтарын  өңдеп,  кенді 
емес өнімді алу туралы мәліметтер. 
41. Минералды 
шикізатты 
өңдеу 
технологиясын негіздеу үшін минералды шикізаттың 
заттық  құрамы,  тауарлық  өнім  алу  үшін  оны 
өңдеудің  мүмкін  әдістері  және  тағы  басқа  да 
мәліметтер  туралы  ақпаратты  алу  мақсатында 
өкілдік  технологиялық  сынамаларда  минералогия-
лық  зерттеулер  жүргізіледі.  Минералды  шикізаттың 
технологиялық 
қасиеттері 
туралы 
мәліметтер 
кестелік нұсқада келтіріледі (3-қосымша). 
42. Технологиялық сынамалардың сәйкестілігін 
бағалау  Қазақстан  Республикасы  Энергетика  және 
минералдық ресурстар министрлігінің Геология және 
жер қойнауын қорғау комитетінің Төрағасының 2004 
жыл  12  мамырдағы  «Қатты  пайдалы  қазбалар  кен 
орындарын 
технологиялық 
сынамалау 
және 
геологиялық-технологиялық  картирлеу  бойынша 

 
30 
нұсқаулықты  бекіту  туралы»  бұйрығына  сәйкес 
орындалатын  геологиялық-технологиялық  картирлеу 
нәтижелері 
және 
минералды 
шикізаттың 
технологиялық  қасиеттерін  зерттеу  нәтижелері 
негізінде  жүргізіледі.  Жекелеген  кенді  денелер, 
пайдалы  қазбалар  денесінің  жазылуы  және  құлауы 
бойынша 
учаскелер 
шегінде 
технологиялық 
қасиеттерге  (байытылуға)  әсер  етуші  минералды 
шикізат  сапасының  көрсеткіштері  едәуір  ауытқуы 
анықталған 
жағдайда, 
кен 
орнын 
өндірудің 
жоспарланған  күнтізбелік  кестесін  және  өндірілетін 
пайдалы  қазбаны  біркелкілендіру  мүмкіндігін  ескере 
отыра, технологиялық өкілдік сынамасы ұсынылады. 
Нысанның  технологиялық  зерттелуінің  қажетті 
деңгейі  Кезеңдер  бойынша  геологиялық  барлау 
жұмыстарын  жүргізу  туралы  нұсқаулықтық  негізгі 
бөлімі  болып  табылатын,  Қатты  пайдалы  қазбалар 
кен  орындары  қорларының  жіктемесіне  сәйкес 
анықталады. 
Кен  орнында  жеке  өңделуге  тиісті  кеннің 
бірнеше  технологиялық  типтері  болған  жағдайда, 
технологиялық  сәйкестік  сынаманың  негізделуі 
олардың әрқайсы бойынша жүргізіледі. 
Кенді  өңдеудің  ұсынылған  схемасы  келесіні 
қамтамасыз етуі қажет: 
1) минералды шикізатты кешенді түрде 
пайдалану; 
2) негізгі 
және 
ілеспе 
пайдалы 
компоненттерді максимальды алу; 
3) концентратта пайдалы қазбалардың 
барынша мол болуы; 

 
31 
4)  сирек  немесе  шашыранды  элементтерді, 
бағалы  металдарды  селективті  өнімге  немесе  негізгі 
концентраттарға  ілеспе  компоненттер  ретінде  бөлу, 
бұл элементтер мен металдар олардан металургиялық 
қайта өңдеу кезінде алына алады; 
5) кенді емес металдарды өнімнің дербес түріне 
экономикалық қолайлы түрде бөлу; 
6)  ағынды  және  айналымдағы  сулардан  және 
газ 
тазалау 
өнімдерінен 
алынған 
бағалы 
компоненттерді кәдеге жарату; 
7) қатты  қалдықтарды  (аршу  жыныстарын, 
байыту  қалдықтарын)  жерасты  кен  қазбаларын 
төсеу  үшін,  құрылыс  материалдарын  өндіру  үшін 
шикізат  ретінде  және  тағы  басқа  мақсаттарда 
пайдалану мүмкіндігі. 
Минералды  шикізатты  қайта  өңдеу  жұмыс 
жасайтын  байыту  фабрикасында,  жаңадан  салынып 
жатқан  өңдеуші  кәсіпорында  немесе  бос  қуаты  бар 
бұрыннан 
қызмет 
етуші 
кәсіпорындарда 
қарастырылуы мүмкін. Минералды шикізатты өңдеу 
нәтижесінде алынатын тауарлық өнім қолданыстағы 
техникалық  регламенттер  мен  стандарттарға  толық 
сәйкес келуі қажет. 
43.  Негізгі  пайдалы  компоненттің  әртүрлі 
жағдаулық  құрамдарға  қатысты  шикізатты  өңдеу 
кезінде  алынатын  тауарлық  өнімнің  сапасы 
стандартардың  қолданыстағы  ережелеріне  сәйкес 
бағаланады. 
Сонымен  қатар,  кондициялардың  техника-
экономикалық  негіздемесінде  келесіні  қарастыру 
қажет: 

 
32 
1) 
минералды 
шикізаттың 
(ортақ 
технологиялық 
тип 
шегінде) 
пайдалы 
компоненттердің,  зиянды  қоспалардың  құрамы 
бойынша  сапасын  өзгертуге  тигізетін  әсері  және 
минералды 
шикізаттың 
біркелкілендіру 
мүмкіндігімен 
қоса, 
технологиялық 
процесс 
көрсеткіштеріне әсер ететін басқа да қасиеттер; 
2) 
жобалық 
шешімдерді 
қабылдауға, 
қолданыстағы  салалық  нормативті  құжаттарға 
(технологиялық  жобалау  нормаларына)  сәйкес 
пайдалы  қазбаларды  өңдеу  бойынша  техника-
экономикалық көрсеткіштерді есептеуге, минералды 
шикізатты өңдеудің жоғары тиімді технологиясы бар 
жұмыс  істейтін  немесе  жобадағы  ұқсас  кәсіпорынға 
негізделген  түрде  таңдауға  қажетті  бастапқы 
деректер. 
Кендердегі 
негізгі 
және 
ілеспе 
компоненттердің  құрамы  (ТЭН-де)  қорлардың 
әрнұсқалы 
есебінің 
деректері 
бойынша 
қабылданады, 
ал 
байыту 
өнімдеріндегі 
(концентраттарда,  өнеркәсіп  өнімдерінде  және 
қалдықтарда) 
технологиялық 
көрсеткіштердің 
мәндері  орындалған  зертханалық,  ірілендірілген-
зертханалық 
немесе 
жартылай 
өнеркәсіптік 
сынақтамалар  негізінде  анықталады.  Қабылданған 
технологиялық  көрсеткіштерге  сәйкес  негізгі  және 
ілеспе компоненттердің бөліну балансы құрылады. 
44.  Ұсынылған  схемада  және  жалпы  байыту 
фабрикасы  үшін  сумен  қамтамасыз  ету  жүйесін 
(тікелей  ағынды,  суды  қайтара  пайдаланатын, 
айналымды,  үйлестірілген)  қарастыру  қажет.  Ең 

 
33 
қолайлысы  айналымды сумен  қамту  схемасы болып 
табылады: байыту фабрикасы - қалдықтар сақтағыш 
-  байыту  фабрикасы,  яғни  байыту  фабрикасының 
барлық  шектері  мен  циклдерінде  тазартусыз  және 
ағын  суларды  кондиционирлеумен    айналымды  су 
ретінде  пайдалану.  Айналымды  су  сапасы  бойынша 
шектеулер технологиялық процесс ерекшеліктерімен 
анықталады  және  әр  циклде  әртүрлі  болуы  мүмкін. 
Су  мөлшерін  анықтау,  схема  операцияларында 
сұйықтың қаттығы қатынасын қамтамасыз ету үшін, 
ұлпа  көлемдерін  анықтау  үшін  су  балансын  құрай 
отырып  және  оның  өндірілетін  шикізаттың  бір 
тоннасына  шекті  шығынын  есептеп,  су-қойыртпақ 
схемасын есептеу және жобалау қажет. 
45. Байыту 
фабрикаларының 
қалдықтық 
шаруашылығы 
бойынша 
негізгі 
техникалық 
шешімдер келесіні қамтиды: 
1)  байыту  фабрикасын  пайдалану    кезінде 
қалдықтарды  орналастыру  үшін  жеткілікті  болатын 
қалдық сақтауға арналған алаңды таңдау
2)  қалдық  сақтау  типін  негіздеу  (табиғи, 
арнайы  жасалатын  бассейн-қалдық  сақтағыш  және 
қатты  фазаның  тұндырылуы  жүретін  тағы  басқа 
объектілер); 
3)  ылғал  қалдықтарды  тасымалдау  және 
орналастыру  әдісін  анықтау  (қалдықты  ұлпаның 
гидравликалық көлігі және оны түсіру); 
4)  құрғақ  қалдықтарды  өртке  қарсы  және 
санитарлық  нормаларды  сақтай  отырып,  байыту 
фабрикасы аумағынан тыс орналастыру; 

 
34 
5) рауалы 
мүмкіндіктерді 
техникалық-
экономикалық 
салыстыру 
негізінде 
құрғақ 
қалдықтарды  тасымалдау  (вагонеткалар,  таспалық 
конвейерлар,  аспалы  арқандар  және  басқалар)  және 
орналастыру әдістерін анықтау. 
46. Минералды 
шикізатты  кешенді  түрде 
пайдалану  үшін  сәйкес  олардан  кенді  емес, 
стандарттарға  сай  келетін  өнім  алу  мақсатында 
байыту  фабрикаларының  қалдықтарын  қайта  өңдеу 
мүмкіндігін қарастыру қажет. 
 
 
5. Экономикалық бөлім 
 
47. Экономикалық  бөлімде  капиталдық  және 
пайдаланымдық  шығындар,  тауарлық  өнім  бағасы, 
жылдық  табыс,  өндірістік  пайда,  ақша  ағымының 
жиынтығы,  уақыттық  таза  құны,  табыстың  ішкі 
нормасының  есебі  және  басқа  да  көрсеткіштер 
қамтылған.Кен  орнына  геологиялық-экономикалық 
баға 
беру 
және 
кондициялардың 
есептік 
параметрлерін  негіздеу  үшін  капиталдық  салымдар 
мен пайдаланымдық шығындар мөлшерін, сондай-ақ 
тауар өнімінің құнын негіздеу басты орын алады. 
48. Капиталдық  шығындар  кеніштің  қызмет 
мерзімі  мен  жылдық  өнімділігін  анықтаудан  соң, 
бағаланатын  кен  орнын  өнеркәсіптік  игеру  үшін 
құрылысы  жобаланған  нысандар  тізімі  белгілеген 
соң есептеледі. 
Капиталдық 
шығындардың 
құрамдас 
бөліктері: 

 
35 
кен-капиталдық қазбалар кешені, ғимараттары, 
құрылыстары мен жабдықтары бар кеніш; 
қалдықтық  шаруашылығы  нысандары  мен 
айналымды  сумен  қамту  жүйесі  бар  байыту 
фабрикасы; 
кен  орнынан  қатынас  жолдарына  дейінгі 
автомобиль және темір жолдарының учаскесі; 
энергия-,  су-  және  жылумен  қамтамасыз  ету 
жүйелері, кәріздер; 
табиғатты  қорғау  және  табиғатты  қалпына 
келтіру шаралары. 
Капиталды  және  пайдаланымдық  шығындар 
сәйкес  шарттарда  өндірілетін  кен  орындарының 
жобалық 
және 
нақты 
көрсеткіштерімен 
сәйкестендіру  және  тікелей  есептеу  әдісімен 
анықталады. 
Тікелей  есеппен  кен-капиталдық  жұмыстарға 
капиталды  салымдарды,  кен  жабдығы  мен  карьер 
көлігін  сатып  алу  және  құрастыруға  жұмсалған 
шығындарды 
анықтаған 
жөн. 
Қосалқы 
шаруашылыққа  жұмсалатын  шығындар  әдетте 
ұқсастығына қарай анықталады. 
Байыту  фабрикасына  капиталды  салымдар 
ұқсас-фабрикада  минералды  шикізаттың  жылдық 
өндірісі  бойынша  өндірістік  қуаттың  1  т  шекті 
шығындар бойынша да анықталады. 
Кеніштің, 
байыту 
фабрикасының 
және 
қосалқы  цехтардың  технологиялық  жабдықтарын 
сатып  алуға  жұмсалатын  шығындар  тасымалдау-
дайындау  шығындарын  есептей  отыра,  оларды 

 
36 
Қазақстан Республикасында  сатылуы немесе зауыт-
өндірушілер бағасы бойынша анықталады. 
Алаңнан  тыс  қолданылатын  құрылыстар 
ұқсастарды қолдану және 1 км жол, ЭӨЖ, суқұбыры 
және т.б. шамаланған көрсеткіштерін тікелей есептеу 
арқылы бағаланады. 
Ұқсастық  бойынша  қабылданған  капиталды 
шығындар, 
әдетте 
ағымдағы 
бағаларды 
индексациялау арқылы ортақ уақытқа келтіріледі. 
Ағымдағы бағалардағы капиталдық шығындар 
мына формула бойынша анықталады: 
Ағымдағы  шығын  =  (базалық  жыл  шығыны) 

( ағымдағы шығын индексі) 
   (базалық жыл шығыны индексі). 
Ұсынылған  формула  2001  жылға  дейін 
анықталған, құрылыс құнын есептеу үшін дәл болған 
(1991  жыл  базалық  жыл  болып  саналады).  Қазіргі 
уақытта  құрылысы  құнының  есебі  2001  жылдың 
базалық  бағасында  орындалады.  2001  жылдың 
бағаларының  базалық  деңгейінен  құрылыстың 
сметалық  құнының  ағымдағы  деңгейіне  өту 
төмендегі  формуланы  пайдалана  отырып,  айлық 
есептік  көрсеткіштің  өзгеру  индексі  (ары  қарай  - 
Иаек) 
арқылы 
«Қазақстан 
Республикасында 
құрылыстың  сметалық  құнын  анықтау  тәртібі»  ҚР 
ҚН 8.02-2002 сәйкес жүзеге асырылады: 
Иаек=АЕКағым/АЕК 2001, 
Мұндағы  АЕКағым  –  ағымдағы  жылға 
бюджеттік  заңнамаға  сәйкес  белгіленген  айлық 
есептік көрсеткіш; АЕК 2001 - 2001 жылы бюджеттік 
заңнамаға  сәйкес  белгіленген  айлық  есептік 

 
37 
көрсеткіш.  АЕК  2001=775  теңге.  Алынған  сома 
«200_  жылдың  ағымдағы  бағаларда  сметалық  есеп 
бойынша қорытынды» жолында көрсетіледі. 
Капиталдық  құрылыстағы  бағалар  индекстері 
мердігер-кәсіпорындардың  нақты  көрсеткіштері 
бойынша 
қабылданады, 
мұндайлар 
болмаған 
жағдайда,  Қазақстан  Республикасының  Статистика 
жөніндегі агенттігінің деректері қолданылады. 
49. Пайдаланымдық шығындар жұмыс істейтін 
кәсіпорындардың 
көрсеткіштеріне 
ұқсастық 
бойынша  немесе  нормативті-анықтамалық  ақпарат 
бойынша,  жүргізілетін  жұмыстардың  жекелеген 
түрлеріне калькуляция жасау арқылы есептеледі. 
Нормативті-анықтамалық  деректер  бойынша 
жұмыс  бірлігінің  өзіндік  құнын  анықтау  кезінде 
оларды  ұқсас  жұмыс  жасаушы  кәсіпорындардағы 
өзіндік  құнның  қымбаттау  коэффициентін  ескере 
отырып ағымдағы бағаларға аудару қажет. 
Пайдаланымдық  шығындар  сметасы  жасалған 
соң, кондициялардың ТЭН-не сәйкес технологиялық 
бөлімдерінде  өндірістің  күнтізбелік  жоспарларын, 
жабдықтар 
тізімін, 
штаттық 
адам 
санын, 
материалдар,  электр  энергиясының,  су,  жылу  және 
тағы  басқалардың  шығыны  нормаларын  анықтау 
қажет. 
Пайдаланымдық 
шығындар 
келесілерге 
тәуелді: 
пайдалы  қазбаларды  жер  астында  өндірген 
жағдайда  -  кеніштің  жылдық  өнімділігіне,  өндіру 
тереңдігі, ашу нұсқасы, шығынсыз толтыруға немесе 
шығынмен толтыруға өндіру жүйесіне; 

 
38 
ашық  өндіру  кезінде  -  жылдық  өнімділікке, 
негізгі  жабдықтардың,  көлік  құралдарының  типтері 
мен  мөлшерлеріне,  карьер  тереңдігі  мен  ашу 
коэффициентіне. 
Бұзылған 
жерлерді 
қалпына 
келтіру 
шығындары  бұзылған  жерлердің  алаңы  мен  1 
гектарды  қалпына  келтіруге  шекті  шығындар 
есебімен анықталады. 
Пайдалы 
қазбаларды 
байыту 
бойынша 
шығындар  байыту  әдісімен  және  руда  құрамымен, 
фабриканың 
белгіленген 
өнімділігіне 
сәйкес 
анықталады. 
Жалпы  комбинаттық  шығындар  өндірудің 
және  байытудың  өзіндік  құнына  байланысты  және 
әдетте цехтық шығындардың 8-10% құрайды. 
Өндірістен  тыс  шығындар  цехтық  тиеу-түсіру 
жұмыстарынан 
және 
концентратты 
жалпы 
пайдаланыстың 
темір 
жол 
желісіне 
дейін 
тасымалдаудан құралады. 
Қоршаған 
ортаны 
қорғау 
шығындары 
өндірістік  қызметтің  сипаты  мен  жергілікті  жердің 
шарттарына  байланысты,  олар  жеке  есептеліп, 
пайдаланымдық шығындарға қосылады. 
Пайдаланымдық 
шығындар 
сметасының 
негізгі компоненттері келесілер болып табылады: 
жергілікті  жұмыскерлер  үшін  орташа  айлық 
жалақыдан 
есептелетін, 
кәсіпорында 
жұмыс 
жасайтын  қызметкерлер  еңбегінің  құны;  шетелдік 
мамандар  үшін  орташа  мөлшерлеме  тәуліктік 
тұрмыс, жұмыс орнына және кері қайту жолы, тұру 
шығындарын ескере отыра, есептеледі; 

 
39 
еңбек  ақыға  есептелетін  төлем  (әлеуметтік 
салық,  жұмыс  берушінің  азаматтық-құқықтық 
жауапкершілігін міндетті сақтандыру); 
ағымдағы  бағалар  бойынша  шикізаттың, 
материалдардың, 
отындардың, 
қосалқы 
бөлшектердің  құны.  Байыту  фабрикалары  үшін 
реагенттерді  таңдау  және  олардың  қорлары  сәйкес 
кәсіпорындармен аналог бойынша анықталады
электр  және  жылу  энергиясына  шығындар 
ағымдағы тарифтер бойынша есептеледі. Тұтынатын 
электр энергиясының мөлшері қолданылатын электр 
жабдығының шекті қуаты негізінде есептеледі; 
табиғатты  қалпына  келтіруге  жұмсалатын 
ағымдағы шығындар; 
жөндеу  жұмыстары  және  негізгі  қорларды 
ұстау; 
амортизациялық төлемдер
басқару шығындары. 
 
Экономикалық 
есептердің 
маңызды 
компоненті  шикізаттың  металлургиялық  өңделуіне 
жұмсалатын шығындарды анықтау болып табылады, 
ол әдетте келесіні қамтиды: 
кенді  немесе  концентратты  тасымалдауға 
жұмсалатын шығындар; 
металлургиялық 
өңдеуге 
жұмсалатын 
шығындар; 
өнімді  өткізу  бойынша  басқа  да  шығындар 
(сақтандыру, маркетинг және тағы басқалар). 
Материалдық  шикізаттардың  әртүрлері  үшін 
металлургиялық  өңдеуге  жұмсалатын  шек  кең  аяда 
ауытқитынын  ескеру  қажет.  Осыған  байланысты 

 
40 
кеніштің нақты табысы түсті металдар (мыс, мырыш, 
қорғасын, никель) кен орындары үшін соңғы өнімнің 
(металдың)  жалпы құнының 50-70%,  ал  алтын  және 
күміс кен орындары үшін 95-98% құрауы мүмкін. 
Кондициялар 
ТЭН-сі 
Қазақстан 
Республикасының 
заңнамасымен 
белгіленген 
тәртіпте  жерді  пайдаланушылар  шығындарын  өтеу 
қарастырылуы қажет. 
Өз  қызметін  заңнамаға  сәйкес  бекітілген 
келісім  негізінде  жүзеге  асырушы  жер  қойнауын 
пайдаланушы  кен  орнын  өндіру  салдарын  жою 
қорына  (резервтік  қор)  ақша  аудару  сомасына 
жатқызады.  Бұл  қорға  аударымдар  мөлшері  мен 
тәртібі  жер  қойнауын  пайдалану  келісім-шартымен 
белгіленеді. 
ТЭН-де  қарастырылатын  табиғатты  қорғау 
шараларының  экономикалық  бағасы  Қазақстан 
Республикасының  Экологиялық  кодексіне  сәйкес 
жүзеге асырылады. 
50. Салықтар  мен  бюджетке  басқа  да  міндетті 
төлемдер  Қазақстан  Республикасының  «Салықтар 
және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» 
Кодекспен (Салық кодексімен) белгіленеді. 
51. Минералды  шикізат  өніміне  бағалар  кен 
орнының  кез-келген  геологиялық-экономикалық 
бағасында  ең  маңызды  құрамдас  бөлік  болып 
табылады.  Олар  Металдардың  Лондон  биржасы 
бағаларының баспасөзде және арнайы басылымдарда 
жарияланатын  бағаларының  негізінде  қабылданады. 
Ақпарат 
көздерінің 
тізімдемесі 
Қазақстан 
Республикасы  Үкіметінің  2005  жылғы  21  шілдеде 

 
41 
қабылдаған  №762  «Өндірілетін  пайдалы  қазбалар 
құнын 
есептеуге 
қолданылатын 
иформация 
деректерінің  көздері  тізімін  бекіту      туралы» 
қаулысымен реттеледі. 
Металдарға және минералды шикізаттың басқа 
да  түрлеріне  бағаны  анықтау  кезінде  әр  жылдары 
аталмыш 
көрсеткіштердің 
елеулі 
ауытқуын 
болдырмауға  мүмкіндік  беретін,  уақыттың  белгілі 
кезеңінде  (20-25  жыл)  баға  мен  валюта  бағамының 
өзгеру  динамикасына  негізделу  қажет.  ТЭН-ің 
есебінде  соңғы  өнім  құнын  және  басқа  да 
көрсеткіштерді  анықтау  кезінде  теңгедегі  және 
халықаралық тауар нарықтарында басымдылыққа ие
ал  қазіргі  уақытта  АҚШ  доллары  болып  табылатын 
валютадағы бағалар қолданылуы мүмкін. 
Тау-кен 
өнеркәсібінде 
жобаларды 
қаржыландырудың бірнеше көздері бар: 
акционерлеу; 
несие; 
меншікті қаражаттар есебінен. 
Несие үшін төленетін төлем немесе «пайыздық 
мөлшерлеме» несие беруші және өндіруші компания 
арасында  бекітілген  шартта  келісілген  мерзімде 
төленеді (4-қосымша). 
Болашақ  табыстың  дер  кездегі  құны  мына 
формула бойынша есептеледі: 
n
)
i
1
(
S
)
I
(
PV



мұндағы  S  –  «n»  жылдан  соң  төленуге  тиісті 
қарыз  сомасы;  I  –  инвестициялар  (қарыздың  негізгі 

 
42 
сомасы);  i  –  пайыздық  мөлшерлеме;  n  –  жылдар 
саны. 
Жобаның  болашақ  құны  дисконттирлеу  коэф-
фициентін қолдана отырып есептеледі (5-қосымша). 
52. Бағаланатын 
кен  орнын  өнеркәсіптік 
игерудің  экономикалық  тиімділігі  туралы  оңтайлы 
шешім  қабылдау  үшін  әртүрлі  нұсқалы  жағдаулық 
құрамдар, 
өндіру 
әдістері 
мен 
жүйелері, 
технологиялар 
және 
тағы 
басқа 
шарттарда 
есептелген  қорлардың  қаржылық  салыстырмалы 
анализі жүргізіледі.  
Әрбір  нақты  нысанда  бағалау  нұсқалары 
дербес анықталады. 
53. Кен 
орнына  баға  беру  және  оның 
қорларының  баланстық  тиістілігін  анықтау  кезінде 
қолданылатын  негізгі  экономикалық  ұғымдар  мен 
көрсеткіштер келесілер: 
ақша ағымы; 
дисконттирлеу коэффициенті; 
қазіргі таза құны; 
табыстың  ішкі  нормасы  (табыстылықтың  ішкі 
мөлшерлемесі); 
капитал  салымдарының  өтелу  мерзімі  және 
басқалар. 
Ақша  ағымы  -  бұл  жобаны  іске  асыру 
мүмкіндігінен  қаржылық  нәтижелердің  көрінісін 
беруші,  кен  орнын  іске  қосу  кезінде  болашақта 
болатын  нақты  ақшалай  түсімдер  (келуі)  және 
шығындар 
(кетуі), 
ақшалай 
қаражаттардың 
қозғалысы.  Ол  өнімді  сатудан  түскен  жалпы  табыс 
және  төленетін салықтар,  несие  бойынша  пайыздар, 

 
43 
айналымдағы 
капитал 
(таза 
ақшалай 
ағым) 
арасындағы  жылдық  айырма  ретінде  анықталады. 
Есептер 
қорларды 
өңдеу 
мерзімінің 
кезеңі 
аралығында жүзеге асырылады. 
Ақша ағымының есебі жалпы жағдайда келесі 
шарттарға байланысты жүргізіледі: 
тауарлық  өнімнің  құны  соңғы  өнімге  ішкі 
немесе  әлемдік  нарықтағы  болжанған  (нақты) 
бағаларды  есепке  ала  отырып,  қосымша  құн 
салығынсыз (бұдан былай ҚҚС) анықталады
капитал 
салымының 
мөлшері 
жоғарғыі 
деңгейде тікелей есеппен анықталады
пайдаланымдық 
шығындар 
ТЭН 
технологиялық  бөлімдер  шешімдерінің  базасында 
немесе ҚҚС есептемей шығын элементтері бойынша 
анықталады; 
айналымды қаражат мөлшері әдетте 2-3 айлық 
пайдаланымдық  шығындар  мөлшеріне  тең  болып 
қабылданады; 
амортизация қолданыстағы нормалар бойынша 
есептеледі  және  жылпы  табысты  есепке  алу  кезінде 
өндірістік шығындар құрамына енгізілмейді; 
кәсіпорынның  жалпы  табысы  тауарлық  өнім 
құны  мен  пайдаланымдық    шығындар  арасындағы 
айырма ретінде анықталады; 
салық  салынатын  табыс  тауарлық  өнім  құны 
және өндірістік шығындар, амортизациялық есептер, 
өнімнің өзіндік құнына жатқызылатын салықтар мен 
алымдар  арасындағы  айырма  ретінде  анықталады. 
Табыс  салығы  Қазақстан  Республикасының  Салық 
кодексіне  сәйкес  корпоративті  табыс  салығының 

 
44 
жоғарғыі 
мөлшерлемесі 
(30%) 
бойынша 
қабылданады.  Табыс  салығын  шегеру  нәтижесінде 
таза табысты  аламыз. Таза табыс плюс амортизация 
(оны  салық  салу  мақсатында  ғана  шегердік,  ол 
шынайы  ақша  шығындарын  шығармайды),  минус 
капиталдық  шығындар  -  нәтижесінде  ағымдағы 
кезең  ішіндегі  таза  ақша  ағымын  аламыз.  Әр  кезең 
бойынша  таза  ақша  ағымдарын  жинақтай  отырып, 
қарастырылған 
кезеңнен 
бастап 
кумулятивті 
(жинақталған) ақша ағымын аламыз. 
Ақша  ағымын  есептеу  кезінде  бағалаудың 
бастапқы  кезеңіне  әртүрлі  уақыттың  шығындары 
мен  кірістерін  келтіру,  дисконттау  процедурасын 
пайдалану арқылы жүзеге асырылады. 
Дисконттау  коэффициенті  мына  формула 
бойынша анықталады: 
n
n
)
i
1
(
1
g



 немесе 
n
)
i
1
(



мұндағы   i  –  дисконт  мөлшерлемесі  (бірлік 
үлесі); n – есептік жыл номері. 
Дисконттау 
коэффициенті 
(6-қосымша) 
дисконтталған  ақша  ағымын  анықтау  бойынша 
экономикалық  есептерде  маңызды  рөл  атқарады 
және  нысанның  қазіргі  таза  құнын  және  табыстың 
ішкі нормасын есептеуге мүмкіндік береді. 
Өнеркәсіптік 
кондициялардың 
базалық 
нұсқасын  техника-экономикалық  негіздеу  кезінде 
дисконт  мөлшерлемесінің  көлемі  әдетте  10%  тең 
болып қабылданады. 
Таза  ақша  ағымын  сәйкес  дисконттау 
коэффициентіне  көбейту  арқылы  дисконтталған 

 
45 
ақша  ағымын  аламыз.  Ары  қарай,  жоғарыда 
айтылғандарға  сәйкес,  жинақталған  дисконтталған 
ақша ағымы есептеледі. 
Қазіргі  таза  (келтірілген)  құн  қарастырылған 
уақыт 
аралығындағы 
дисконтталған 
ақша 
ағындарының  сомасы  болып  табылады.  Ол  соңғы 
жыл  ішінде  жинақталған  дисконтталған  ақша 
ағымына тең болады. 
Өнеркәсіптік  кондицияларды  экономикалық 
негіздеу кезінде ақша ағымдарын дисконттау әдетте, 
дисконттау  мөлшерлемесіні  мәндерінің  бірнеше 
нұсқаларында  жүзеге  асырылады,  осының  негізінде 
табыстың 
ішкі 
нормасының 
(IRR) 
мөлшері 
анықталады (7-қосымша). 
Инвестициялардың 
табыстылық 
деңгейі 
табыстың  ішкі  нормасымен  сипатталады.  Табыстың 
ішкі  нормасы  -  бұл  жобаның  таза  қазіргі  құнын 
(NPV) нольге теңейтін дисконт мөлшерлемесі. Басқа 
сөзбен айтқанда, капиталды салымдардан болашақта 
түсетін  ақшалай  ағымдардың  (табыстардың)  қазіргі 
құны  осы  салымдарға  тең  болатын,  дисконттаудың 
пайыздық мөлшерлемесі. 
Жалпы жағдайда есептері келесі теңдеулерден 
шығарылады: 
бірқалыпты емес жылдық ақша ағымдары 
кезінде 
)
t
q
(CF
I



 
тең жылдық ақша ағымдары кезінде 
)
n
b
(CF
I





 
46 
мұндағы  I  –  жобаға  капитал  салымдары 
(инвестициялар);    q

  -      дисконттау      коэффициенті 
(6-қосымша);  b
n
 - рента  (аннуитет)    коэффициенті 
(9-қосымша); CF – таза ақша ағымы. 
Табыстың  ішкі  нормасының  дәл  есебі  «Excel» 
бағдарламасының  ВСД  (IRR)  функциясы  көмегімен 
жүзеге 
асырылады. 
ВСД 
(IRR) 
функциясы 
итерациялық  әдіспен  дисконттау  нормасын  есептеп 
шығарады,  онда  таза  қазіргі  құны  (NPV)  нөлге  тең 
болады. 
Өтелу мерзімі - бұл бастапқы инвестиция салу 
және  ақшалай  қаражаттардың  жылдық  ағымынан 
инвестицияланған  соманы  қайта  алу  арасындағы 
уақыт мөлшері. 
«Кумулятивті  ақша  ағымы»  жолындағы  мән 
терістен 
оң 
мінге 
өзгеретін 
сәт 
капитал 
салымдарының өтелу сәті болып табылады. 
Өтелу  мерзімін  анықтау  үшін  төмендегі 
формула қолданылады: 
Өтелу  мерзімі  =  Кумулятивті  ақша  ағымының 
теріс  мәнді  жылдар  саны  +  (1  -  Жинақталған  ақша 
ағымының  бірінші  оң  мәні  /осы  жыл  ішіндегі  таза 
ақша ағымы). 
54. Кондицияларды 
әрнұсқамен 
техника-
экономикалық  негіздеу  кезінде  оңтайлы  ретінде 
негізгі,  сондай-ақ  ілеспе  пайдалы  қазбалар  мен 
компоненттердің  қолданысы  ескерілетін  тауарлық 
өнімнің  сатылымынан  сомадағы  ақша  ағымы 
мөлшерінде  берілген,  кен  орнын  өндірудің  барлық 
мерзімі  аралығында  инвестициялардан  жоғарғыі 

 
47 
жалпы экономикалық әсерді қамтамасыз етуші нұсқа 
қабылданады. 
Егер  кен  орнын  игеруді  кезекпен  жүргізу 
жоспарланса,  және  жекелеген  кезеңдер  кен-
геологиялық 
және 
техника-экономикалық 
көрсеткіштер  бойынша  ерекшеленетін  болса,  әр 
кезек  (кезең)  бойынша  есептер  жеке  және 
кәсіпорынның  қызмет  ету  мерзімі  аралығында 
жалпы жүргізіледі. 
Техника-экономикалық 
есептердің 
жалпы 
көрсеткіші  құрама кесте түрінде ұсынылады (10-қо-
сымша). 
Кондициялар  параметрлері  оптималды  нұсқа 
базасында белгіленеді.  
55. Кондициялардың  ТЭН-ің  аясында  жүзеге 
асырылатын  қаржылық  бағалар  олардың  көлеміне 
жағымды  және  теріс  әсер  етететін  негізгі 
факторларды 
қарастыруды 
қамтиды 
(жоба 
сезімталдығының  талдауы).  Оларға  дайын  өнімге 
бағаның  өзгеру  мүмкіндігі  (ең  елеулі  фактор), 
кендердегі  пайдалы  компоненттердің  нақты  орташа 
құрамының 
ауытқуы, 
капиталды 
және 
пайдаланымдық  шығындарға  баға  беру  кезінде 
жіберілген  қателіктер  және  тағы  басқалар.  Бұл 
факторлардың  барлығының  жоба  экономикасына 
әсері табыстың ішкі нормасы (IRR) мөлшеріне және 
жобаның  қазіргі  құнына  (NPV)  тәуелділігіне 
өзгерісін  бейнелейтін  арнайы  есептер  көмегімен 
зерттеледі. Әдетте ауытқымалы ауыспалы мәндердің 
(баға,  шикізат  сапасы,  пайдаланымдық  шығындар 
мөлшері,  өнімнің  шығарылу  көлемі)  3  нұсқасы  

 
48 
(оптималды, 
оптимистік 
және 
пессимистік) 
қарастырылады. 
Әртүрлі  өнеркәсіптік  типті  және  өндіріс 
әдістері  әртүрлі  кен  орындарының  геологиялық-
экономикалық бағалануының мысалы 11 және 12-қо-
сымшаларда берілген. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет