7. Мәтіндік, кестелік және графикалық
қосымшалар
75. Кестелік
қосымшалардың
тізімдемесі
келесілерден тұрады:
пайдалы компонент құрамы анықталған
жағдаулық құрам кезекпен төмендегенде өсірілетін,
жағдаулық құрам мен интервалдардың шартты
мәнінің бірінші нұсқасы бойынша қазбаларды
сынамалау деректері бойынша кенді интервалдарды
бөлу кестесі (ақпараттардың үлкен көлеміне
71
байланысты аталмыш кесте электронды түрде беріле
алады);
кен қазбалары, ұңғымалар, есептік қималар,
тіліктер мен нұсқалар блогы бойынша орташа
құрамдарды, қуаттарды, көлем массаларын есептеу
кестесі;
нұсқалар бойынша минералды шикізаттардың
технологиялық сұрыптары мен өндіру әдістері
бойынша қорларды есептеу кестесі;
блоктардың көлемі мен алаңдарын есептеу
кестесі;
кондиция
жобасын
негіздеу
кезінде
қолданылатын техника-экономикалық көрсеткіштер
кестесі;
кен
орындары
бойынша
минералды
шикізаттың
жағдаулық
құрамның
негіздемесі
бойынша әрнұсқалы техника-экономикалық есептер
нәтижелерінің кестесі;
минералды шикізаттың жағдаулық құрамының
ұсынылған нұсқасы бойынша техника-экономикалық
көрсеткіштер кестесі;
кондицияның ұсынылған нұсқасы бойынша
металдар балансының кестесі;
өнеркәсіптік
құрылысқа,
жабдықтарды,
материалдарды, отынды, реагенттерді және тағы
басқаларды сатып алуға капиталдық шығындарды
есептеу кестесі;
шығындардың өзіндік құнының баптары
бойынша
калькуляцияланатын
пайдаланымдық
шығындар есебінің кестесі;
амортизациялық есептерді санау кестесі;
72
тауарлық өнім құнын есептеу кестесі;
кен орнын бағалаудың қаржы-экономикалық
моделі;
жоба сезімталдығының графигі;
қажеттілігі
кен
орнының
белгілі
ерекшеліктеріне немесе басқа да факторларға
байланысты болуы мүмкін басқа да кестелер.
76. Мәтіндік қосымшалардың тізімі келесі
құжаттар көшірмелерін қамтиды:
кондициялардың ТЭН-ін жасауға геологиялық
(техникалық) тапсырмалар;
бұрынғы кондицияларды бекіту туралы ҚМК-
ың хаттамалары;
кен өндіру кәсіпорын құрылысына арналған
кен иелігін алу туралы;
өндірістің нақты көрсеткіштері (кендегі
компоненттер
құрамы,
шығындар
мен
құнарсыздану), байытылуы, су ағымдары, газдың
бөлінуі,
кен
соққысының
байқалуы
туралы
анықтамалар;
өндіруші
кәсіпорын
қызметінің
нақты
экономикалық көрсеткіштері туралы (өнімділігі,
күрделі шығындар, пайдаланымдық шығындар,
тауар өніміне бағалар және басқалар);
кеннің қатардағы немесе басқа да талдауын
тексеруді
растаушы
және
талдаулардың
нақтылығының сәйкес сыныбын растаушы анықтама
(Қазақстан
Республикасының
Мемлекеттік
стандартымен
аккредитацияланған
ұйымның
басшысымен қол қойылған анықтама);
73
технологиялық
сынақтарға
арналған
зертханалық және басқа да сынамаларды іріктеу
актісі;
нақты кен орнының ерекшелігіне байланысты
басқа да мазмұндағы құжаттар.
77. Кондициялардың
ТЭН-ің
графикалық
бөлімі келесі сипаттаушы материалдарды қамтиды:
кен
орнының
геологиялық-құрылымдық
жағдайы,
оның
геологиялық
құрылымының
ерекшеліктері, морфологиясы, пайдалы қазбалар
денесінің жайылу шарттары мен мөлшері, онда
пайдалы компоненттердің кеңістіктегі таралуы,
минералды
шикізаттың
өнеркәсіптік
типтері
(сұрыптары);
геологиялық
және
есептік
тіліктерде,
деңгейжиектік
жоспарларда,
есептеу
және
сынамалау
жоспарларында
баланстық
және
балансталған қорлардың кеңістіктік жағдайы,
пайдалы
қазбалардың
жағдаулық
құрамының
қабылданған нұсқалары бойынша баланстық және
балансталған
қорларды
есептеу
контурлары
(кондициялардың ұсынылған параметрлері бойынша
қорлар контурлары ерекше бөлінеді);
кен орнын аршу схемасы, қорларды ашық
және жерасты әдістерімен өндіру шекаралары және
кен жұмыстарының әсер ету аймақтары;
шикізатты өңдеу технологиясы (компоненттің
жағдаулық құрамының ұсынылған нұсқасы бойынша
сапалық-сандық схемасы).
Кен
орнының
гидрогеологиялық
және
инженерлік-технологиялық шарттарын көрсететін
74
графикалық
қосымшалар
тізімдемесі
келесіні
қамтиды:
1:1000–1:10000
масштабындағы схемалық
гидрогеологиялық картасы;
1:1000-1:10000
масштабындағы
схемалық
инженерлік-геологиялық картасы;
схемалық
гидрогеологиялық
кесінділер
масштабы: көлденең – 1:1000-1:10000, тік – 1:1000-
1:2000;
1:1000-1:2000 масштабындағы геологиялық
тіліктер желілері бойынша инженерлік-геологиялық
аудандау схемалары.
Жаңа кен орындары үшін оның құрылысы
үшін алдын ала алаң таңдау негізінде орындалған,
болашақта салынатын кәсіпорын нысандарын
орналастырудың
жағдайлық
жоспар-схемасы
ұсынылады.
Кондициялардың ТЭН-ін қарастыру кезеңіне
ҚМК-на технологиялық және басқа да арнайы
зерттеулер бойынша есептер ұсынылады.
8. Кондициялардың ТЭН материалдарын
рәсімдеу және ұсыну тәртібі
78. Кондициялардың ТЭН-сі материалдары
жеке томдар түрінде рәсімделеді:
1-том. Мәтіндік бөлім
2-том. Мәтіндік және кестелік қосымшалар
3-том. Графикалық қосымшалар.
75
79. Кондициялардың ТЭН-сі материалдарының
барлық даналары бірдей рәсімделеді. Бірінші
томның алғашқы бетінде кондициялардың ТЭН-ін
жасаушы ұйым; ТЭН-ні бекіткен тұлғаның қызметі
мен аты-жөні, бекіткен күні; кен орнының немесе
оның учаскесінің атауы және орналасқан жері,
пайдалы
қазбаларының
түрі,
орындаушының
қызметі мен аты-жөнімен қоса, жұмыстың толық
атауы көрсетіледі.
Бірінші томның алғашқы бетінен соң,
орындаушылар
тізімі,
ақпаратттық
карта,
геологиялық тапсырма, бірінші том мазмұны;
суреттер, кестелер мен мәтіндік қосымшалар тізімі;
екінші том мазмұны; үшінші том мазмұны
салынады. Әрбір келесі том бойынша тек оның
мазмұны ғана беріледі.
Жеке орындалған технологиялық және басқа
зерттеулер бойынша материалдар жеке кітап түрінде
рәсімделеді.
80. Графикалық қосымшаларды көрнекті,
ыңғайлы оқылатын түрде және біріңғай шартты
белгілерімен ұсыну қажет. Әрбір сызбада оның
атауы, номері, сандық және сызбалық масштабы,
авторларының қызметтері мен аты-жөндері, ұйым
атауы көрсетіледі.
81.
Графикалық қосымшалар папкаларға
салынады, бірақ тігілмейді. Әрбір папкаға сызбалар
атауы және олардың реттік саны бар тізім қосылады.
Барлық графика, соның ішінде Геология және
жер қойнауын пайдалану комитетінде сақталатын
графикалар компьютерлік әдіспен жасалады.
76
82. Кондициялар ТЭН-ің материалдары кен
орындарын
барлау
және
бағалау
жөніндегі
жұмыстарды
қаржыландырған
жер
қойнауын
пайдаланушылар мен жер қойнауын зерттеуші және
пайдаланушы
құзіретті
органның
аумақтық
бөлімшелерімен ҚМК-ға бекітілуі үшін ұсынылады.
83. Кондициялардың ТЭН-ің материалдары
ҚМК-ға үш данада беріледі. Сонымен бірге бес
данада кондициялардың ТЭН-ің негізгі ережелері
мен қорытындылары туралы келесі деректерді
қамтитын авторлық анықтамасы ұсынылады:
1) кен орнының экономикалық-географиялық
жағдайының ерекшеліктері: облыс, аудан, темір жол
станциясынан, порттан, елді мекендерден және
тұтынушылардан қашықтығы; табиғи-климаттық
шарттар, теңіз деңгейінен биіктігі, сейсмикалық
шарттар, су көздері; экономикалық жағдайлары -
ауданның игерілуі, халқы және оның еңбекпен
қамтылуы, бұрын салынған немесе құрылысы
жоспарланған кәсіпорындармен кооперациялану
мүмкіндігі, электрмен, сумен, жылумен қамтамасыз
етілуі және тағы басқа;
2)
бағаланатын
шикізатта
қажеттілікті
қанағаттандыру үшін барланатын кен орнының мәні.
Кен орнының және басқа өндірілуші немесе
резервтік
кен
орындарымен
экономикалық
потенциалын салыстырып бағалау;
3) мемлекеттік баланста саналатын және
бекітілген қорлар мен бұрынырақ бекітілген
кондициялар туралы мәліметтер; барлау мақсаты, ол
кімнің
тапсырмасы
бойынша
жүргізілген,
77
қолданыстағы кондициялар, олардың параметрлері
кіммен бекітілген; ҚМК хаттамасында олардың
бекітуі
бойынша
айқындалған
ұсыныстардың
орындалуы.
Қайта ұсынылатын материалдар үшін -
геологиялық-экономикалық
бағалауға
жатқызылатын, ҚМК ұсыныстарын орындау. Кен
орнын өнеркәсіптік игеруге тартудың жоспарланған
мерзімі;
4) кен орнын геологиялық құрылымының,
морфологиясының, пайдалы қазбалар денелерінің
ішкі құрылымы және жайылу шарттарының
ерекшеліктері (көмір кен орындары үшін -
қыртыстар құрылымы, олардың тұнуы), Қорлар
жіктемесі бойынша кен орындарының тобы, С
2
санаты қорларының кондициялары ТЭН есептің
толықтығы мен негізделуі;
5) шикізат сонымен қоса ілеспе пайдалы
қазбалар мен бағалы компоненттер сапасы туралы
негізгі деректер (минералды және химиялық құрамы,
физика-механикалық
қасиеттері);
сұрыптық
(маркалық)
құрамның
сипаттамасы;
пайдалы
компоненттер мен зиянды қоспалардың шекті және
орташа құрамдары; пайдалы қазбалардың, жеке
пайдалы және зиянды компоненттердің және кенсіз
жыныс қоспаларының табиғи түрлерінің және
өнеркәсіптік типтері мен сұрыптарының кеңістіктегі
таралу заңдылығы туралы мәліметтер. Үгілу және
қышқылдану аймақтарының болуы және орналасуы.
Шикізатты пайдаланудың нақты және жоспарланған
салалары, шикізаттың, концентраттар немесе одан
78
жасалған бұйымдардың қолданыстағы стандарттар
мен техникалық шарттар талаптарына сәйкестігі;
6) шикізаттың кешенді қолданысын ескере
отырып,
оны
өңдеу
бойынша
жүргізілген
технологиялық зерттеулердің нәтижелері; Кондиция
ТЭН
қабылданған
схема
бойынша
негізгі
технологиялық
және
техника-экономикалық
параметрлер; пайдалы компоненттердің сонымен
қоса ілеспе, минералды шикізатты өңдеу
өнімдеріндегі және концентраттардағы таралу
балансы;
ілеспе
компоненттерді
өнеркәсіптік
пайдалану мүмкіндігі;
7) негізгі пайдалы қазбаларды өңдеу кезінде
ашу және ілеспе жыныстардың зерттелуі, оларды
құрылыс
материалдары
ретінде және басқа
мақсаттарда
пайдалану
мүмкіндігі,
олардың
қорларын бекіту саналылығы;
8) кен орынының барлануы, соның ішінде ең
алдымен өндірілуге жоспарланған учаскелер мен
деңгейжиектердің барлануы.
Негізгі
пайдалы
қазбалардың
санаттар
бойынша қорлары, қажет болған жағдайда - типтері
мен сұрыптары бойынша, сондай-ақ кондициялар
негіздемесіне қабылданған ілеспе пайдалы қазбалар
мен компоненттердің қорлары, көмір үшін - қыртыс
қуаттылығы мен күлділік интервалдары бойынша.
Қорлар өсімінің перспективасы;
9) кен
орындарының
гидрогеологиялық
шарттарының жалпы сипаттамасы, нақты және
күтілетін есептік су ағындары; сумен қамтылудың
ұсынылған көздері;
79
10) кен орнын өндірудің кен-техникалық және
инженерлік-геологиялық
шарттары,
күтілетін
газдылығы, кен жұмыстарын жүргізу кезіндегі
пневмокониоздық-жарылыс қауіптілігі;
11) кен
орнын
өндірудің
экологиялық
шарттары;
табиғатты
қорғау
саласында
қолданыстағы заңнама ережелерін сақтау бойынша
шаралар
(жерді
қалпына
келтіру,
тазарту,
өнеркәсіптік қалдықтарды тастау, жерлеу және т.б.);
12)
кондициялардың
ТЭН
есептерінде
қабылданған кен орнын игеру бойынша негізгі
техникалық шешімдер: болашақ кәсіпорынның
өндірістік қуаты, пайдалы қазбаны өндіру әдістері
мен жүйелері, оны өңдеу технологиясы;
13) кен орнын игерудің негізгі техника-
экономикалық
көрсеткіштері.
Кондициялардың
ұсынылған нұсқасының негіздемесі, бұл нұсқа
көрсеткіштерін алдыңғы қатарлы қызмет етуші
немесе осы саланың жобаланған аналогты кәсіпорын
көрсеткіштерімен салыстыру, ал қызмет етуші кен
орындары бойынша - кәсіпорын жұмысының нақты
техника-экономикалық көрсеткіштері;
14)
Жобамен
ұсынылған
кондиция
параметрлері;
15) егер кондициялардың ТЭН ҚМК-ның
қарастыруы үшін ұсынған кезде қабылданған
параметрлерге, байыту көрсеткіштеріне немесе басқа
да бастапқы деректерге өзгертулер енгізілген болса,
авторлық анықтамада сәйкес түзетулерді келтіріп,
негіздеу қажет.
80
Анықтамаға
тікелей
тапсырмасымен
кондициялардың
ТЭН-сі
жасалған,
ұйымның
жауапты тұлғасының қолы қойылады. Ол жол
арасындағы бір жарым интервалмен беттің бір
жағында басылған, 5 данада ұсынылады. Анықтама
көлемі 10-12 беттен аспайды.
84. Кондициялардың ТЭН материалдары жер
қойнауын зерттеуші және пайдаланушы құзіретті
органның аумақтық бөлімшелерінде қаралған соң,
қорытындымен қоса ҚМК-ға ұсыналады.
85. Байыту технологиясы, гидрогеологиялық,
инженерлік-геологиялық, экологиялық зерттеулер
бойынша дербес есептер бір данада ұсынылады.
86. Кондициялардың ТЭН негізгі мәтінінің
ұсынылатын көлемі (Түсіндіру жазбасы) – 150
беттен аспайды.
87. Қарапайым
геологиялық
құрылыммен
сипатталатын және минералды шикізаттың бір
түрімен ұсынылған кен орындары бойынша
кондициялардың
ТЭН-сі
материалдары
мен
жасалған қорлар есебі ҚМК-ға келісім бойынша
бірге ұсынылады.
88. ҚМК кондициялардың ТЭН-ін мемлекеттік
сараптама жасауға тек материалдардың қажетті
жинағын
ұсынған
соң
ғана
қабылдайды.
Мемлекеттік сараптама жүргізу тәртібі Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1996 жылы 18 қазанда
қабылданған №1288 «Қазақстан Республикасының
жер қойнауының мемлекеттік сараптамасының
ережелерін бекіту туралы» қаулысымен анықталады.
81
89. Кондицияларды қарастыру бойынша ҚМК
шешімдері хаттамамен рәсімделеді, оны тарату
Қазақстан
Республикасы
Энергетика
және
минералдық ресурстар министрлігінің Геология
комитеті Төрағасының 2007 жыл 12 қарашадағы
№99-п «Қазақстан Республикасының пайдалы
қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы
туралы» бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
82
1-қосымша
Пайдалы қазбалардың алуан түрлеріне арналған
кондициялардың негізгі параметрлерінің тізбесі
Металдар және кенді емес
шикізат
Көмір және жанатын тақтатас
1
2
компоненттің (немесе
шартты компоненттің) сына-
мадағы жағдаулық құрамы;
пайдалы ілеспе компо-
ненттердің құрамын негізгі
компоненттердің
шартты
құрамдарына
келтіруге
арналған коэффициенттер, кел-
тіру кезінде ескерілетін компо-
ненттердің төменгі құрамы;
есептік
блоктағы
пайдалы компоненттің төменгі
өнеркәсіптік құрамы;
есептік блоктағы кен-
діліктің төменгі коэффициенті;
жиектік
қазбадағы
компоненттің немесе шартты
компоненттің төменгі құрамы;
есептік блоктағы зиян-
ды
қоспалардың
жоғарғы
рауалы құрамы;
қорларын санау қажет
ілеспе компоненттердің тіз-
бесі;
есепке қосылатын, пай-
далы қазбалар денелерінің
төменгі қуаты немесе сәйкес
көмір
(тақтатастар)
қыртыстарының
төменгі
шынайы
қалыңдығы,
ал
құрылымы
күрделі
қыртыстарда - жеке өңделуі
тиіс қыртыс бөліктері;
жыныстық қабаттарды
жалпы қазу кезінде күрделі
құрылымды
қыртысқа
енгізілетін,
жыныстық
қабаттардың
жоғарғы
қалыңдығы, немесе селективті
қазуға
арналған
және
қырытысты бөліктерге бөлетін,
жеке саналуы және өндірілуі
тиіс, осындай қабаттардың
төменгі қалыңдығы;
көмірдің
жоғарғы
күлділігі (тақтатастар үшін –
құрғақ
отынға
аударылған
жанудың
төменгі
жылуы),
құрылымы күрделі қыртыстар
үшін
(немесе
селективті
өндірілетін олардың бір бөлігі
үшін) қосымша – көмірдің
(тақтатастың) қыртыс
ішілік жыныстық қабаттармен
83
1-ші қосымшаның жалғасы
төменгі метропайыз (метро-
грамм);
қорлар
есебіне
енгізілетін кондицияланбаған
кен,
бос
жыныстардың
қабатының жоғарғы қуаты;
баланстық
денелерге
жататын,
оқшауланған
(ерекшеленген)
денелердегі
төменгі қорлар;
қорларды
есептеудің
жоғарғы тереңдігі, ашудың
шекті коэффициенті.
немесе жабынның тұрақты емес
жыныстарымен және пласт
қабатымен ластануын ескере
отырып,
жоғарғы
орташа
қыртыстық күлділігі;
қорларын есептеу қажет
болатын
ілеспе
компоненттердің
тізбесі
(пайдалы
қазбалардың
технологиялық
типтері
бойынша жекелеп), ал қажет
болған жағдайда – қимасы
немесе есептеу блогы бойынша
бұл компоненттердің төменгі
құрамы;
тау-кен
геологиялық
шарттардың
аса
күрделі
болуына байланысты немесе
қорлардың
көлемінің
аз,
ыдыраңқы
болуы,
оларды
шартты
отынға
келтіру
арқылы интенсивті бұзылуы
салдарынан
өндіріле
алмайтын
қыртыстар,
учаскелер, блоктар;
қорларды
өндірудің
шекті тереңдігі, ашық әдіс
үшін қосымша - ашудың шекті
коэффициенттері.
84
2-қосымша
Жұмыс кезеңдері бойынша кондициялар түрлері
Жұмыс
кезеңдері
Кондиция
түрлері
Пайдалы
қазбалардың
баланстық
қорларының
қолданылатын
санаттары
ТЭН атауы
Іздеу-бағалау
жұмыстары
бағалау
С
2
санаттарының
қорлары
Бағалау
кондицияла-
рының ТЭН-і
Геологиялық
барлау және
кенорнын
өндіру
өнеркәсіп-
тік
С
1
+С
2
және одан
да жоғары
санаттардың
қорлары
Өнеркәсіптік
кондициялар
дың ТЭН-і
85
3-қосымша
Минералдық шикізаттың технологиялық
қасиеттерінің сипаттамасы
Кенорны
Кенді, кенді емес және
техногенді түзілімдер
Көмір (тақтатас)
Көрсетілімі
параметрлер
1
2
3
Құрылымдық-
текстуралық
ерекшеліктері,
минералды және
химиялық құрамы,
алынатын
элементтердің бөліну
формалары, физика-
механикалық қасиеттері
(қаттылығы, шекті және
үймелі салмағы,
жайылуы, қатуы, сақтау
мерзімі), пайдалы
минералдардың
гранулометриялық
талдауы және олардың
ірілік кластары
бойынша таралуы,
контрасттылық
коффициенті және уран
мен басқа кенді жер
астынан сілтілендіру
әдісімен өңдеу үшін
қосымша - кеуектілік,
фильтрация
коэффициенті,
өзткізгіштігі.
Шаңтәрізді жағу
үшін
Үгітілу қабілеті,
химиялық құрамы,
балқытылуы,
абразивтілігі, күлінің
дисперсиялығы, оның
сұйық балқытылған
түрінде тұтқырлығы.
Қабаттап жағу
үшін
Елену құрамы, терми-
калық тұрақтылығы
және күлінің
балқығыштығы.
Көмірді кокстеу
үшін
Жану және кокста-
нуы, кокстың физика-
механикалық
қасиеттері.
Көмір
газификациясы
үшін
Елену құрамы,
термикалық
тұрақтылығы және
механикалық
төзімділігі, күлінің
балқығыштығы мен
шлактануы.
Жартылай кокстеу
үшін
Көмірдің елену
құрамы, термикалық
тұрақтылығы, шайыр,
жартылай кокс, газ
және пирогенетика-
лық судың шығысы.
86
3-ші қосымшаның жалғасы
1
2
3
Антрациттер үшін
(термоантрациятт
ер өндірісі үшін)
Елену
құрамы,
термикалық
тұрақтылығы
және
механикалық
мықтылығы.
Қоңыр көмір үшін
(қоңыр
көмір
балауызын
алу
үшін)
Битумдар
шығысы,
олардың
топтық
құрамы,
шайыр
шығысы.
Жұмсақ
қоңыр
көмір үшін (көмір
сілтілі реагенттер
алу үшін)
Гумин
қышқылдарының
шығысы.
Жанатын
тақтатастар үшін
(газ бен шайыр
өндірісі үшін)
Елену құрамы,
жартылай кокстану
өнімдерінің шығысы,
шайыр мен газдар
құрамы мен
қасиеттері.
Барлық көмірлер
мен тақтатастар
үшін
Байытылуы, ал
борпылдақ қоңыр
көмір мен ұсақ класты
тас көмір мен
антрациттер үшін -
брикеттелуі.
Көмірді
(тақтатасты)
пайдаланудың
басқа арнайы
бағыттары үшін
Стандарттар мен
техникалық
шарттармен
белгіленген
технологиялық
қасиеттері.
87
87
4-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |