Вариант номерлері: 1 және 3
2 және 5
4 және 7
Бақылау сұрақтары Дәстүрлі емес әдіс дегеніміз не?
Қандай дәстүрлі емес әдістерді білесіз?
Ойын элементтерін қолданудың тақырыпты меңгеруге көмегі қандай?
6 - зертханалық жұмыс. 1-тапсырма. Информатика сабақтарындағы аналогия. Жаңа программалық әдісті меңгеру аналогиясының іс-әрекеті бойынша және піікр айтуға өзіндік мысал келтіру.
2-тапсырма. Дедукция. Алгоритмде қатені іздеу кезінде дедуктивтік ой қорытындысын ашуға тырысыңыз.
3-тапсырма. Абстракция және дәлелдеу. Үш туристтің жүкті бөлу туралы қолданбалы есепті информатика термині бойынша қисынға келтіру.
4-тапсырма. Мына критерийлар бойынша информатикада бақылау әдістерін салычстырыңдар: алгоритмде немесе нұсқауда қатені түзеу нәтижелігі; оқушыға пайдасы; педагогты ескішілдік жұмыстан босату.
7 - зертханалық жұмыс. Тақырыбы: Информатиканы оқыту үрдісінде психологиялық мәселелерді шешу әдістері Мақсаты: Информатиканы оқуға ынталы оқушыларды анықтау үшін
тест құрастыру. Тест программасын кез-келген программалау тілінде құру.
Тапсырмалар Информатикаға ынталы оқушыларды анықтап алуға арналған тест сұрақтарын құрыңыз. Ол сұрақтар оқушының білімін және логикалық ойлау қабілетін тексеруге мүмкіндік беретін болсын.
Тестте 30 сұрақ және әр сұрақта 5 жауап нұсқасымен құрыңыз.
Құрылған тест сұрақтарын бағалау шартын көрсетіңіз.
Осы тест сұрақтарын тесттік программаға енгізіңіз. Программа ретінде Тақырып 5 көрсетілген мысалды алуға, толықтыруға немесе өзіңізге басқа программалау тілінде құруыңызға болады. Сұрақтарға байланысты сызбалар немесе суреттер бар болса, оны міндетті түрде тест программасына қосыңыз.
Тест сұрақтарына оқушы жауап бергенде оның информатика сабағына бейімділік мөлшері бағалансын.