14 - зертханалық жұмыс. Тақырыбы: Оқытудың ұйымдастырылған формаларының жүйесі. Зертханалық жұмысқа дайындалғанда, таңдап алынған жеке тапсырма бойынша сөз сөйлеуді өңдеу.
Жеке тапсырмалар.
1-тапсырма. Неге оқытудың басында қостық жұмыс жиі қолданылады? Қостық жұмысты қолданатын ОҰФ-ке мысал келтіру. ЭЕМ-де қостық жұмыста оқушылардың ролін қалай өзгертуге болады?
2-тапсырма. Қандай себептен ЭЕМ-де жалғыз жұмыс істеп отырған оқушы, мұғалімнен көмек сұрамауы мүмкін? Жеке тапсырмаларды қолданатын ОҰФ-ке мысал келтіру.
3-тапсырма. Топтық құрамында жұмыс істеп әрбір оқушының активтілігін қалай қамтамасыз ету керек? Топтық жұмысты қолданатын ОҰФ-ке мысал келтіру.
4-тапсырма. Оқытуды басқару үшін педагогқа компьютер не береді? Қостық, топтық және жеке жұмысты қолданатын ОҰФ-ке мысал келтіру.
15-зертханалық жұмыс Оқытудың бір түрінен баяндама дайындау. Баяндама басында таңдалып алынған оқыту түрінің бейнесін беру. Нақты мысалмен алынған оқыту түрінің ерекшелігін көрсету.
Дәріс. Неге бүкіл сабақты дәріс түрінде өткізуге болмайды? Оқытудың қандай түрлері дәрістен алыстатылған?
Семинар. Семинардағы оқушының жұмыс нәтижесі не болуы мүмкін?
Зертханалық жұмыс. Оқушылардың Зертханалық жұмыс дайындығына бақылауды не үшін қолданылады?
Жеке практика. Оқушылардың ЭЕМ-нің көшпелі жұмысының нәтижесін көрсету. Өзіндік практиканы оқытудың ерекшеліктерін көрсету.