Қазақстан республикасының Ғылым және білім министрлігі


Мақсаты: оқушыларды алгоритмнің негізгі түрлерімен таныстыру. Алгоритмдерді блок – схема түрінде өрнектеу. Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар



бет57/87
Дата14.11.2022
өлшемі1,01 Mb.
#49926
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   87
Байланысты:
умкд Семей-13жыл

Мақсаты: оқушыларды алгоритмнің негізгі түрлерімен таныстыру. Алгоритмдерді блок – схема түрінде өрнектеу.
Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар: оқушылар есептің алгоритмін блок – схема арқылы өрнектей алуы тиіс.
Оқушылардың білігі мен дағдысына қойылатын талаптар: Берілген есепке алгоритм түрлерінің қажеттісін қолдана білу.
Жоспар:

  1. Сызықтық немесе тізбектік алгоритм.

  2. Тармақталған алгоритм.

  3. Циклдік алгоритмдер: арифметикалық, қадамдық алгоритм.

  4. Бақылау сұрақтары.

Қысқаша мазмұны:
Анықтама. Алгоритмдер блоктардың өзара байланысуына қарай үш құрылымға – сызықтық, тармақтық және циклдік түрлерге бөлінеді.


  1. Сызықтық немесе тізбектік алгоритм. Сызықтық алгоритм өрнектелуіне қарай тізбектелген командалардан, ал блок – схемалары бар сызық бойына орналасқан тізбекті блоктардан тұрады. Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм сызықтық алгоритм деп аталады

  2. Тармақталу алгоритмдері. Алгоритмдердің есептегі белгілі бір шартқа тәуелді тармақталып бірнеше жолдарға бөліну тобы тармақталу алгоритмдері деп аталады.

  3. Арифметикалық цикл. Алгоритмнің атқарылуы алдында циклдің алғашқы мәні белгілі болады да, келесі қайталану кезеңінде цикл параметрі белгілі бір тұрақты шамаға өзгеріп отырады.

  4. Қадамдық цикл. Алдын ала қайталану саны белгісіз болған жағдайда қадамдық цикл пайдаланылады. Циклді аяқтау үшін белгілі бір шарт тексеріледі.


Тапсырмалар:
Мектеп оқулығы мен дидактикалық материалдар жинағын пайдалана отырып, келесі тапсырмаларды орында.

  1. «Алгоритмдеу негіздері» тақырыбы бойынша сабақ жоспарының үлгісін дайында.

  2. Көрнекі – дидактикалық материалдарын дайында.

  3. Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды анықта.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет