Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі


«Биологияны оқыту әдістемесі» пәнінен сұрақтары



бет5/7
Дата06.06.2023
өлшемі41,96 Kb.
#99244
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
«Биологияны оқыту әдістемесі» пәнінен сұрақтары
1. Биологияны оқыту теориясы мен əдістемесінің жалпы білім беретін мектепте дамуының негізгі кезеңдері. Жаратылыстануды оқыту əдістемесінің ХVIII ғ. соңында қалыптасуы. Мектептегі жаратылыстанудың практикалық- сипаттамалық, сипаттамалық-систематикалық, биологиялық, экологиялық жəне эволюциялық даму бағыттары. Б.Е.Райков, И.И.Полянский, Н.А.Рыков, Н.М.Верзилин, В.М.Корсунская, Т.М.Мұсақұловтардың жалпы жəне кəсіптік білім беретін мектептерде биологияны оқыту мен тəрбиелеу теориясының дамуына қосқан үлестері.
2. Биологияны оқыту формалары.Оқыту формалары туралы жалпы мағұлматтар. Биологияны оқыту формаларының өзіндік ерекшеліктері мен қызметтері.
3.Сабақ – биологияны оқытудың негізгі формасы. Биология сабағының құрылымы. Сабақ қызметтері. Биология сабағының типологиясы. Сабақты жоспарлау түрлері.
4. Биологиядан оқу бағдарламалары. Оқу бағдарламасының қызметтері. Биологиядан мектеп оқулықтары: құрылымы, қызметі. Биологияны оқытудағы ұғымдар жүйесі.
5. Биология пəніне арналған сыныптан тыс жұмыс, оның түрлері. Биология пəнінен сыныптан тыс өткізілетін жұмыстың əр алуан түрлерін (əдістемелік əдебиетті салыстырмалы түрде талдау негізінде) сипаттау.
6. Биологиялық білім беру педагогикалық жүйе. Мектеп оқушыларына биологиялық білім беру жүйесінің құрылымы. Жүйе компоненттері: мақсат, ынталандыру, жобалау, мазмұн, іс-əрекет, басқару, нəтиже мен бағалау.
7. Биологияны оқыту барысында оқушыға кəсіби бағдар беру проблемасы. Биологияны оқытуда оқушыларды тәрбиелеу. Ұлтжандылық, эстетикалық, гигиеналық, экологиялық тəрбиелеу.
8. Оқыту əдістерінің жіктелісі мен оларды биологияны оқытуда білім беру мақсаты мен мазмұнына сай қолдану мүмкіндіктері. Биологияны оқытудағы сөздік əдістердің ерекшеліктері. Көрнекілік əдістердің биология сабағындағы рөлі. Биологияны оқытудағы практикалық əдістер.
9. Биологияны оқытудың материалдық базасы. Биология кабинетін, тірі табиғат бұрышын, оқу-тəжірибелік учаскені ұйымдастыруға қойылатын дидактикалық жəне əдістемелік талаптар.
10. Биологиялық зерттеуді ұйымдастырудың əдіснамалық негіздері: ғылыми зерттеуді ұйымдастыруға қойылатын талаптар, проблеманы белгілеу, зерттеудің негізгі міндеттерін анықтау, зерттеу əдістемесі бойынша бағдарлама құру.
11. Биология бойынша оқу жетістіктерін бақылау. Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау. Оқу жетістіктерін бақылау жүйесі, түрлері мен формалары. Оқу жəне оқыту үшін бағалау.
12. Дəстүрлі оқыту жүйесі жағдайында жиі өткізілетін бескезеңді құрылымды көздейтін аралас сабақтың технологиялық тұрғыдағы сабақтан ерекшелігі.
13. Биологияны оқытудағы проблемалық технологиялар. Модульдік оқыту технологиясы. Жобалау технологиясы. Ойын технологиясы. Кейс технологиясы. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.
14.Заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың биологияны оқыту заңдылықтарын ескеруге беретін мүмкіндіктері.
15. Мектептік биология курсы құрылымының кеңестік кезеңнен егемен Қазақстанға дейін өзгеруіндегі кіріктіру үрдісі.
16. Топсеруен биологияны оқыту формасы іспеттес, оның белгілері. Биология пəні бойынша өткізілетін топсеруендер жіктелісі. Биология пəні топсеруендерінің құрылымы, мақсаты мен мазмұны.
17. Табиғат аясында топсеруендерді ұйымдастыру мен өткізу əдістемесі. Биология пəні бойынша топсеруендерді өткізу теориясы мен əдістемесі жайлы əдебиеттерді салыстырмалы түрде талдау.
18. «Жалпы биология» курсындағы 10-сынып пəнінің мазмұнына кіретін, тіршіліктің құрылымдық жеке-дара деңгейлеріне қатысты тарауларды оқытуда құрастырмалы көрнекі құралдарды қолданудың маңызы
19. Биология курсының мазмұнына кіретін, тіршілік процестеріне қатысты тақырыптарды оқытуда осы процестердің өтуін бейнелейтін анимацияларды қолданудың маңызы. Биологиялық білім беруде орта және қысқа мерзімді жоспарларды құрудың қандай ерекшеліктері.
20. Мектептің жоғарғы сатысында биология пəндерінде тест тапсырмаларын қолдануда биологиялық білім беру қызметтерінің толыққанды орындалуының проблемасы.
21. Елдегі білім берудің, соның ішінде биологиялық білім берудің стратегиялық даму бағыттары. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша сабақ беру үлгілеріне сипаттама. Оқыту үдерісінде өзін-өзі бағалау және сыныптастарын бағалаудың стратегиясы.
22. Зертханалық сабақ – мектеп биологиясын оқыту формасы. Зертханалық сабақты ұйымдастыру ерекшеліктері, құрылымы, оған қойылатын талаптар.
23. Мектептегі биология курсындағы пəндердің тұжырымдамалық сызбанұсқаларын жасап шығарудың теориялық негіздері мен В.Ф. Шаталовтың тірек сигналдарының конспектісі негізіндегі технологиясы.
24. Қазіргі заман жағдайында биологияның оқыту мен тəрбие теориясы саласындағы жалпығылыми əдіснамалық ұстанымдарды ауыстыру перспективалары. Биологиялық білімнің жаңа ғасырдағы ролі. Оқушыларда оқудағы визуалдандыру дағдыларын дамыту жолдары.
25. Биологияны оқытудың құрал- жабдығы (жіктелісі мен сипаттамасы). Биология пəнінен қосымша білім берудің ерекше сипаттамалары. Биологиялық олимпиадалар мен байқауларды ұйымдастыру əдістемесі.
26. Биология пəнінің тақырыптарына PowerPoint слайдтарын əзірлеу мен оларды сабақ кезінде пайдалануда дидактикалық принциптердің сақталу проблемасы. Жаңа форматты мұғалім ерекшеліктері.
27. Т.М. Мұсақұловтың жаратылыстану пəндерін оқыту тұжырымдамасы: басты идеялары, принциптері мен мақсаттары əрі олардың іске асуы. Пәндік, педагогикалық, технологиялық білімдердің ерекшеліктері.
28. Мектептегі биология курсынан өткізілетін сабақтарды тірі табиғат бұрышындағы, оқу-тəжірибелік учаскедегі жұмыстармен байланыстыру жолдары.
29. Жаратылыстану-математика бағдарындағы «Жалпы биология» курсына таңдамалы курстарды жоспарлау қажеттілігі, оларды ұйымдастырып, өткізуге қойылатын талаптар.
30. Мектептік биологиялық білім беруден күтілетін нəтижеде экологиялық жəне валеологиялық мəдениеттің алатын орны. Бөлме өсімдіктерін оқу-тәрбие жұмысында пайдаланудың маңызы. Биологияны оқытуда жергілікті материалдарды пайдалану тиімділігі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет