Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі


Қорытынды аттестаттау көлемі, құрылымы және мазмұны



бет3/7
Дата06.06.2023
өлшемі41,96 Kb.
#99244
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Экзамен ҚА -2023 ПЕДбиология

3. Қорытынды аттестаттау көлемі, құрылымы және мазмұны
Университетте қорытынды аттестаттау кешенді емтиханды тапсыру түрінде өткізіледі. Қорытынды аттестаттау кемінде 12 академиялық кредитті құрайды. ҚА ұзақтығы – 6 апта.
Білім беру бағдарламасы бойынша қорытынды аттестаттау кешенді емтихан тапсыруға дайындық және тапсыру.


3.1 Кешенді емтихан
Кешенді емтиханның мақсаты – түлектің кәсіби дайындық деңгейін және оның кәсіби қызметі саласындағы практикалық мәселелерді шешуге қабілеттілігін анықтау.
Кешенді емтихан ауызша билеттік форматта өткізіледі. Кешенді емтихан алдында білім алушыларға қорытынды аттестаттауға шығарылатын мәселелер бойынша кеңес беру жүргізіледі.
Кешенді емтихан бір кезеңде өткізіледі: Бірінші кезең – аттестаттау комиссиясының ашық отырысында билеттер бойынша емтихан тапсыру. Билеттер бойынша емтихан өткізу кезінде емтихан тапсырушыға жауап беруге дайындалу үшін 1 сағат беріледі. Емтихан билетінің сұрақтарына білім алушы көпшілік алдында жауап береді. АК мүшелері қарастырылып отырған тақырыптар бойынша білім алушының білім тереңдігін анықтау мақсатында қосымша сұрақтар қоюға құқылы. Емтихан билетінің сұрақтарына ауызша жауап беру ұзақтығы 30 минуттан аспауы тиіс. Емтиханға жауап беруге дайындық барысында осы ҚА бағдарламасын және осы бағдарламаның 3.3-тармағында көрсетілген әдебиеттерді пайдалануға рұқсат етіледі.


3.2 Кешенді емтиханға шығарылатын сұрақтары бар пәндер тізбесі
Ботаника сұрақтары
1. Өсімдіктер клеткасы туралы не білесіз. Жануарлар клеткасынан айырмашылығын айқындаңыз.
2. Жапырақтың атқаратын қызметі және жапырақтың түсуі туралы не білесіз?
3. Жоғары сатыдағы өсімдіктер ұлпаларына сипаттама беріңіз
4. Гүл формуласы, гүл диаграммасы туралы не білесіз?
5. Күрделі гүлшоғыр түрлеріне сипаттама беріңіз
6. Өсімдіктердегі мирестемалық ұлпалардың маңызын түсіндіріңіз
7. Жай гүлшоғыр түрлеріне сипаттама беріңіз
8. Гүлдің құрылысы, гүл серіктерінің атқаратын қызметі туралы не білесіз?
9. Шырынды жемістерге сипаттама беріңіз
10. Өркен және оның бұтақтануы туралы не білесіз?
11. Өркеннің түрөзгерістеріне сипаттама беріңіз
12. Өсімдіктің генеративті мүшелері туралы не білесіз?
13. Андроцейге сипаттама беріп, микроспорогенез процесін түсіндіріңіз
14. Өсімдіктің вегетативті мүшелері туралы не білесіз?
15. Жеміс және жеміс түрлеріне сипаттама беріңіз
16. Өткізгіш ұлпа, түрлері және оның өсімдік үшін маңызы туралы не білесіз?
17. Генецей және оның құрылысын түсіндіріңіз.
18. Негізгі ұлпа және оның түрлері туралы не білесіз?
19. Тамырдың қызметі, тамырдың түрөзгерістерін түсіндіріңіз
20. Сыртқы және ішкі бөліп шығарушы ұлпалар туралы не білесіз?
21. Жапырақтың морфологиясын түсіндіріңіз
22. Механикалық ұлпа және оның түрлері туралы не білесіз?
23. Жабық тұқымды өсімдіктердегі қосарлы ұрықтану процесін түсіндіріңіз
24. Сабақ, сабақтың қызметі және сабақ морфологиясын түсіндіріңіз
25. Түзуші ұлпалар және оның түрлері туралы не білесіз
26. Тамыр және тамыр аймақтарын түсіндіріңіз
27. Негізгі ұлпа және оның түрлері туралы не білесіз?
28. Бүршік және бүршік түрлерін түсіндіріңіз
29. Өсімдік ұлпалары туралы не білесіз
30. Өркен морфологиясын түсіндіріңіз


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет