қорғаулық көшеттерін пайдаланып, оларды белгілі бір уақыт аралығында жас күйінде
сақтау мүмкіндігі туындайды. Бұл өнімдердің сақтау мерзімінің ұзақтығы олардың
ерекшеліктеріне және сақтау жағдайына байланысты болады. Мысалы асқабақты бөлме
темпераурасында ұзақ мерзім бойы сақтай алса, қияр бірнеше күнге шыдайды. Алманың
қысқы сорттары бірнеше айға дейін жас күйін сақтайды, ал жаздық сорттары ұзақ уақытқа
жарамсыз.Аталған топтың өнімдерін жас күйінде ұзақ уақыт бойы сақтауға
ауруларғақарсыласуын қолдау және олардың тіршілік әрекетінің үрдістерін реттеу үшін,
биологиялық үрдістердің дамуын баяулататын, өнімді айтарлықтай сорғытатын
/құрғататын/ жағдай қалыптастырады. Бұған өнімді 0
0
С жуық температурада және ауаның
белгілі бір дымқылдығын сақтағанда қол жеткізеді.
Гемибиоз қағидасының маңызы өте зор. Мұны дұрыс пайдалану тұрғындарды С
дәрумені және басқа да биологиялық ынталандырғыш заттары бар жас өсімдік өнімдерімен
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: