Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет34/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   143
 
 
 
Жүзімдерді жайғастыру үшін қоймаларды дайындау және жүзімді сақтау әдістері 
 
Жүзімнің бұтақтары басқа жемістер сияқты тірі организм болып саналады және аналық
өсімдіктен ажырағаннан кейін олар өмір сүрулерін жалғастыра береді. Жүзімді сақтаудың 
негізгі міндеті – ол оның өмір сүруін жинап алғаннан кейін ұзарту, оның максималды түрде 
физикалық-биохимиялық үдерісін қамтамасыз ету, минималды мөлшерде шығыны, 
жоғарғы тауарлы сапасы және тағамдық құндылығы сақталуын қамтамасыз ету шартының 
орындалуын ескеру.
Температура –сақтаудың жалғасуын анықтайтын ең негізгі фактор болып табылады. 
Сақтау температурасы неғұрлым төмен болса, жүзім соғұрлым шірікке аз ұшырайды.
Сақтау мерзімінің ұзақтығы елеулі дәрежеде өсіру жағдайларына, жинап алу мерзіміне, 
жүзімнің сапасы мен сақтау режиміне байланысты болады. Жүзімді сақтау үшін ең қолайлы 
температура 0-ден минус 2
0
С-қа (ауа температурасы) дейінгі температура болып табылады. 
Температураның 1-2
0
С-қа көтерілуі сақтау мерзімінің ұзақтығын 30-35 пайызға 
қысқартады. Өйткені жүзім қара күйе шірігі ауруына шалдығып, сапасы төмендейді. 
Жүзім жидектері мен сабағы ылғалынан оңай айырылатын болғандықтан сақтауға 
салынған жүзімді ұсынылған температураға дейін тез салқындату керек. Тез салқындату 
ылғалдың жоғалуын азайтады, шіріктің дамуын тежейді және сапасын жоймауға септігін 
тигізеді.


Жүзім солып қалмауы үшін сақтау камераларында ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 
90-95 пайыз деңгейінде ұстап тұру қажет. Сақтау кезінде қара күйе шірігі ауруының дамуын 
тежеу үшін жүзімді 7-10 күнде бір рет күкіртті ангидридпен ыстап отыру керек, оны 
камераның 1м
3
0,5-1,5г күкіртті өртеу жолымен немесе камераға 1-32м
3
сұйытылған күкіртті 
газ жіберу жолымен жүзеге асырады. Алайда жүзімді кәдімгі атмосфера жағдайында 5 
айдан артық сақтау оның дәмдік, тауарлық сапасы мен тағамдық құндылығының едәуір 
төмендеуіне әкеліп соқтырады.
Жүзімді қолдан реттеп отыратын газды орта жағдайында сақтау сортына қарай шығынды 
5,3-15,5 пайыз кемітуге жағдай жасайды, ең бастысы, тауарлық және дәмдік сапасының 
жоғары болуын қамтамасыз етеді. Жүзімнің көптеген сорттары үшін қолдан реттеп 
отыратын газды ортада ұзақ уақыт сақтауды 0- 
-
1
0
С температурада құрамында 2-3 пайыз 
СО
2
және 3 пайыз О
2
бар атмосферада жүзеге асыру ұсынылады.
Әр сақтау мерзімінің алдында мұздатқыш құралдар мен барлық салқындату жүйесі 
эксплуатацияға дайындалады. Қажетінше қоймаға және камераларға жөндеу жүргізеді. 
Камералар жақсы желдетіледі, кептіріліп және күкіртті ангидридпен, формалинмен немесе 
оксидифенолятты натриймен (препарат Ф-5) дезинфекцияланады. Күкіртті ангидридтің 
мөлшері шамамен 80-100гр. 1м
3
арнайы баллоны бар камераға немесе күкірттің жану 
жолымен (40-50 гр S 1м
3
) енгізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет