пен тәуліктен бір айға, кейде одан көпке созылады. Осы кезде дәнге әртүрлі құрт-құмырсқа
және кенелер зиян келтіруі ықтимал. Ауа райы қолайсыз болса дән дымқылданып, өніп
кетеді де нешетүрлі шыбын-шіркей тәрізді жәндіктердің өсіп мекендей бастап, астықтың
өздігінен қызуына әкеп соғады.
Жаңа жиналған астықтың бұзылуының тағы бір себебі өткен жылдың сабан-топан
секілді қалдықтарынан тазартылмаған қырманға не егістік алаңшаларына қабылданып
түскендігінен де болуы мүмкін. Мұндай дәнге мұқият қарап, тиісті күтім жасамаса, ол
дымқылданып ылғалдығы артып өздігінен қызуға шалдығады, бұл құбылыс жаңа орылған
астықта өте тез өрбіп кетеді. Ал дәнді қызған күйінде астық қабылдау кәсіпорындарына
әкеп өткізуге болмайды.
Дәннің сақталуға төзімділігі деп аталатын қасиетті, күй-жайы мен сапасы және оны
тиімді пайдалану астықтың орып-жинап ала салғаннан кейінгі жағдайларға көп
байланысты. Астық қабылдау кәсіпорындарына сапасыз, стандартқа сай емес дәнді өткізген
шаруашылықтың кіріс табысы азаяды. Себебі астықты тазалау және кептіру үшін
жұмсалған қаржы солардан өтеледі. Астықтың жалпы саны, жиымы кемітіледі.
Қабылданған сапасыз астықты жедел түрде тазалауды ұйымдастыруды қамтамассыз ету
қажет. Сапасыз дән жиымын бөлек жеке дара орналастыру шараларын қолданып оған
қосымша қойма қарастыруға тура келеді. Егер бұл шарттар орындалмаса, не уақытынан кеш
қолданылса дәннің сапасы күрт төмендейді.
Достарыңызбен бөлісу: