Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі


Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің құрамы және оған әсер етуші факторлар



Pdf көрінісі
бет22/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   143
Байланысты:
СӨЖ (2022-2023)

 
Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің құрамы және оған әсер етуші факторлар 
 
Бұларға әсер беретін факторлардың қатарына мыналар жатады: 
- табиғи-климаттық жағдай; 
- дән және тұқымның сорттық өзгешеліктері; 
- астық өнімін ору және оны тасымалдау жагдайлары
- бастапқы кездегі астықты сақтау жағдайы. 
Табиғи-климаттық жағдай дән-дақылдардың өсіп дамуына, дәндерінің химиялық 
құрамына, олардың сандық мөлшеріне көп әсер береді. 
Жаңбыры көп болатын ылғалды жерде дақылдың өнімділігі жоғары болады да, бірақ азот 
мөлшері аз жиналып дәннің белоктық шамасы төмен келеді. 
Астық дақылының өнімі пісіп келе жаткан кезде ауаның ыстығы 35°-40°С шама кезінде дән 
құрғап кетеді, керекті пластмасса түріндегі заттардың қозғалысы тоқтап қалады. Ол 
толығымен пісіп жетілмейді. Егін даласынан келіп түскен астық массасының құрамында 
өлшемі, салмағы, калпы. химиялык құрамы, биологиялық өзгешеліктері бар әр түрлі 
дәндерден құралады. Осының көп өзгешелікте болуы табиғи-климаттық жағдайда көбірек 
байланысты болады. 
Дән мен тұқымның сорттық өзгешеліктері оның сақталуына көп әсер береді. Сортты 
технологиялық талап бойынша жеке түсіріп, өңдеп, сақтауға қамбаларға, қораптарға, 
силостарға қоспай жайғастырады. 
Дақылдардың сорттарына байланысты оның химиялық құрамы, оған байланысты барлық 
қасиеттерінде өзгерістері болады. Сондықтан ұндык. нандық, жалпы айтқанда 
технологиялық көрсеткіштерінде көп өзгешеліктері болады. 
Әрбір агроном-технолог егіс алқабынан жинап алатын, қоймаға салатын болашақ 
өнімі жөнінде, әсіресе оның сапасы жөнінде алдын-ала білгені дұрыс. Ол үшін ең алдымен 
\, ол өнімге, оның сапасына әсер етуші факторларды білу қажет (1-кесте).
1-кесте. Өнім сапасына әсер етуші негізгі ф а к т о р л а р 
Рет. 
№ 
Өнім өндіру кезеңдері 
Әрбір кезеңнің өнім сапасына әсер етуші факторлары 


1.
Тұқымдық материал 
Тұқымның түрі, сорты, репродукциясы, сорттық ерекшелігі, 
сорттық тазалығы, стандарт бойынша класы, тұқымды себуге 
дайындау жұмыстары, т.б. 
2.
Егін өсіру жағдайы 
Топырақ құнарлылығы, климаттық жағдайы, егіс алқабының 
теңіз бетінен орналасу биіктігі, топырақты өңдеу, дәнді себу мерзімі, 
себу тереңдігі, тыңайтқыш беру, суғару, зиянкестермен, аурулармен, 
арамшөптермен күресу, өсіп жетілу кезеңіндегі метеорологиялық 
жағдай. 
3.
Бастыру жағдайы 
Егінді жинау әдісі, мерзімі, дәннің пісу фазасы 
шаруашылықтың техникамен жабдықталы деңгейі, бастыру 
техникасының жұмыс істеу режимі, ауа райы 
4.
Тасымалдау жағдайы 
Тасымалдау әдісі, тасымалдаушы техниканың жеткіліктіліг 
және оның техникалық – санитарлық жағдайы, егіс алқабы мен 
қырманның арақашықтығы, тасымалдаудың мерзімділігі, ауа райы
5.
Алғашқы өңдеу 
Қажетті техникамен жабдықталуы, техниканың жұмыс істеу 
режимі, өңдеудің уақытылылығы және топырақтылығы, ауа райы. 
6.
Сақтау 
Қойма түрі, қойманы сақтауға дайындау жұмыстары, 
қойманың механикаландыру деңгейі, сақтау тәсілі, тәртібі, өнімді 
орналастыру, сақтау барысында бақылауды ұйымдастыру, тиісті 
шараларды дер кезінде қолдану, сақтау мерзімі. 
7.
Маман кадрлар (барлық кезең 
бойынша) 
Өнім өндіруші- өңдеуші-сақтаушы маманның (Агроном) 
техниканы, технологияны және өндіріс экономикасын меңгеру 
дәрежесі.
Кестеде келтірілген 7 фактордың арасында маңыздылығы жөнінен төмен тұрған 
фактор жоқ. Керісінше, әрбір фактор бір-бірімен тығыз байланыста. Мысалы, бірінші 
фактор- тұқымдық материал. Болашақ өнімнің сапасы тұқымдық материалға байланысты 
екендігі белгілі. Халықта «Не ексең-соны орасың» деген мақал бар. Бұл дегеніміз- тек 
өнімнің көлемін емес, сонымен қатар, оның сапасын да қалыптастыратын тұқым деген сөз. 
Сол себепті, ірі шаруашылықтарда арнайы тұқым дайындайтын агрономдар болады. 
Олардың негізгі міндеті – сол шаруашылықтың топырақ-климаттық жағдайына қолайлы, 
мол әрі сапалы өнім беретін тұқымдық материалмен қамтамасыз ету.
Негізгі факторлардың бірі – өсіру –егу жағдайы. Астық өнімділігі көп жағдайда ауа 
райына байланысты десек те, тәжірибесі мол, білімді мамандар жыл қолайсыздығына 
қарамай жекелеген дақылдардан жоғары әрі сапалы өнім алуда. Оған мысалды көптеп 
келтіруге болады. Ең бастысы, табиғаттың қолайсыз жағдайларына дер кезінде төтеп беріп, 
егілген дақылға қолайлы жағдай жасау. Ол үшін сол дақыл туралы, оның агротехникасы 
жөнінде көп білу қажет.
Ал, жинау жағдайына келетін болсақ, бұл жерде дәннің пісіп жетілу деңгейі, жинау 
техникасы тетіктерінің дұрыс реттелуі қоймаға сапасы қандай астық келетініне себеп 
болады.Кейбір шаруашылықтарда аз уақыт ішінде көлемі үлкен жердің астығын бастыруға 
тура келеді. Бұл жерде астықты жауын-шашын астында қалдырмай дер кезінде жинап алу 
басты міндет.
Өнім сапасы көп жағдайда, сақтау барысында төмендейді. Себебі жаңа жиналған 
астықтың құрамында ылғалдың мөлшері көп әрі олар қоспадан толық тазаланбаған. 
Сонымен қатар, мұндай астықта микроорганизмдер қарқында түрде көбейеді. Сол себепті 
астықта өздігінен қызу процесі жиі жүреді. Қоймадағы астықты бақылап, қажетті 
шараларды дер кезінде қолданып отырған орынды. 
Барлық аталған факторлардың ішінде ең негізгі фактор – маман кадрлар. Жоғарыда 
аталған жұмыстардың барлығын іске асыратын маман болғандықтан олардың білім деңгейі, 
тәжірибесі көп рөл атқарады.
Кез келген өнімнің құрамы негізгі өніммен қатар, басқа да заттардан тұратыны белгілі. 
Бұл қосалқы заттардың түрі мен мөлшері астық массасында ерекше. Өнім құрамындағы 
заттар көп жағдайда, оның бұзылуына, қасиеттерінің төмендеуіне әкеліп соқтырады. Қазіргі 
уақытта ауылшаруашылық өнімдерін сақтау технологиясының басты бағыты өнімнің 
құрамындағы компоненттерді зерттеп, оны меңгере білу. Астық массасы, немесе партия 
астық келесідей негізгі компоненттерден тұрады: 


1.Негізгі дақыл дәндері (тұқымдары): 
- Толық пісіп жетілген дәндер; 
- Пайдалануға жарамды дәндер; 
- Сынған дәндер (егер дән жартысынан көп бөлігін сақтаса); 
- Өңдеу барысында өнім сапасын түсірмейтін мәдени дақыл дәндері. 
2. Қоспалар (органикалық және минералдық): 
- Негізгі дақылдың жарамсыз дәндері (езілген, сынған, күйген, үсіген, зиянкестермен 
зақымданған, толық пісіп жетілмеген); 
- Мәдени дақыл дәндері (егер өңделген өнім сапасын төмендететін болса); 
- Арам шөп дәндері, сабан, жапырақ, олардың қалдықтары; 
- Органикалық қалдықтар, шірінділер; 
- Минералдық қоспалар (шаң, тозаң, тас, кесек, қиыршық, құм, т.б.); 
- Металл қоспалары (сынған, үгітілген, темір жаңқалары, бөлшектері). 
1. 
Микроорганизмдер (бактериялар,саңырауқұлақтар және т.б); 
2. 
Зиянкестер (жәндіктер мен кенелер). 
3. 
Дән аралық кеңістік – ау (қуыс). 
Астық құрамында бұл компоненттердің біркелкі болмауы, олармен жұмыс істегенде 
(тиеп-түсіргенде, тазалағанда, кептіргенде, басқа да өңдеу жұмыстарын жүргізгенде) көп 
қиындық туғызады, сақтау мерзімін қысқартып, астықтың ішкі қабатында әр түрлі 
құбылыстардың жүруіне әкеліп соқтырады.
Микроорганизмдер астық құрамында міндетті түрде болатын негізгі компонентің бірі. 
Олар астық құрамына топырақтан өтеді және сол топырақтың құнарлылығына байланысты 
болады. Астықтың сақтау кезінде қызып кетуіне, әр түрлі иістердің пайда болуына бірден 
бір септігін тигізеді.
Құрамдас компоненттердің бірі – жәндітер мен кенелер. Әрине, аталған компонент 
барлық астықта болмайды, ол көбінесе дұрыс күтілмеген, уақытылы бақылау жүргізіліп, 
қажетті шара дер кезінде қолданылмаған астықта кездеседі. Зиянкестер денесіндегі 
ылғалдың мөлшері 40-70 пайыз (кенелерде одан да жоғары) аралығында болатындықтан 
олар астықтың ылғалданып, қызып кетуіне себебін тигізеді. Сонымен қатар, жәндіктер 
өнімнің көп мөлшерін жеп қояды, бүлдіреді. Кенелермен зақымданған астықта ең алдымен, 
тұқымдық қасиет төмендеп, сонан соң басқа да мақсатқа пайдалануға жарамсыз болып 
қалады. Өте қатты зақымданған астық малдың ішкі құрылысын улайды.
Астық массасының бесінші компоненті – дән аралық қуыс немесе ауа. Бұл компонент 
дәннің ірілігіне, біркелкілігне, құрамындағы қоспаларға байланысты әр түрлі болады. Оның 
мөлшері неғұрлым жоғары болған сайын тыныс алу (ауа алмасу) процессі дұрыс жүріп, 
өнімнің сақталу мерзімі артады. Астықтың соңғы үш компоненті туралы мәлімет 
толығырақ арнайы тақырыптарда қарастырылған. 
Астық өнімдерінің сақтаудағы айтарлықтай қиындығы оларға микроорганизмдер мен 
жәндіктер /насекомдар/ әлемінің ықпалынан туындайды және өнімдердің сапасы төмендеп, 
массасының шығыны артады. Сақтау нашар ұйымдастырылғанда кеміргішер /егеуқұйрық, 
тышқан/ мен құстар да астық өнімдерінің ластануы мен шығынына ұрындырады. 
Сақтау 
кезінде ұн мен жармалар тұтыну қасиеттерін өзгертеді. Сонымен, сақтаудағы өнімдердің табиғаты мен мүмкін 
шығындарды ескере отырып, оларды биотикалық орта факторларының белсенді әсерінен қорғау, әрі дән
жасушаларындағы қарқынды зат алмасуды тежейтін жағдайлар жасау қажеттігі туындайды. Бұл міндетті 
ойдағыдай шешу үшін астық өнімдерін сақтауға қойғанға дейін тиісті дайындау тәсілдерін қолдана отырып, 
белгілі бір сақтау жағдайларымен қамамасыз еткен абзал. Дүниежүзілік шаруашылықта сақтаудағы астық 
өнімдерінің сандық және сапалық шығындары әлі ұшан-теңіз. Жыл сайын жиналған өнімнің 8-10 пайызы 
тұтынушыға жетпейді. Астықты жинағаннан кейінгі өңдеу мен сақтаудың ғылыми негізделген ережелерін 
сақтау бақылауды тыңғылықты ұйымдастыру, әрі оны ұқыптылықпен қарау, сақтау кезеңінде астық 
шығындарын болдырмаудың қажетті шарттары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет