жапырақтарға ойылған үлкен дақтар түседі. Кене түскен жапырақтарды киіз сияқты түк
басады. Бастапқы кезде дақтардың түсі сарғылт болады. Бүршіктің түсі жапырақтан
оншалықты өзгеше болмайды. Біраз уақыт өткеннен кейін жарылған дақтар сарғайып,
коңыр тартады. Көп жағдайларда кене тез көбейеді. Жапырақтар бұзылып тесіледі. Жүзмдік
бұталары семе бастайды, жапырақтары түседі, өнім мейлінше кемиді, жүзім кішкентай
болып шығады, талдарының өсуі тоқтайды,
Күрес шаралары. 1. Қыс қарсаңында жүзім шоқтарын кескеннен кейін кесілген
шыбықтарды жүзімдіктерден шығару керек, сонымен бірге жапырақтар тырмаланып
жойылады.
2. Күзде жүзім шыбықтарын көмер алдында немесе көктемде ерте жүзім
шыбықтарының бүршіктенуі алдында 5 г әк күкіртті қайнатып, шыбықтарға шашу керек.
3. Зиянды жәндік өте көп түскен бұталарға ұнтақталған күкіртті тозаңдатып шашу
немесе 0,5 г күкірт қайнатып бүрку керек.
4. Көктемде жүзімнің бұталарын және жазда бұталарды тазартып кескеннен кейін
оның қалдықтары жиналуға тиіс. Жүзімдікті көктей өңдеген кезде зиянды жәндіктер түскен
бұтақшаларды барлығын кесіп, жоюқажет.
Достарыңызбен бөлісу: