Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет40/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   143
Байланысты:
СӨЖ (2022-2023)

Ерте пісетін ВИР – 
Орта Азияның ВИР станциясында А.М.Негруль мен 
М.С.Журавельдің Чауша мен Қара мейізді будандастыру арқылы шығарылған. Гүлі қос 
жынысты. Шоқ жемісі айтарлықтай ірі, цилиндр тәріздес, тығыздығы орташа. Жидегі ірі, 
дөңгелек, ақшыл жасыл түсті. Еті балғын, еріп тұрады. Дәмі ұнамды, түйірлі. Пісу мерзімі- 
Шымкентте тамыз айының ортасы., Жамбылда осы айдың аяғында піседі. Ерте пісетін 
ВИР-дің түбі орташа өседі. Вегетация барысындағы активті температуралар жиынтығы 
2900
0
С жуық. Бұл сорт Оңтүстік Қазақстан облысының негізгі жүзім аймақтарында 
аудандастырылған.
Венгер мускаты (Мускат венгерский) 
– хош иісі бар асханалық және шарптық сорт. 
Оңтүстік Қазақстанда кеңінен таралған. Жергілікті жерде асханалық жүзім ретінде және 
десертті шарап жасауда пайдаланылады. Гүлі қос жынысты. Жапырағы табақша тәріздес, 
тор көзді әжімдес болып келеді. Шоқ жемісі конус тәріздес, тығыздығы орташа. Жүзім 
бұтағы жақсы өседі Суыққа төзімділігі нашар. Шоқ жемісінің орташа салмағы 140-
150грамм. Жемісі дөңгелек, көгілдір сары. Етінен мускат хош иісі аңқып тұрады, қантты 
тез жинайды. Вегетация кезеңі 139 күнге созылады, активті температуралар жиынтығы 
3100
0
С жуық. Пісу мерзімі-оңтүстікте қыркүйек айының ортасында, Қызылорда 
облысының оңтүстігінде, Жамбыл мен Түлкібас ауданында қыркүйек айының аяғында 
піседі. Жүзім пісер кезінде суармаған дұрыс, себебі жүзімдері шытынап, жарылып, шіріп 
кетеді. Бұл сұрыпты тасуға, сақтауға жарамдылығы төмен. Негізінен жергілікті жердің 
өзінде пайдаланылады.Венгер мускатының түбінің өсуі күші орташа. Қазақстанның 
оңтүстігіндегі жүзімді аймақтардың бәрінде аудандастырылған.
Өзбекстан мускаты
– жоғары сапалы, тасымалдауға қолайлы, мускаттық хош иісі 
бар, асханалық сорт. Бұл сорт ВИР-дің Орта Азия тәжірибе станциясында Катта-Курган мен 
Александр мускатын будандастыру арқылы шығарылған. Сорттың авторлары-
А.М.Негруль, М.С.Журавель мен М.А.Тупиков. Гүлі қос жынысты. Жүзім түбі күшті өседі. 


Өнімділігі жоғары. Шоқ жемісі ірі, жұмыртқа тәріздес, етті, мускаттың хош иісі аңқып 
тұрады. Пісу мерзімі –қыркүйек айының орта кезеңі. Қазақстанның оңтүстігінде және 
Алматы обылысының жүзімді аймақтарының бәрінде аудандастырылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет