4. Стекательдерден өздігінен аққан жүзім шырынын алу;
5. Стекательдерде қалған жүзімді езу;
6. Алынған шырынды ашытуға жіберу (24-32ºс температурада);
7.
Фильтрлеу;
8. Купаждау;
9. Дем алу;
10. Фильтрлеу;
11. Шөлмектерге құю:
12. Орап түю.
Шарапты дем алдыру кезінде шарапты тұнба түзілмес, ақуызды қоймалжың, сары тастар
түзілмеу үшін шарапты үнемі бақылап тұру қажет. Сол тұнбаларды жою үшін немесе алдын
алу үшін бентонитпен өңдейді және күкірт альдегидін қосады. Сақтау температурасын, ашу
және фильтрлеу температурасын қадағалап отыру керек. Фильтрлеуден кейін шарап үлгісін
зертханалық тексеруге жіберіледі.
СӨЖ№23-24
Жүзім шыбықтарының зиянды жәндіктері мен аурулары
Шоғыр жапырақорағышы. Шоғыр жапырақорағыш оңтүстіктің
барлық
аудандарында жүзімдердің негізгі зиянды жәндігі.
Оның көбелегінің жалпы түсі қызғылт қоңыр, алдыңғы қанаттарының түсі
қоңыр
және қара көкшіл дақты болады, жылтыр жолақты келеді. Артқы қанаттары бір түстес
сұрғылт болады, жылтыр жолақты келеді. Қөбелектің жалпы денесі қанатын жайғанда 14—
15 мм болады. Құрттарының түсі қоңыр жасыл немесе сарғылт болады.
Басы жылтыр
келеді. Денесінде және басында түктері болады. Ересек қоңыздың ұзындығы 8—10 мм.
Личинкасының түсі жылтыр қоңыр қызғылт, кұйрық жағында тікенек сияқты қылы болады.
Үзындығы 6—7 мм.
Ташкенттің оңтүстігінде жапырақорағыш төрт рет, Шымкент аудандарында үш рет
ұрық салып өседі.