АСТЫҚ пен ТҰҚЫМДЫ АСТЫҚ КЕПТІРГІШТЕРДЕ КЕПТІРУ. Астық пен тұқымды
астық кептіргіштерде жылу арқылы кептіру негізгі барынша жоғары өнімді тәсіл. Астық
пен тұқымды кептіруді тиімді ұйымдастыру үшін төмендегідей негізгі қағидаларды білген
және ескерген жөн:
- қыздыру
температурасының рұқсат етілген шекті мөлшері
қарастырылып отырған астық немесе тұқым тобын қандай температураға дейін
қыздыру қажет. Бұл көрсеткіш дақылға, оның пайдалану бағытына, бастапқы
ылғалдылыққа /кептіруге дейінгі/ байланысты өзгереді;
- астық кептіргіш камерасына енгізілетін кептіру агентінің оңтайлы
температурасы. Негізгі кептіру агенті жағылатын газ бен ауаның қоспасы;
- астық пен тұқымды әртүрлі конструкциялы астық кептіргіштерде
кептірудің ерекшеліктері.
Арнайы жылуды қолданып кептіру тәсілі «кептіру агенті» болып табылатын ауа
температурасын жоғарылату арқылы оның жылу сыйымдылық қасиетін арттыруға
негізделген. Осы мақсатта шаруашылықтарда әр түрлі астық кептіргіштер қолданылады.
Астық кептіргіштердің төмендегідей үш түрі бар, олардың кейбірінің сипаттамалары
кестеде көрсетілген.
Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығында астық кептіргіштердің негізінен үш типі –
шахталық өнімділігі сағатына 8-16 т, барабанды сағатына 4-8 т рециркуляциялық өнімділігі
сағатына 30-100 т кептіру –қолданыс тапқан.
• Шахталы, кептіру мүмкіндігі 8-16 т/сағ;
• Барабанды, кептіру мүмкіндігі 4-8 т/сағ;
• Еденді, кептіру мүмкіндігі 15-30 т/сағ.
Негізгі астық кептіргіштердің техникалық сипаттамалары
Көрсеткіштер
Шахталы
Барабанды
СЗШ-16
СЗШ-
16М
СЗШ-8
СЗШ-8П
СЗСБ-8
СЗСБ-4
Кептіру мүмкіндігі,
т/сағ 16,0
16,0
8,0
8,0
8,0
4,0
Қуаттылығы, Вт 78,2
80,4
29,2
38,3
31,2
28,8
Отын шығыны,
кг/сағ 150
150
96
65
65
35
Салмағы, кг 12500
14500
9200
10600
9000
7540
Ұзындығы, мм Ені, мм Биіктігі, мм 10500
11100
12500
13000
11700
10950
9850
8200
9935
7660
2700
3900
10260
7070
8300
10775
8075
6930
Кептіргіш шахталарының конструкциялық ерекшеліктері бойынша шахтылы,
пәрменді қыздыру құрылымы бар рециркуляциялық /пневмотрубалар, тежегіш элементтері
бар камералар/, барабанды, камералы т.б. кептіргіштерді ажыратады.