Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі


Астықты өңдеу кәсіпорындарына жөнелту



Pdf көрінісі
бет67/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   143
Байланысты:
СӨЖ (2022-2023)

Астықты өңдеу кәсіпорындарына жөнелту 
Астықты ұн тартатын, жарма жасайтын және жем дайындайтын зауыттарға жөнелту 
жұмыстары көлікке тиеумен салыстырғанда аз уақыт алады. Осы жағдайда бұл жұмыс 
өңдеу кәсіпорындарының тәуліктік еңбек өнімділігіне тең. 
Алғашында өндірістік элеваторлардан өндірістік кәсіпорындарына астық жөнелту 
үшін астық өзінен өзі сусып ағатын құбыр салу көзделген еді. Алайда мұндай құбырды 
орнатудың көп қиындыққа түспейтініне қарамастан кейбір кемшіліктер бар: 
- астық өзінен өзі сусып ағатын құбыр тез тозады және оның биікте тұрып жөнделуі 
қиын. 
- астық пен қоршаған орта температуралары арасындағы айырмашылық салдарынан 
өздігінен ағатын құбырдың ішкі қабырғасын шаң тозаң тез тұтып қалады да, «шығын» деп 
аталатын кедергі пайда болады. 
Типтік үлгідегі өндірістік элеваторларда астық өңдеу кәсіпорындарына таспалы 
конвейерлер арқылы таразыдан немесе қораптарінен тікелей жөнелтіледі. Тиеу қораптарін 
элеватордың өндірістік ғимаратының ішіне, сепараторлар үстіндегі қораптармен бір 
деңгейлес етіп орнатады. Өңдеу кәсіпорнының дайындау бөлімінде сыйымдылығы 
жеткілікті қораптар бар болған жағдайда элеваторлардан астықты тікелей таразыдан 
жөнелтеді. Мұндай жағдайда конвейердің еңбек өнімділігі силос үстіндегі конвейердікімен 
бірдей болуы қажет. 
Бақылау сұрақтары: 
1. Жүк көлігінен астықты қабылдау қондырғыларының қандай түрлері бар? 
2. Қабылдау қондырғыларының оперативті жұмысына қандай факторлар әсер етеді? 
3. Вагондардан астықты қабылдау қондырғылары қандай түрге бөлінеді? 
4. Астықты автомобиль жол көлігіне тиеу қалай жүргізіледі?
5. Астықты темір жол көлігіне тиеу жұмыстары қалай жүргізіледі? 
6. Су көлігіне тиеу құрылғысының ұтымдылығы мен еңбек өнімділігінің 
жоғарылығына қарамастан қандай кемшіліктері бар? 
Астық өзінен өзі сусып ағатын құбыр салудың кемшілігі неде? 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет