Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі


СӨЖ№39-40   «Целинная -20» астық кептіргішінің құрылысы және жұмыс істеу қағидасы



Pdf көрінісі
бет73/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   143
СӨЖ№39-40 
 «Целинная -20» астық кептіргішінің құрылысы және жұмыс істеу қағидасы 
 
«Целинная -20» агрегаты қайталап айналдырылатын астықты аса биікке көтермейтін 
газдық қайта айдағыш астық кептіргіш болып саналады (1-сурет).
Қазақ астық ғылыми-зерттеу институтында Ақмола облыстық астық өнімдері 
басқармасының қызметкерлерімен бірігіп жүргізген зерттеулері және алынған деректер 
қыздыру камералары кезектесіп жылу-масса алмастырылып және салқындатқыш 
шахталарымен кезектесіп тік орналаспай, қосарлана қатар (паралллель) орналастыруға 
болады деген тұжырымдамаға келуге, әрі мүмкіндік берді. Мұндай сұлбада агрегаттың 
биіктігі 20-35 % қысқарады, құралымның берік элементтері, астық кептіргішті жинау және 
пайдалану жеңілдейді. 
Сонымен бірге жылу-масса алмастырушыны жеке тірекке орналастыпу, астықты 
аралық және толығымен салқындату камерасы ретінде салқындатқыштың кез келген 
құралымын, оның ішінде жылжымалы астық кептіргіштерді оттығымен, желдеткіш және 
тасымалдағыш жабдықтарымен қоса пайдалану оңайға түседі. Мұндайда астық кептіруде 
изотермиялық үрдістерді іске асыру мақсатында аралық салқындатқыш камераға 
жылжытылған атмосфералық ауаны беру мәселесі оңай шешіледі.
Қыздыру камерасын астықты тазалау үшін аспирациялық баған ретінде қолдану 
мәселесі де бірге шешіледі. Тазалау тиімділігі орта есеппен 50 %- жететіндіктен астықты 
алдын-ала тазартпай-ақ құрғатуға болады. Кептіру осының барлығы ЗСПЖ-8 астық 
кептіргішінің екі агрегатының негізінде қайта айналатын астықты аса жоғары көтермейтін 
газдық қайта айналдыратын астық кептіргіштің өндірістік түртегінің жасауға мүмкіндік 
берді. 
1-сурет. «Целинная -20» астық кептіргіші 
1-жедел шанақ; 2-қыздыру камерасы; 3- қыздыру камерасының шанағы; 4- жылу масса 
алмастырушы; 5- аралық салқындатқыш шахтасы; 6-толық салқындататын шахта; 7- 
қыздыру камерасының желдеткіші; 8- қыздыру камерасының тежегіш элементтері; 9- 
жетексіз тиегіш қондырғы; 10,11- қайта айдағыш шахталар мен толық салқындатқыш 
шахталардың шығарушы механизмдері; 12-су астықтың шанағы; 13- қалдықтардың 
шанағы; 14,15- қайта айдағыш НЦТ-100 қуысы (нория); 16-ЦОЛ 9 циклондары; 17-оттық; 
18- құрғату агентінің ауа әкегіш өткізгіші; 19- құрғату агентінің пайдаланған газын алып 
кетуші өткізгіші; 20- сақтық қақпақ. 
ЗСПЖ -8 –дің екі агрегатының негізіндегі «Целинная-20» газдың қайта айдағыш астық 
кептіргіші (14) және (15) екі НЦТ-100 қуысы қыздыру камерасы (20), су астық шанағы (12), 
қалдықтар шанағы (13), СТД-57 (7) және (8) желдеткіштері және ЦОЛ-9 циклоны (16) 


орналасқан металды екі мұнарадан тұрады. Мұнараның қасында жылу-масса алмастырғыш 
(4) қондырылады да оның астында ЗСПЖ-8-дің екі агрегаты орналастырылады. 
Бір агрегаты аралық салқындатқыш (5) шахтасы, екіншісі толық салқындатқыш 6 
шахтасы ретінде пайдаланылады. Әр агрегаттың астына қайта айналатын және кептірілген 
астықты алып кететін транспортер орналастырылады. 
Құрғату агенті ЗСПЖ-8-дің оттығынан екі ауа тасымалдағыштың көмегімен қыздыру 
камерасына беріледі.
Агрегат мынандай технологиялық сұлбамен жұмыс істейді (2-сурет). Астық су астық 
шанағынан (12), қайта айналатын астық баратын қуысқа (14) келіп түседі. Қуыс (14) астық 
қоспаларын тиегіш шанаққа (3) және одан әрі қыздыру камерасына (2) жылжытады, қызған 
астық қуыспен (25) жылу алмастырғышқа жібереді, одан астық үлестіргіш құрылығы 
арқылы біркелкі жылытып отырып аралық (5) және толық (6) салқындататын шахталарға 
барып түседі.
Астық массасын белсенді желдетудің орындылығын анықтау үшін арналған 
планшетка (температура 0
0
С жоғары болғанда) 
«Целинная-20» астық кептіргіш бір мезгілде бастапқы ылғалдылығы әр түрлі астықты 
келтіруге мүмкіндік береді және бір рет кептіргенде астықты белгіленген сапасына келтіре 
алады. 
Астық кептіруге газдық рециркуляциялық астық кептіргіштерге температуралық 
ережелерді дұрыс қолданғанда дән уызының мөлшері мен сапасы толық сақталады, 
астықтың төлемдік массасы артады. Астықтың тұқымдық және технологиялық қасиеттері 
сақталып қана қоймай көптеген жағдайларда жақсара түседі. Газдық рециркуляциялық 
астық кептіргіштерді пайдаланудың тиімділігі олардың жұмыс ережелерін таңдап алуға 
байланысты. Жұмыс ережелерінің анықтауышы көрсеткіштеріне кептіру агентінің және 
астықтың қызу температуралары жатады.
Қазақстанның 
бұрынғы 
астық 
ғылыми-зерттеу 
институтында, 
газдық 
рециркуляциялық астық кептіргіштердің тиімді жұмыс ережелерін негіздеуге бағытталған 


зерттеулер жүргізілді және негізгі астық дақылдары үшін оның ұсыныстары 1-2 кестелерде 
келтірілген.
1- кесте. «Целинная» астық кептіргіштерінде тұқымдық астық кептіру ережелері 
Дақылдар 
Астықтың 
ең 
жоғарғы 
ылғалдылығы, % 
Астықты қыздырудың шекті 
температурасы 
0
С 
Кептіру 
агентінің 
температурасы, 
0
С 
Бидай 
20-ға дейін 
26-ға дейін 
26-дан 30-ға дейін 
50 
45 
40 
300 
250 
220 
Тары 
20-ға дейін 
> 20 
45 
40 
280 
250 
Арпа, қара бидай 
20-ға дейін 
> 20 
50 
45 
320 
280 
2-кесте. Азық-түліктік астықтың кептіру ережелері 
 
Дән уызының 
сипаттамасы 
ИДК аспабының 
көрсетуі, шартты 
бірліктермен 
Астық тобының ең 
жоғарғы ылғалдылығы, 

Астықты қыздырудың 
шекті температурасы,
0
С 
Кептіру агентінің 
температурасы, 
0
С 
Берік (мықты) 
0-40 
20-ға дейін 
> 20 
50 
45 
300 
250 
Жақсы 
45-75 
20-ға дейін 
> 20 
60 
55 
350 
330 
Әлсіз 
80-120 
20-ға дейін 
> 20 
65 
60 
370 
350 
Қуатты (жоғарғы класты) бидай 
Жақсы 
45-75 
20-ға 
55 
330 
Кептіру процесін қарқынды жүргізу мақсатымен астықтың шекті қыздыру 
температурасын пайдаланған жөн. Газдық рециркуляциялық астық кептіргіштерде бір 
мезгілде әр түрлі ылғалдылықтағы астықты кептіруге болады. Мұндай жағдайда 
кептіргіштердегі температура ережесі астық тобының ең жоғарғы ылғалдысына 
сәйкестендіріледі. Бір ескертетін жәй, астықтың табиғи қасиеттерін сақтап қана қоймайды, 
сонымен бірге кептіру кезінде оларды жақсартады да. 
Кептіру агентінің температурасы кептіру процесінде айтарлықтай кең көлемде -  % 
шамасында өзгереді. Кептіру агентінің температурасы агрегаттың конструкциялық 
ерекшеліктеріне, термоизоляция сапасына, атмосфералық ауа температурасына 
байланысты, сондықтан осыларды ескере отырып, астықтың қыздыру температурасын 
шекті деңгейде ұстаған дұрыс. 
Ылғалдылық неғұрлым жоғары болса, соғұрлым дәннің коллоидты бөліктерімен су нашар 
ұсталады және соның нәтижесінде әрбір кг судың булануына тиісінше аз жылу жұмсалады. Осыдан 
астықтың бастапқы ылғалдылығы астық кептіргіштердің өнімділігіне белгілі бір дәрежеде 
әсер 
етеді.
Астық кептіргіштердің жұмыс нәтижелерін салыстырмалы бағалау үшін, жоспарлы 
тонна деп аталатын шартты өнімділік бірлігін қолданады. Мұндай бірлік күшіне 
ылғалдылығы 6 %-ке 20 %-тен 14 %-ке дейін төмендетіліп кептірілген 1 т азық-түліктік 
бидай астығы қабылданған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет